Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)Класы: 5 класс

Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ондық бөлшектерді қосу ережелері бойынша есептер шығару, қасиеттерін беру, алған білімдерін тиянақтау, тексеру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Теориялық білімдерін шыңдап, оны есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрісін кеңейту, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, топпен жұмыс жасау бейімдерін қалыртастыру;

Тәрбиелік: Топ ішінде шығармашылық атмосфера қалыптастыруға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, СТО технологиясы

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)

ІІ. Қызығушылықты ояту (5 мин)

III. Мағынаны тану (6 мин)

IV. Ой толғаныс (22 мин)

1. Ақылдасып пішкен тон келте болмас (топпен есеп шығару)

2. Білімді мыңды жығар (топтың атын қорғау)

3. Ойын ойды ұштайды (сергіту сәті)

4. Құпия алаңы (бос тор көздерді толтыру)

V. Сабақты бекіту (Венн диаграммасы) (3 мин)

VI. Сабақты қорытындылау (7 мин)

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу;

  • Сыныпты түгендеу;

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Оқушы назарын сабаққа аудару;

  • Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, олай болса біздің көңіл-күйімізде ерекше көтеріңкі болуы тиіс. Ал, ендеше осындай көңілмен, шабытпен сабағымызды бастайық.

Топқа бөлу

Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: «Білім шыңына» жету. Сол білім шыңына біз топқа бөлініп жетеміз, бірақ мақсатымыз бір болмақ.

(Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Қолдарына берілген сан арқылы әр оқушы өз тобын табады. Әр топты таныстыра отырып, топ басшыларын таныстыру)

I топ «Натурал сан»

II топ «Аралас сан»

III топ «Жай бөлшек»

IV топ «Ондық бөлшек»

IІ. Қызығушылықты ояту

1. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар орындаған жұмыстарын орындарында тақтамен тексерді.

№1263.

Барлық жол - 1

Пойызбен - Ондық бөлшектерді қосу (5 класс) - ін

Автобуспен - Ондық бөлшектерді қосу (5 класс) - ін

Қайықпен - ? қалған жолды жүрді

Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

Т/к: қайықпен қанша бөлігін жүзді

Шешуі: Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

Ондық бөлшектерді қосу (5 класс) (қайықпен жүзді)

Ондық бөлшектерді қосу (5 класс) Ондық бөлшектерді қосу (5 класс) Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

Кему ретімен 0,55; 0,25; 0,2.

ІII. Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Ондық бөлшектерді қосу

1-мысал. 4,2 және 5,47 ондық бөлшектерінің қосындысының мәнін табайық. Қосылғыштардағы үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіреміз.

4,2 = 4,20

4,2 + 5,47 = 4,20 + 5,47 = Ондық бөлшектерді қосу (5 класс) = Ондық бөлшектерді қосу (5 класс) = 9,67 + 4,20

5,47

9,67

Қосылғыштарды баған түрінде жазып, ең кіші разрядтан бастап разрядтар бойынша қоссақ та, қосындының мәні 9,67-ге тең болады.

Ондық бөлшектерді қосу үшін:

1) бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру керек;

2) ондағы аттас разрядтарды бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп, баған түрінде жазу керек;

3) разрядтар бойынша қосу керек;

4) шыққан нәтижедегі үтірді берілген бөлшектердегі үтірлердің астына келтіріп қою керек.

Мысалдар: 1) +34,683 2) +17,23

8,564 8,45

43,247 25,68

Еркерту! Ондық бөлшектерді қосуды меңгергенде, жетіспейтін нөлдерді жазып жатпай-ақ, ойша қосып жазуға болады.

Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қасиеттері сақталады.

Мысалдар:

1) 14,25 + 7,341 = 7,341 + 14,25 = 21,591 (қосудың ауыстырымдылық қасиеті)

2) (15,224 + 8,1) + 1,9 = 15,224 + (8,1 + 1,9) = 15,224 + 10 = 25,224 (қосудың терімділік қасиеті)

IV. Ой толғаныс
1. Оқулықпен жұмыс «Ақылдасып пішкен тон келте болмас»

Оқушылардың түсінгендерін, тақырыпты меңгергендерін байқау мақсатында кітаптан №1273 (1,3), №1300 (1,3) есепті оқушылар топта отырып шығарады.

№1273. Ең тиімді тәсілмен есептеңдер:

1) (4 + 1,8) + 2,2 = 4 + (1,8 + 2,2) = 4 + 4 = 8

1,6 + (5 + 3,4) = (1,6 + 3,4) + 5 = 5 + 5 = 10

(2,41 + 13) + 4,59 = (2,41 + 4,59) + 13 = 7 + 13 =20

3) 8,3 + (2,7+ 8) = (8,3 + 2,7) + 8 = 11 + 8 = 19

1,2 + (1,7 + 4,8) = (1,2 + 4,8) + 1,7 = 6 + 1,7 = 7,7

(46,3 + 18) + 4,7 = (46,3 + 4,7) + 18 = 51 + 18 = 69

№1300. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептеңдер:

1) 2,3 + 4,5 + 0,6 + 0,5 + 1,7 + 0,4 = (2,3 + 1,7) + (4,5 + 0,5) + (0,6 + 0,4) = 4 + 5 + 1 = 10

3) 6,091 + 7,083 + 3,127 + 0,373 + 2,117 + 0,209 = (6,091 + 0,209) + (7,083 + 2,117) + (3,127 + 0,373) = 6,3 + 9,2 + 3,5 = 19


2.Топпен жұмыс «Білімді мыңды жығар»

Әр топқа парақ бет беріледі де, әр топ өз аттарына сәйкес білгендерін парақ бетке түсіреді.

3. Сергіту сәті «Ойын ойды ұштайды»

Сызбаны толтырыңдар:

+ 1,3 + 0,8 + 3,45 + 1,95

0,5Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қойыңдар:

І топ: 4,8 + 2,2 = 7 ІІ топ: 1 + 3,08 = 4,08

8,3 + 3,8 = 12,1 4,3 + 1,7 = 6


ІІІ топ: 53 + 1,7 = 54,7 IV топ: 12 + 9,2 = 21,2

6,4 + 4 = 10,4 26,7 + 2,3 = 29

4. Бос тор көздерді толтыру «Құпия алаңы»

1,5

2,2

3,2

4

2,3

0,7

1,4

2,4

3,1

V. Сабақты бекіту

Венн диаграммасы арқылы жай бөлшек пен ондық бөлшектердің айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратып көрсету, айту.

Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

VI. Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру: №1273(2), №1300(2)

Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы

Топ басшысы: _______________________

Оқушының аты-жөні

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

Қорытынды

1


2


3


4


5


6


7


8


9



Рефлексия

Қызыл түс - маған көмек керек;

Сары түс - мен жартылай түіндім;

Жасыл түс - мен жақсы түсіндім.Ондық бөлшектерді қосу (5 класс)

© 2010-2022