Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Психология пәнінен "Қарым-қатынас" тақырыбында сабақ жоспары. Сабақта қарым – қатынас, оның мақсат, мазмұны, әдіс-тәсілдері, типтері: манипулятивті, диалогты, монологты, императивті, рухани-жеке тұлғаралық, іскерлік,  формалары: тікелей, жанама, тұлғааралық, вербальды, вербальды емес, функциялары туралы ақпарат беру арқылы білім қалыптастыру.  Вербальды, вербальды емес қарым-қатынас формаларын қолдану арқылы өзара жағымды қарым-қатынас орнату. Әртүрлі ұлттардың қарым-қатынас мәдениетін игеру. Жағымды қарым – қатынас орнатуға, тілдің негізгі түрлерін, оны іске асыру үшін қажетті   жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Психология

Тобы:

2а КШО-9

Оқытушы

Р.М.Ғалымова

Уақыты:

10.12.14.

Сабақтың тақырыбы:

Қарым -қатынас

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:

А) ақпараттық

Б) коммуникативтік

В) проблеманы шешу

А)Қарым - қатынас, оның мақсат, мазмұны, әдіс-тәсілдері, типтері: манипулятивті, диалогты, монологты, императивті, рухани-жеке тұлғаралық, іскерлік, формалары: тікелей, жанама, тұлғааралық, вербальды, вербальды емес, функциялары туралы ақпарат беру арқылы білім қалыптастыру.

Б) Вербальды, вербальды емес қарым-қатынас формаларын қолдану арқылы өзара жағымды қарым-қатынас орнату. Әртүрлі ұлттардың қарым-қатынас мәдениетін игеру.

В) Жағымды қарым - қатынас орнатуға, тілдің негізгі түрлерін, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процестерін жоспарлауға және ұйымдастыруға дайын болу, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру.

Сабақ типі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер мен технологиялар:

АКТ, топтық оқыту технологиясы, ойын технологиясы

Оқу ақпаратын моделдеу, білімді өз бетімен меңгеру әдістері, сөздік, көрнекілік, практикалық, пресс-конференция

Пәнаралық байланыс:

Педагогика, этнопсихология, тарих, анатомия т.б.

Оқыту құралдары:

Компьютер, проектор, слайд материалдары, плакаттар, маркерлер, көрнекіліктер т.б.

Сабақ жоспарының жобасы

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалімнің амандасуы, жоқ оқушыларды түгендеу, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының хал - жағдайын сұрау, оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру.

Амандасу; оқу-құралдарын дайындау, ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушының өзінің хал - жағдайын айту, кезекшілік міндеттерін атқару;

Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

ІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қызығушылықты ояту

Жаттығу: «Қарым-қатынас»

Жаттығудың ережесі қол арқылы бір-біріңізбен тез амандасып, қоштасып, ұрысып, татуласуыңыз қажет.

-Рахмет, жаттығуды жақсы орындадыңыз.

Студенттер ойланайықшы, адамдар бір-бірімен қандай құрал-әдістер арқылы қарым-қатынас жасайды, телефон, радио құралдарынан басқа адамдар өз ойларын, пікірлерін қалай білдіреді?

Біз өмір сүріп жатқан ортамызда бір-бірімізбен әртүрлі қатынас жасаймыз. Яғни бұл қатынас- психологияда қарым-қатынас деп аталады.

Студенттер нұсқау бойынша жаттығуды орындайды. Көрші отырған студентпен тек қолды қолдану арқылы бір-бірімен амандасып, қоштасып, ұрысып, татуласады.

Әр студент қарым-қатынас әдіс-құралдарын атап, (сөз, бет-әлпеті, жест, көзқарасы, қимылы т.б.) жеке ойларын білдіріп ортаға салады, өзге студенттердің ойын тындай отырып өзінің пікірін нақты мысалдармен нақтылайды.

«Қарым-қатынас» жаттығу арқылы студенттер жаңа сабақты меңгеру деген қызығушылық оянып, зейінін жаңа сабақты меңгеруге бағыттайды. Оқушылар «қарым-қатынас» туралы анықтамаларымен танысады, біледі

Студенттер өз ой-пікірлерін өткен тақырып іс-әрекеттің түрлерін еске түсіру арқылы байланыстырып, қарым-қатынастың әдіс-құралдарын атау барысында нақтылайды.

ІІІ. Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Жоспары:

1. Қарым-қатынас туралы түсінік

2. Қарым - қатынас аспектілерімен жақтары

3. Қарым-қатынас типтері, формалары

4.Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары

Сіз қарым-қатынастың әртүрлі құралдарын атадыңыз. Ендеше сіз атамаған басқада құралдарға, қарым- қатынас мазмұны, қызметі, қарым- қатынас типтері, қарым- қатынастағы әдеп принциптері және қарым-қатынаста кездесетін кедергілер туралы әңгіме қарастырамыз.

Біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қарым-қатынас».

Студенттерді 4 топқа бөледі.

