Ашық сабақ математика 6-шы сынып

Сыныбы: 6 Пәні: математика Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Алгебралық өрнектерді түрлендіруді,ықшамдауды пысықтау; 2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Алгебралық өрнектерді түрлендіруді,ықшамдауды пысықтау;

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,карточкалық тапсырмалар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: пысықтау

Байланысы: тарих пәнімен

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,есептер шығару,ой туғызу

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу

ә)олардың көңіл-күйіне,денсаулығына баса назар аудару.

б)топқа бөліп отырғызу

2)Топтардың өзін таныстыруы

Қазақстан тәуелсіздік төрінде,

23 жыл болды егеменді еліме.

Бостандықтың қырандары қалықтап,

Ырыс- дәулет шалқығандай жеріме.

деп бүгінгі сабағымызды тәуелсіздіктің 23-жылдығына арнаймыз.

Сабақ ойын түрінде өтеді.1-кезекте екі топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.2-кезеңде,математикалық лото ойыны ойналады.3-кезеңде капитандар сайысы «Блиц турнир». Әр топтың шығарған есептеріне қарай фишка беріліп отырады.

Ауызша есепте:

42:3=14 48: (-12)=-4

78: (-26)=-3 28: (-7)=-4

45:15=3 (-15)•4=-60

-3•(-8)=24 27•(-2)=-54

Қайталау сұрақтары:

1.Алгебралық өрнек дегеніміз не?

2.a(b+c)=ab+ac көбейтудің қандай қасиеті

3.Айнымалы дегеніміз не?

4.3а- өрнегіндегі коэффициентті көрсет

5.(a•b) •c=a•(b•c)-көбейтудің қандай қасиеті?

6.Алгебралық қосынды дегеніміз не?

1-кезең.Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей.

1)Алгебралық өрнек құрастыр:

А)-0,8m,-0,7n,9k,-q

b)7a,-3c,9в 6,2d

2)Өрнектің мәнін тап:

А)7a- 2b, a=1,b=-2

7- 2•(-2)=3

b)3x - y,x=-1,y=-8

3•(-1)-(-8)=5

3)Өрнектің мәнін тап:

А)cd+5, c=0,3, d=-5

0,3•(-5)+5=3,5

b)7- mn, m=-6,n= 1/2

7-(-6) 1/2 = 10

2-кезең «математикалық лото»ойыны

1.Алгебралық қосындыны ықшамда:

А)-3,7+b-1,3=b-5

2.Жақшаны аш:

7(3a-b)=21a-7b

3.a/ac

4.Бөлшекті қысқарт: 2m/5m

5.2•m•(-3)=-6m

6.25 раушан гүлінен және 21қалампыр гүлінен гүлшоқтары дайындалды.Раушан гүлінен дайындалған гүлшоқтарының әрқасында 5гүлден,ал қалампыр гүлдерінен дайындалған гүлшоқтарының әрқасында 3гүлден.Барлығы неше гүлшоғы дайындалды?

Ш:25:5+21:3=12

1.Алгебралық қосындыны ықшамда:

-6,7-с-3,3=-c-10

2.Жақшаны аш:

8(2а-3)=16a-24

3.3xy/8x = y/8

4.ab/ac =b/c

5.-6•n•(-5)=30n

6.Оқушы 3дәптер және 3альбом сатып алды.Дәптердің бағасы а тг,альбомның бағасы в тг.Оқушы неше теңгеге сауда жасады? a=90,b=150

3-кезең капитандар сайысы Блиц турнир

1.Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгере ма?

2.8а өрнегінде коэффициентті ата?(8)

3.ҚР ресми тілі?(орыс)

4.Жақша алдында «+»таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар қалай өзгереді?(өз таңбалары қалады)

5.2,1с- өрнегіндегі айнымалы қайсы?(с)

6.ҚР БҰҰ құрамына қай жылы мүше болды?(1992)

1.Көбейткіштнрдің орнын ауыстырғанан көбейтінді өзгере ма?

2.ҚР мемлекеттік тілі?(қазақ)

3.7в - өрнегіндегі айнымалы қайсы?(в)

4.Жақша алдында «-» таңбасы болса,жақшаны ашқанда ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қалай өзгереді?(қарама-қарсы таңбаға өзгереді)

5.-12а - өрнегіндегі коэффициентті ата?(-12)

6.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды (1995)

Әр топтың жинаған фишкалары саналып жеңімпаз анықталады.Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма:№731,732 есептер

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын,сырын көруге,

Көкірегіңде болсын кез деп Абай атамыз айтқандай бүгін сабақтағы еңбектеріңіз үшін көп рахмет айта отырып, келесі сабақтарда табыс тілеймін.

© 2010-2022