Кәсібің - өмірлік серігің 11 сынып

Тақырыбы: «Кәсібің – өмірлік серігің» Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың мамандық жөнінде түсініктерін кеңейте отырып, таңдаған мамандықтары жөнінде ақпарат беру. Дамытушылық: Мамандық  таңдауына көмектесу, бағыт бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Тәрбиелік: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерге баулу. Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап Көрнекіліктер: интерактивті тақта, жұлдыз жорамал белгілері, түрлі - түсті қағаздар Пән аралық байланыс: өзін-өзі тану, психол...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Кәсібің - өмірлік серігің»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мамандық жөнінде түсініктерін кеңейте отырып, таңдаған мамандықтары жөнінде ақпарат беру.

Дамытушылық: Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Тәрбиелік: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, жұлдыз жорамал белгілері, түрлі - түсті қағаздар

Пән аралық байланыс: өзін-өзі тану, психология

Жоспары:

  1. Танысу

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

  3. Бейне көрме (мамандық таңдау)

  4. «Мен және менің таңдауым» жаттығуы

  5. «Шабыт» оқушылардың ойын жаттықтыру

  6. «Ең ..., ең ....» ойыны

  7. Мамандық таңдау қиын (жұмыссыздық туралы бейне көрме)

  8. Жұлдызнама (мамандыққа қатысты)

  9. Тақырыпқа сай постер қорғау

  10. Қорытынды сауалнама

Сабақ жүрісі:


  1. Танысу: Қатысушылар шеңбер бойымен өзінің есімін атап, есімінің бірінші әріпінен басталатын жағымды сөз айтуы ұсынылады. Міне осылай қатысушылармен танысып, жылы шырайлы ортаны қалыптастырамыз.


  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Әлемде мың түрлі мамандық бар. Мамандық таңдау - жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген Ж.Аймауытовтың сөздерінде үлкен мән мағына жатыр. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдына жоспар құрғысы келмейді.

Ұсынылып отырған осы сабақ жоспары жасөспірімдерге мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі деген ойдамын.

3.Бейне көрме (мамандық таңдау)

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Әл Фараби

4.«Мен және менің таңдауым» жаттығуы

Оқушылар болашақ таңдаған мамандықтарын мимикамен көрсетіп, қатысушылар қай мамандық екендігін тауып айту қажет.

Оқушыларға ескерту ережелер:

Өз болашағың өз қолыңда! Ендеше өз болашағыңды анықтауда мына ережелер назарыңда болсын:

  • Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.

  • Өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеудегі игергенің аса пайдалы.

  • Мектептегі оқу пәндері - нақты мамандық екендігін есіңде сақта!

  • Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған ұнайды деген ойдан аулақ бол!

  • Сен үшін өзіңнің қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалы екенін есіңде ұста!

  • «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қорытынды жасауға болмайды.

  • Заман ағымына қарай кейбір мамандықтар ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт.

  • Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін - келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!

  • Өзіңмен алдын-ала психологиялық зерттеу жүргізбей-ақ, нық қадам жасап таңдай беруге болатын бірде -бір мамандықтың жоқ екендігін есңде сақта!

5.«Шабыт» оқушылардың ойын жаттықтыру

Тапсырма бойынша оқушылар өзі келіспейтін тұжырымды берілген тұжырымдардан бөліп алып, ойын анық, ашық түрде жариялайды.

Мысалы : Мамандық бір - ақ рет біржолата таңдалады - келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады.

  • Мамандық бір- ақ рет біржолата таңдалады.

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

  • Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.

  • Отбас мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.

  • Жақсы білім алу үшін , қымбат оқу орнына түсу керек.

  • Ақша болса мамандық қажет емес.

  • Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет.

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем - қызығу мен сұраныстың сәйкестігі.

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ мамандығым анықтайды

  • Мамандық таңдау - күнкөріс қамы.

6.Оқушыларға мынадай нұсқау беріледі.берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық, қай мамандық ең ақшалы болып табылады?

Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист

Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші

Ең тәтті - аспазшы, кондитер

Ең күлкілі -клоун, карикатурашы

Ең жауапты -сот, бухгалтер,

Ең салмақты -мұғалім , заңгер

Ең қарым - қатынасы күшті

Оқушылар өз жауаптарын береді.

Жарайсыңдар балалар!

7.Мамандық таңдау қиын.

Әлемде сан түрлі мамандық иесі болып жұмыс атқарып жүрген адамдар бар, ал кейбіреулері бірнеше мамандық иесі болсада, мамандығы бойынша жұмыс кездеспей тек күнкөріс үшін, отбасын асырау мақсатында жұмыс жасап жүргендер де аз емес, солардың бірі келесі бейне көрме кейіпкері. Тақтаға назар аударамыз.

Бейне көреме көрсетіледі.

8.Жұлдызнама (мамандыққа қатысты)

Әр оқушының қандай жұлдызда туылғанын анықтап, тақтада ілулі тұрған белгілерді оқып, өзінің қай мамандыққа икемі бар екенін жұлдызнамадан оқып, өз пікірін білдіреді.

Осы жұлдызнамаға келісеміз бе? Неліктен?

9.Тақырыпқа сай постер қорғау.

Оқушылар қағаз бетіне мамандық туралы өз ойларын сурет түрінде, олең түрінде немесе өз фантазиясы бойынша безендіріп, қорғайды.

(«Бүлдіршіннің арманы» бейне көрме көрсетіледі)

10.Қорытынды сауалнама. Оқушылардың қолдарын түрлі түсті қағаздар беріледі, сол қағаздарға осы сабақтан алған әсерлерін жазып шығады.

.


© 2010-2022