У дыбысы мен әрпі

Мақсаты: У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, үйрету.Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жазу, оқыту, ойын.Көрнекіліктер: текшелер, суреттер, кеспе әріптер, құстардың суреттері (көгершін, бұлбұл, сауысқан)І. Ұйымдастыру.Күндей жылы бол!Алмадай тәтті бол!Доптай көңілді бол!Айнадай жарық бол!Жүзік сияқты әдемі бол!- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақт...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО.Теректі ауданы.Сары-өмір ауылы МКҚК «Өркен»балабақшасы.

Хайырова Саягүл.Сатыбалдиевна.

МКҚК «Өркен» балабақшасы. Ересектер тобы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: У дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: Балаларға өткен материалды естеріне түсіре отырып, У дыбысы мен әрпімен таныстыру. У дыбысы бар сөз ойлап айтуға үйрету. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Балалардың сөйлеу тілін дамыту, тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру.

Билингвизм: Дыбыс-звук. Әріп-буква. Су-вода.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,жаңа білім енгізу.

Көрнекілігі: Суерттер, кеспе әріптер, буындар,текшелер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы





Ізденуші-ұйымдастырушы.











Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, өлең жолдарын оқиды.

«Сен бақытты ұлансың!»

Анаң -күнің,жүрегің

Әкең-өмір тірегің.

Сен-бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

Әжең-асыл ардағың

Атаң-дана қорғаның

Сен-бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

Қайырлы таң, балалар!

-Олай болса, бір-бірімізге, әке, анамызға, ата,әжемізге үнемі қайырымды, мейірімді болуымыз керек. Үлкенді құрметтеу керек.Бүгінгі күніміз сәтті болсын.

Тәрбиеші:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай ай?

-Аптаның қай күні?

Өткен сабақты естеріне түсіру.

Сұрақтар қою.

Конвертке салынған суреттер.

-Мынау не?

-тау-гора.

-ау-сетка.

Бәрінің атауында қандай дыбысты жиі естиміз?

-Ендеше біз бүгін У дыбысымен танысамыз.

-Қане бәріміз У деп айтайық.

У әрпімен таныстыру.

Кеспе әріптермен у әрпі бар сөздерді тақтаға жазу.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Тапсырма: У әрпін орнына қой.

Нал/у/, шаб/у/, та/у/лар, т/у/лар.

У дыбысына байланысты өлең:

Уық деген немене,

Уыз жегің келе ме?

Уыс-уыс уаққа

Ақшаны уат.

Балалар шеңберге жиналып тәрбиешінің соңынан қайталайды.

Анаң -күнің,жүрегің

Әкең-өмір тірегің.

Сен-бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

Әжең-асыл ардағың

Атаң-дана қорғаның

Сен-бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар жыл мезгілін, апта күндерін, ай аттарын естеріне түсіріп қайталайды.

Балалар конверттегі суреттің не екенін айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Суреттердегі бейнелерді атайды.

-Тау.

-Уық.

-Науа, ау, су.

-У дыбысы жиі естіледі.

Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап,

У дыбысын айтады.

Балалар У дыбысына дыбыстық талдау жасайды.

У дыбысына байланысты өлең жаттайды.





Сергіту сәті:

Солға, солға түзу тұр,

Оңға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Р әрпінің жазылу тәртібімен таныстыру.

1.Қолды жазуға дайындау.

2.Ауада жазу.

3.Баспа және жазба түрімен таныстыру.

4.Үзік сызықтарды бастыру.

5.У әрпін жазу жолына жаза білу.

У дыбысына байланысты буындарды айтқызу.

-уа, -ау, -ту, -ну.

Тіл ұстарту жаттығуы:

-уа,-уа,-уа- Таза ауа.

-ау,-ау,-ау, Биік тау.

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын жасайды.

Солға, солға түзу тұр,

Оңға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Балалар мұқият тыңдайды.



Балалар тіл ұстарту жаттығуларын орындайды.

Жетекші-жөндеуші

Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап, сұрақтар қою арқылы бүгін не үйренгендері туралы сұрап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтайды.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, жаңа дыбыс және әріп туралы үлкен мағлұмат алады. Жаңа әріптің жазылуын үйренеді.

Сөздерден сөйлем құрайды.

Күтілетін нәтиже:

1.Білуі: Жаңа әріптің таңбалануын біледі.

2.Меңгеруі: Жаңа әріп пен дыбысты байланыстырып сөз ойлайды.

3.Жасай алуы: Сауатты жазады.



© 2010-2022