Тәрбие сағаты Компьютер дос па, жау ма?

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Компьютер дос па, жау ма?

Мақсаты: Оқушылардың уақытты үнемді пайдаланып, компьютерді тек өз уақытымен пайдалануға дағдыландыру, ғылым-білімге жетелей отырып,өз денсаулығын сақтап, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Буклет, компьютер, ұялы телефон, планшеттер макеті,қанатты сөздер, балалар салғсан суреттер топтамасы.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру.

II. Кіріспе сөз.

III. Негізгі бөлім. (Көрініс)

IY.Пысықтау.

Y.Қорытынды.

YI.Үйге тапсырма.

I. Ұйымдастыру. (Оқушылардың көңіл-күйін көтеретін шаттық шеңберін өткізу). Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (жанындағы баланы көрсетеді)

Қуануайық достарым, (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге! (қолдарын жоғары көтереді)

II. Кіріспе сөз. Құрметті оқушылар, қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның білімі мен мәдениетінен анықталады. XXI ғасырды ақпараттандыру ғасыры дейміз.Соған орай, біз бүгінгі заман ағымына сай ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуымыз керек. Ол үшін ақпаратты алумен қатар компьтерді қалай падалану керетігін өте есте сақтауымыз қажет екен. Бүгінгі тәрбие сағатын нағыз ұлт жанашыры,тәуелсіз елдің құрбандарын ақтап шыққан белгілі қоғам қайраткері, ақын М.Шахановтың «Компьютер басты жарты адам» атты өлеңінен үзінді айтып бастайын:

Біз қаншама жас өскінді аттандырдық шет елге,

Білім алып келсін дедік,

Жер, ел танып келсін дедік.

Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?

Зұлымдық та білім - қызға ғашық болып сүйісті,

Кім тежемек, кім қайтармақ бұл пенделік күйісті?

Жалғыз жол бар: білім әркез рухани байлыққа

Терең тамыр жіберуге тиісті.

Қайтсек екен, монитор көз, компьютер бас жас талап,

Білім + Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім - күшің әрі нұрлы жетегің

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты, құдайым-ау, егер ұры қаншама,

Зор білімін қару етсе жан сала,

Бейқам елге оның «сыйлар» азабы да соншама...

Міне, ақын ағамыздың осы пайдасы мен қаншама «азап сыйлайтын» бүгінгі қаһармандарымызға сөз кезегін берейік.

III. Негізгі бөлім. (Көрініс)

( Компьютер, ұялы телефон, планшет, интернет келеді де, мақтаныш сезімімен өз сөздерін айтады)

1.Компьютер.

2.Ұялы телефон.

3. Планшет.

4. Интернет.

Оқушыларға сөз.

IY.Пысықтау. Мұғалім сөзі.

1) Оқушыларға сөз ( өлеңдер оқылады).

2) Оқушылардың салған суретерін сөйлету.

3) Ән

Y.Қорытынды.

1.Мұғалім сөзі.

Жаһанданып қоғамың жаңарғасын,
Өміріңнің өзгертті бар арнасын.
Компьютер алдынан бір шықпайсың,
Ғаламторға телмірген замандасым.

Амалдарды ұмытсаң бар қайырлы,
Ғаламтордан аласың қандай үлгі.
Таңға дейін маужырап отырасың,
Маниторға ұрғанша маңдайыңды.

Уақыт тауып сырласып,мұң шағатын,
Достарыңның оқисың мұнша хатын.
Құдайды ойлап,бірақ та бір тәуліктің,
Құлшылыққа қимайсың бір сағатын.

Танымың тар қапасқа қамалмасын,
Аллаға иіу керек адам басын.
Босқа өткізіп,өлтірген уақытыңды,
Өкінішті,қайтарып ала алмасың.

2. Коьпьютермен жұмыс істеу үшін 14 кеңес.

YI.Үйге тапсырма.

Калифорниялық бір ер кісі Online (қосулы тұрған)-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы компьютердің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: "Мен үшін компьютерде отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен компьютер арқылы көп достар таптым. "депті.

1.Сенің көзқарасың қалай?

2. Ойтолғау. «Компьютер дос па, жау ма»



© 2010-2022