1 топ- Қарым-қатынас туралы түсінік, аспектілерімен жақтары

2 топ- Қарым-қатынас типтері

3 топ Қарым-қатынас формалары

4 топ Қарым-қатынас стилдері

Оқытушы студенттерге жаңа материалды өзбеттерімен меңгеру үшін үлестірмелі материалдар береді. Сонымен бірге студенттер меңгерген ақпараттарын ватманға презентациялау ұсынылады.

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас: адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен етене әрі жанды байланысы, тілдесу, пікірлесу, әңгімелесу , сөйлесу адамдардың бір-бірімен араласуы. Студенттер жаңа сабақта меңгеруге, белсенді қатысуға дайындалады.

Студенттер 4 топқа бөлінеді.

Студенттер үлестірмелі материалдарды қарай отырып, 1 топ- қарым-қатынас туралы түсінік, аспектілерімен жақтары

2 топ- қарым-қатынас типтері, 3 топ қарым-қатынас формалары, 4 топ қарым-қатынас стилдері туралы ақпараттармен танысып, топ ішінде талқылап, алдарына берілген ватманға презентациялайды.

Тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі қарым - қатынас болып табылады.

Қарым-қатынас -адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс.

Қарым-қатынастың негізгі аспектілері

1.Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз ол адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі.

2. Қарым - қатынастың мақсаты дегеніміз ол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы.

  1. Қарым-қатынастың әдіс - құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.

Қарым-қатынастың типтері:

Манипулятивті қарым-қатынас- партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.

Диалогты қарым-қатынас- біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет.

Монологты қарым-қатынас-

Императивті қарым-қатынас авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез - құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.

Іскерлік қарым-қатынас- тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.

Рухани-жеке тұлғааралық- бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.

Студенттер тақырыпты ашып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып талқыланады. Қарым-қатынастың формаларымен жеке-жеке танысады. Соның ішінде вербальды және вербальды емес (мимика, жест, пантомимика) , таксика, проксемика талдап, ой електерінен өткізеді.

  • Вербальды қарым - қатынас

сөздің дыбыстық көрінісі

дауыстың ырғақтылығы

  • Вербальды емес қарым - қатынас

кинесика (жест, мимика, пантомимика)

таксика

проксемика

Әрбір топ өздерінің презентацияаларын топ алдында таныстырып, қорғайды. Студенттер ойларын білдіріп, ортаға салады және мысалдармен нақтылайды.

Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді және топтың өзіне де мүшелерінің пікірлерін тыңдайды. Өзінің ойын ашық және нақты жеткізуге бейімделеді.

Сабаққа қызығушылықтары оянып, ынтасы қалыптасады.

Қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс екенін түсінеді.



Қарым-қатынастың негізгі аспектілері: мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдерінің анықтамасымен танысып, қызметін түсінеді.

Студенттер айтылған ақпаратпен танысады, сызба бойынша құрылымдайды, өз іс-әрекетін нақтылайды. Сонымен қатар қарым-қатынастың жағы: коммуникативті- ақпарат алмасу, интерактивті жағы-іс-әрекет арқылы жүзеге асады, перцептивті жағы - оқушыны қабылдау немесе бағалау ұғымдарымен танысады.


Қарым - қатынас типтері: манипулятивті, рухани-жеке тұлғааралық, диалогты, монологты, императивті, іскерлік, ерекшеліктерін біледі.


Студенттерді манипулятивті қарым -қатынаспен рухани қарым - қатынастың екі жақты қарастыра отырып, ортақ ерекшеліктерін анықтайды.Сонымен қатар студенттерді өз бетімен жауапты жұмыстану дағдысы дамиды. манипулятивті қарым -қатынаспен рухани қарым - қатынастың, талдауға икемеделеді. Жаңа білім қалыптасады.

Рухани-жеке тұлғааралық қарым - қатынастар, туралы мәлімет жинақтайды. Тұлғааралық қарым - қатынасты қолдау және ұйымдастыру , тұлғаішілік қызмет, императивті қарым - қатынастың айырмашылықтарын игереді.


Студенттер қарым-қатынас формалары жөнінде мәлімет алып, оларды қолдану әдіс - тәсілдерінің жағдайға байланыстылығын меңгереді.

Тұлғааралақ кеңістікте ара қатынас дистанцияларымен танысады, өмірде қолдануға дағдыланады.


«Суреттер көрмесі» жаттығуы

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Кәне, тақтаға қарап, «Суреттер көрмесі» жаттығуында бейнеленген суреттерде жануарлар мен адамдардың әртүрлі іс-қимылдарымен бет-әлпеттері , тұрыстары берілген. Осы суреттерде қандай ақпараттар бейнеленіп тұр, соны анықтап көрелік.

-Өте жақсы.

Студенттер суреттер көрмесінде бейнеленген жануарлар мен адамдардың бет-әлпеттерімен қимылдарынан суретте не бейнеленген ақпаратты ашып, түсіндіреді.

