Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту 3-сынып

Раздел Математика
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту 3-сыныпҮш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту 3-сыныпҮш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту 3-сыныпҮш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту 3-сыныпСабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте


Сыныбы 3-сынып

Күні 11. 04.2015.

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту

Мақсаты

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін амалдар орындауда және есептер шығаруда қолдана білу

Күтілетін нәтижелер

А.үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін амалдар орындауда қолдана алатын болады

В.Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту тәсілдерін пайдаланып амалдар тізбегін орындай алатын болады және

өрнектерді салыстыра алатын болады

С. Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейтуге берілген мысалдағы жоғалған сандары бар өрнектерді қалпына келтіре алатын және есептер шығаруда қолдана білетін болады

Керекті жабдықтар

Оқулық Математика 3-сынып авторы: Т. П.Кучер, Ә.С.Акрамова Г.И.Кукарина,А.Қ.Әділбекова, көрнекі құралдар.

Электронды оқулық, маршруттық карта парағы, бағалау парағы.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу.

Жұптық әңгіме.Бірлескен оқу. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Түсіну дәрежесін бағалау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту 3-сынып

Топқа бөлу

5 мин


Позитивті түрде сабақты бастау
1.Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп ұрайын.

Қасымдағы көршіме Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзіммен

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныңмен

Қолыңды бер қысайын.

- Алақанымыздың жылуын, жүрегіміздің дүрсілін сезіндіңдер ме?

- Ендеше сол жылы жүрекшелер арқылы топқа бөліне қояйық!

(4 топ, 4 оқушыдан)


3.«Жұбыңмен тексер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру, өзара бағалау.


Оқушылар ойын шоғырландырады.

Іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.




  • Иа!!!

4 түсті жүрекшелерді алу арқылы топқа бөлініп отырады.

Жұптар көршілерінің үйден шығарған есептерін тексереді, өзара бағалайды.

№11 (108-бет)

104*4=408 202*3=606

201*2=402 303*3=909

303*2=606 201*3=603

404*2=808

Тұсаукесер










5 мин







Сабақ критерийін құру.

1. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілдерін пайдалана білемін.

2. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейтуге берілген амадар тізбегін орындай аламын.

3. Көбейту кестесін басшылыққа ала отырып, үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген жоғалған сандары бар өрнекті қалпына келтіре аламын.

«Математикалық жұлдызқұрт» ойынымен өткенді еске түсіру, жұлдызқұрт құрастыру.

Мұғаліммен біріге отырып сабақ критерийін құрады.





Топпен өрнектің мәндерін таба отырып, математикалық жұлдызқұрт құрастырады.

1-топ: 51*2=102 212*2=424 402*2=804 4*212=848

2-топ: 5*111=555 502*2=1004

421*2=842 203*2=406

3-топ: 5*21=105 51*2=102

24:12=2 2*311=622

4-топ: 55=11 11*3=33

3*231=693 310*2=620

Негізгі бөлім


30 мин





№1. 110-бет


№3.Амалдарды орындау арқылы жоғалған сандарды табу.


«Алтын балықты аквариум» әдісімен

№4. Салыстыру.

Кеңейтілген тапсырма

«Ағаштағы оқиға»

(қабілетіне қарамастан қолжетімділік идеясымен)

№ 7. 111-бет

Топтарға ұсынылады. Шешімін шапшаң тапқан топ тақтада қорғайды.






Электронды оқулықпен жұмыс.

№10. 109-бет

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені одан 3 есе кем. Осы тіктөртбұрышты сыз, ауданы мен периметрін тап.

Маршруттық картамен жұмыс.

Әр топтан бір баяндамашы тақтаға орындайды.

102 232 412 231

Х 4 х 2 х 2 х 3

408 464 824 693

«Әр оқушы өзін «Басбармақ» әдісімен бағалау.

Оқушылар амалдарды орындап, жоғалған сандарды тауып, желіммен жапсырады.

2м2дм1см 1м3дм2см

Х 3 х 2

6м6дм3см 2м6дм4см

Жануарлардың ішінен алтын балық кімге түседі, сол салыстыруды тақтаға орындайды.

113*3>340 321*3<1000-100

222*4>880 402*2>600+200

Оқушылар топ болып талдап, бәрі де өз ойларын қоса алады.


Топ болып есепті постерге орындайды.

Балалар есеп мазмұнын топта талдайды.

-Есепте не туралы айтылған?

-Есепте не белгілі?

-Есеп не сұрайды?

І топ, ІІІ топ.

Бар еді - 1000тг

Сатып алды - ? 342*2

Қалды - ?

Шешуі: 1) 342*2=684

2) 1000 - 684=316

Жауабы: 316тг қалды.

ІІ топ, IV топ.

Бағасы Саны Құны

Д 25тг ? 125тг

Қ ? сонша 60тг

Шешуі: 1) 125:25=5

2) 60:5= 12

Жауабы: Қарындаш 12тг

Бірдей есеп шығарған топтар бір-бірін бағалайды. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалау.

Электронды оқулықтағы қызықты тапсырмаларды топпен шешеді.

Дұрыс орындаған топ мүшелерін мадақтау арқылы бағалау.

Жұппен жұмыс. Екі жұп ақылдаса отырып орындайды.Әркім өз жұбын «Бағдаршам»арқылы бағалайды.


Оқушылар жеке жұмыстанады. Маршруттық картаның бағалау критерийі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жеке оқушылардың дәптерін тексеріп, бағасы бар смайликтер жапсырып беру

Қорытынды


5 мин




«Пицца пісіру» әдісі арқылы сабақты бекіту.

