«Жаңа технологиямен жұмыстанудағы психологиялық қызметтің ата-аналарға әсері»

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық  қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін психологтардың инновациялық іс-әрекеттердің ғылыми-педагогикалық психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүм...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін психологтардың инновациялық іс-әрекеттердің ғылыми-педагогикалық психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан психологтың біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық психологиялық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі жаңатехнологияларды меңгеруі маңызды.

Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс иннофацияны былай түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», -дейді. Ендеше «Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.

Бүгінгі таңда білім беру мен психологиялық қолдау жұмыстары әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы - оның алған білім сапасына, ойлау деңгейіне, өзін-өзі бағалауына байланысты болатыны белгілі болып отыр.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық қолдау жұмыстары әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Атап айтқанда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылауымен байи түсуде;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістер ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығыстырып орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.

Қазіргі таңда психологтар инновациялық және интерактивтік әдістерін пайдалана отырып жиналыс немесе кездесудің сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізіп, жан-жақты жұмыстануда. Ата-аналармен кездесулер, жиналыстар, семинарлар т.б жиындардың қызықты өтуі психологтардың үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануына, кәсіби әдістерін үнемі жаңартып отыруына байланысты.

Білім беру жүйесін және психологиялық қолдау жұмыстарын ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділік технологиясына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Білім беру жүйесін және психологиялық қолдау бағытын ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технолгияларды пайдалану арқылы дамыта, топтық және дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсатын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің және психологиялық қолдау бағытының барлық деңгейінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазіргі заманда адамзат дамуының ерекшелігі - ақпараттық өркениетке көшу, адамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуы болып табылады. Президентіміз ықпал етуі тарапынан ҚР орта білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу туралы мемлекеттік бағдарламада «ҚР дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни біріңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» делінген. Осыған сәйкес жаңа технологияның әлементтерін ата-аналармен кездесулер кезінде де қолданып, әдіс-тәсілдердің тиімділігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың психологиялық жағдайымен көрнекі турде таныстырып, зерттеулердің нәтижесін мониторингке салып көрсетіп, оқушыны психологиялық-әлеуметтік қолдау бағытында жүргізілген жұмыстармен таныстырып отырып, ата-аналарға оқушының тәртібі, психологиялық жай-күйі, білімге деген көзқарасы, болашаққа деген ойы жайында көптеген ақпататтар беріп, оларды психологиялық-педагогикалық қолдап, сүйемелдеп, ақыл-кеңестер беріп, білімдерін көтеріп отырамыз. Мыс: мектебіміздегі 4-5 сынып ата-аналар жиналысында жүргізілген жұмыстардан үзінді.

4-сынып ата-аналар жиналысындағы баяндама тақырыбы: «Кемеңгерге де кеңес керек»

«Баланың бәрі бірдей, олар сорғыш қағаз тәрізді,

ата-анасының қандай қасиеттерін болса да

бойына сіңіре береді»

Альберт Лиханов

Отбасы адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі - ата-ана. Баламен психологиялық - педагогикалық жұмыстар жүргізу үшін біз ата-анамен жұмыс жүргізіуіміз керек. Ата-бабаларымыз айтқандай: «кемеңгерге де кеңес керек»,- дейді. Кейбір ата-аналар кеңес алудан қашады. Дұрыс ата-ана болса, өз баласы үшін, дұрыс тәрбие беру үшін бәріне баратын сияқты.

Қазіргі заманда адам баласының бақытты болуы үшін: не керек деп ойлайсыздар? Кейбір ғалым адамдар былай дейді: Негізгі бес нәрсе тікелей қатысты болуы:

  • Ата-ананың жақсы болуы;

  • Ұстаз жақсы болуы;

  • Мамандықты дұрыс таңдауы;

  • Сүйген жармен одақтасуы;

  • Өз балаларыңның болуы керек;

Осы факторларды ескере отырып, қазіргі 4-сыныптың дамуына әсер ететін фактор ретінде 1 және 2 айтуға болады. Яғни «Әке асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей, отбасындағы тәрбие барине бастау болып табылады.

Құрметті, ата-аналар мен ұстаздар

  • баланы кешке дейін сынай берсе, ол жеккөргенді үйренеді;

  • егер бала өшпенділікпен өссе, ол қатыгездікті үйренеді;

  • егер балаға күле берсе, ол тұйық болып өседі;

  • егер балаға сөгіс бере берсе, онда ол кінәлі сезіммен өседі;

  • егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;

  • егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;

  • егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;

  • егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарғасенеді;

  • егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі.

Сондықтан ата-бабамыздың - «Баланы жетіге келгенше тыйма, ал жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла», - деген философиялық тәрбие жүйесін әр уақытта назарда ұстаған жөн демекпіз.

Егер жақсы ата-ана болам десеңіз - балаңыздың жүрегіне мейірім ортаныңдар. Одан кейін шыдамдылық, табандылық білімділік, сыйластық, еңбекқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерін сіңдіру керек.