Мұғалімнің жиынтық бағалауы.

Үйге тапсырма: №11. (111-бет)

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай қиындықтар болды?

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай көбейту 3-сынып

Тақырыпқа қатысты сұрақтарды жазып, басқа топ мүшелеріне жасырады.Басқа топ пиццаны сұраққа жауап беру арқылы ұтып алуы керек.

Бүгінгі табыс крийтериі арқылы бағалау.

Үй тапсырмасын күнделікке белгілейді.

Керібайланыс орнатады. Оқушылар сабақта не ұнады, не қиын болғанын айтады.

Сабақтың өзіндік талдауы

Тізбектеген төрт сабағымның екінші сабағы бірінші сабақтағы «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту» тақырыбын пысықтауға арналған сабақ еді. Мен бұл сабақты балаларға жақсы көңіл-күй туғызу мақсатымен қимыл арқылы психологиялық өлең жолдарымен бастап, алақандарының жылуын бір-біріне сездіру арқылы сенімділіктерін арттыра отырып, түрлі-түсті жүрекшелер арқылы 4 топқа бөлдім. «Жұбыңмен тексер» әдісі арқылы әркім өз жұбының үй тапсырмасын тексеріп, «Бағдаршам» арқылы бағалады. Өткен тақырыпты қайталау үшін балаларға домина бағытымен «Математикалық жұлдызқұрт» құрастыру тапсырылды. Балалар жұлдызқұртты қызығушылықпен құрастырып, желіммен жапсырып, тақтада қорғады. Содан соң жаңа сабақтың крийтерийі мұғалім мен оқушылардың бірлесуі арқылы құрылып, жаңа сабаққа кірістік.

Оқулықтағы №1 тапсырманы әр топтан 1 баяндамашы шығып, тақтаға орындап, өз-өзін «Басбармақ» әдісімен бағалады.Одан соң әр топқа жоғалған сандарды табуға арналған тапсырма берілді.Балалар конвертте берілген сандардың ішінен жоғалған санды тауып, орнына желімдеді.Одан соң тақтаға дәлелдемесін кетіре отырып, баяндады. «Алтын балықты аквариум» әдісімен салыстыруды да балалар сенімді түрде дәлелдеп, шығара алды. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін анықтау үшін қолжетімділік идеясына сүйене отырып «Ағаштағы оқиға» логикалық тапсырмасын орындауды ұсындым. Ол тапсырма бойынша екі ағаштың айналасында кешке таман керім шу басталғанын, ол шу орын ауыстырған құстардың шуы екені айтылған. Бірінші ағаштан екінші ағашқа 6 құс ауысса, екінші ағаштан бірінші ағашқа да сонша құс ауысқан. Енді сол ауысқан құстарды топпен ақылдаса отырып, тауып белгілеу керек. Оқушылар қызығушылықпен қызу жұмысқа кірісіп кетті. Зерттеуге алынған оқушыларымды бақылау кезінде үшеуінің де топпен талқылауға беріле қатысып отырғанын байқадым.Асхат тіпті менің жанына барғанымды байқамағанын сездім. А деңгейлі Муслимнің тобы алғашқы болып орындап, тапсырмаларын тақтаға ілді. С деңгейлі Асхат та өзінің тобының тапсырмасын қорғауға шықты. Алғашқы сөзді бірінші аяқтағанын ескеріп, Муслимге ұсындық. Бірақ Муслим топта белгілеген құстарын анықтап жеткізе алмады, оны Асхат толық түрде жеткізіп, дәлелдемелермен көрсете білді. Асхатқа: «Муслимнің тобының шешімімен келісесің бе?»- деген сұрақ бергенде, ол екінші топтың жұмысын зер сала қарап алып: «Мен Муслимнің тобының жұмысын қарадым. Олар дұрыс белгілеген, бірақ дәлелдемелерін Муслим дұрыс жеткізе алмаған», - деп өз бағасын беріп тастады.

Содан кейін топтарға мазмұнды есепті топта талдап, постерге шығару тапсырылды. Бірдей есеп шығарған топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалады. Электронды оқулықтағы қызықты тапсырмаларды топпен қызығушылықпен шешті. Дұрыс орындаған топ мүшелерін мадақтау арқылы бағалап отырдым. Әсіресе А деңгейлі деп есептеп келген Муслимнің электронды оқулықпен жұмыс істеуге деген құлшынысы мені таң қалдырды. Оқушылар маршруттық картамен жеке жұмыстанды. Оқушылар маршруттық картаның бағалау критерийі арқылы өзін-өзі бағаласа, өзім жеке оқушылардың дәптерін тексеріп, бағасы бар смайликтер жапсырып беріп, мадақтап отырдым.

Сабақты «Пицца пісіру» әдісі арқылы бекіттім. Пісірген пиццаларына әр топ тақырыпқа қатысты сұрақтарды жазып, 4-ке бөледі. Сол сұрақтарды басқа топ мүшелеріне жасырады. Басқа топ мүшелері пиццаны сұраққа жауап беру арқылы ұтып алуы керек. Бүгінгі сабақтағы жетістіктерін әр оқушы өз бағалау парағына табыс крийтериі арқылы бағалады. Ал мен солардан жиынтық бағасын шығардым.

Сабақ соңында кері байланыс орнтып, оқушылар сабақта не ұнады, не қиын болғанын айтты.

Сабақ бойынша өзгертулер



© 2010-2022