Егер балаңызға шектен тыс қамқорлық көрсетіп, дегенін істеп, ойымен санаспай, алдап, жәбірлеп, оны керек етпей, шектен тыс қадағалап, мүлде бақылаусыз жіберіп, айқайлап ұрсып, зекіп, қақпайласа, онда ол бала жігерсіз, еріксіз, жалтақ, тартыншақ, жалқау, қатыгез, сенімсіз, әлсіз, ойсыз болып өседі.

Ал егер ынтымаққа келіп, келісім беріп, бірлесіп әрекет жасап, ақыл-кеңес беріп, балаға өтініш жасап, білгірлігін көрсетіп отырса, онда бала - өзіне, басқаларға сенімді, табанды, мейірімді, қайырымды, жігерлі, батыл, ұқыпты, жауапкершілікті болып өседі.

Егер де жақсы ата-ана боламын десеңіз, тәрбиені - талғаммен, әділетті, рухани, білімді, иманды түрде сіңдіріңіз.

Ата-ана білуі керек: ата-ана міндетін, бала құқығын, баланың денсаулығын, тазалаған, баланың қарым қатынас ортасын, баланың икемділігін, бейімділігін, бала тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерді, мектеп ережесін, ата-ана құқығын.

Ата-ана болуы керек: дені сау, салауатты өмір салтына сай, мемлекетпен тығыз байланыста, ұстаздармен таныс болуы, еңбекқор, парасатты, мәдениетті, үлгілі, ата-ана құқығына лайықты.

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса да бала-солардан. - деп, Баласағұн атамыздың сөзінен кейін қалай десек те, денсаулығы дұрыс ата-ана өз баласының алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі. Сондықтан да ата-ана болып, мектеп болып бірігіп, жақсы адам тәрбиелеп шығаруға атсалысайық!

5-сынып ата-аналарына берілген кеңес: Ата-аналар балалардың оқуына қалай көмектесе алады?

Баланың үлгерімін арттыруға байланысты бірнеше кеңестер.

Баланың жұмыс істейтін үстелі қолайлы болсын. Жұмыс үстелінде баланың көңілін алданыдаратын артық зат болмауы қажет. Көбінесе балаларға үй тапсырмасын жарық және қолайлы үстел болғандықтан ас бөлмесінде істеуге тура келеді. Міне сондықтан, баланың өз бөлмесінде балаға қолайлы бұрыш жасап беру қажет, ол жер кітап, қалам, қарындаштарын қоюға келетіндей кең болуы қажет, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн.

Теледидарды сөңдіріп қойыңыз. Үй тапсырмаларын орындаған уақытта теледидарды қосуға болмайды деген қағиданы ұстаныңыз. Теледидар баланың сабақ оқуына кедергі келтіреді. Теледидар көруге отырдын ба, басқа заттарға ешқандай уақытын қалмайды.

Жүйелілік - маңызды фактор. Егер сіздердің кешкі астарыңыз бен түстіктеріңіз бір уақытта болса жақсы болар еді. Балада нақты бағдар қалыптасады, ол барлық сабақты кешкі асқа дейін немесе кешкі астан кейін орындайтын дағдыға ие болады. Балаға дем беру үшін үй жұмысының әр бөлігін орындаған сайын баланы қолдап отыруды ұмытпау керек.

Мектебімізде өткізілген ата-аналар семинарынан фотокөрсетілімдер.

Қазіргі дүниеде тұлғаға деген талаптың қатаңдай түсуі - білім беру кеңістігінде және әлеуметтік психологиялық педагогикалық қолдау жұмыстарындағы өзгерістердің әлеуметтене түсу тенденциясының өсуіне әкеледі. Жаңа технологиялар өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды сапалы әрі нақты алуға мүмкіндік береді, және олардың ата-аналарына бала тәрбиесіне толықтырулар енгізіп, өз білімдерін көтеріп, басқаата-аналармен ой бөлісіп, өздеріне қажетті қосымша ақпараттарды алып отыруға мүмкіндік береді.

Жалпы психологиялық қолдаудың типтерін, түрлерін, технологияларын таңдап алу білім беру парадигмасына, әлеуметтік тұжырымдамаларға, оқушының мақсаттары мен міндеттеріне, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерге, психологтың білімі мен жоғары бағалауына байланысты. Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыру және олардың өмір сүруге деген ынтасын дамыту үшін жаңа технологиялардың маңызы зор. Сабақты психологтардың әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткізуі жас ұрпақтың өз бетінше ізденіп жұмыс істеуіне, ойының дамуына, айналасындағы жолдастарымен дұрыс жұмыс істеуіне үйретеді. Сондықтан психологтардың жаңа технологияларды игеріп, әр кездесуді түрлендіріп өткізуі - білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған ұрпақтың өсуіне және еліміздің болашағының жарқын болуына бір себеп болады.












А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі«Жаңа технологиямен жұмыстанудағы психологиялық қызметтің ата-аналарға әсері»



Баяндама

(Жалпы ата-аналар жиналысы)





Тақырыбы:



«Жаңа технологиямен жұмыстанудағы психологиялық қызметтің ата-аналарға әсері»«Жаңа технологиямен жұмыстанудағы психологиялық қызметтің ата-аналарға әсері»













Дайындаған: А.М.Сатқанов.









2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022