Студенттер сурттер көрмесіндегі бейнеленген бет-әлпеттерді, іс-қимылдарды анықтау арқылы қарым-қатынаста кездесетін жест, мимика, пантомимикаларды түсінеді.

«Сізбен қарым - қатынасқа түсу жағымды ма?» тест

Студенттердің қарым - қатынасқа түсу деңгейін анықтау мақсатында Сізбен қарым - қатынасқа түсу жағымды ма? тест жүргізу ұсынылады.

Нұсқау: Сауалнаманың мазмұнын оқып, "иә" және "жоқ" жауаптары бойынша жауап бересіз.

1. Сіз сөйлегенге қарағанда тыңдағанды жақсы көресіз бе?

2. Сіз кез-келген бейтаныс адаммен сөйлесу үшін ортақ тақырып таба аласыз ба?

3. Сіз әңгімелесушіңізді әрдайым ұқыптылықпен тыңдайсыз

4. Сіз кеңес бергенді жақсы көресіз бе?

5. Егер әңгімелесушіңіздің әңгімесі сізге қызықсыз болса, сіз оны оған көрсетесіз бе?

6. Сізді тыңдамай отырса қапаланасыз ба?

7. Сіздің кез-келген сұрақ бойынша өз жауабыңыз бар ма?

8. Егер әңгімелесу тақырыбы сізге таныс болмаса, оны одан әрі өрбітесіз бе?

9. Сіз назарда болғанды ұнатасыз ба?

10. Жеткілікті білімім бар дейтіндей 3 пәнді атай аласыз ба?

11. Сіз жақсы ораторсыз (сөзшең) ба?

Егер сіз 1,2,3,6,7,8,9,10,11 сұрақтарына "иә", ал 4,5 сұрақтарға "жоқ" деп жауап берсеңіз, онда әрқайсысын 1 ұпай деп есептейсіз.

Әрбір студент өз жауаптарын белгілеп, нәтижесін шығарып, өздерінің қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды..

1 - ден 3 ұпай - айту қиын, сіз бір сөз айтқыза алмайтын тұйық адамсыз немесе өзгелерді қашуға дейін мәжбүрлейтін шектен тыс қарым -қатынасшылсыз. Сізбен қарым -қатынасқа түсу үнемі жағымды емес, тіпті кейде қиын. Сізге бұл жөнінде ойланған дұрыс.

4-тен 8 ұпай - сіз, мүмкін қарым- қатынасшыл адам болмассыз, бірақ әрдайым - ұқыпты, әрі жақсы әңгімелесушісіз. Сіз зауқыңыз соқпағанда, алаңғасар бола аласыз, бірақ осы сәттерде қоршаған адамның сізге көңіл аударуын талап етесіз.

9-дан 11 ұпай - сіз адамдармен қарым- қатынаста ең жағымды адамның бірісіз. Достарыңызға сізсіз қиын болады. Бұл керемет.

Студенттер тест сұрақтарына жауап беру арқылы өздерімен қарым-қатынасқа түсу оңай ма, қиын ба, жағымды немесе жағымсыз ба анықтайды.

Бейнеролик «ЖЕСТ»

Студенттер дене мүшеміздің тек қол қимылдарын қолдана отырып, адамдарға ақпаратты ұсына алады екен. Соны бейнероликтан тамашалайық.

Студенттер бейнероликті тамашалайды. Қол қимылдары арқылы берілген ақпараттың мән-мағынасын ашады. Өз ойларын бөліседі.

Студенттер вербальды емес қарым-қатынастың әдістерін қолдану арқылы ақпартатты түсінеді. Жесттің маңыздылығын, қолдану жолдарын біледі.

Пресс- конференция

«Ұлттардың қарым-қатынас стильдері»

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары














Сабағымызды ары қарай пресс-конференция түрінде өткізгелі тұрмын. Пресс-конференциямызға қош келдіңіздер! Пресс-конференциямыздың мақсаты: қарым - қатынас және оның түрлерімен формалары, функциялары туралы ақпараттармен практика жүзінде танысып, тиімді қарым - қатынас жасау жолдарын ұсыну.

Конференцияны ашық деп жариялаймын. Конференциямызға келіп отырған конақтармен таныстыра кетейін. Орал қаласындағы ұлттар ассамблеясының бірлестіктерінен келген

өзбек, қырғыз, қазақ, өкілдерінің бас мамандары және біздің қаламызға іс-сапармен жол түскен американдық азаматша, мектеп психологы, сонымен қатар, баспасөз қызметкерлеріде қатысып отыр.

Пресс конференцияда әр ұлттардың өзіне тән қарым-қатынас стильдері болады. Сол қарым-қатынас стильдерін ұлттар ассамблеясының бірлестігінен келген қонақтар өз баяндамаларында айтып өтеді.


Өзбек ұлтының бас маманына сөз беріледі.






Қазақ ұлтының бас маманы- көрініс арқылы қазақ халықының қарым-қатынасын көрсетуді ұсынады.

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қырғыз ұлтының бас маманына сөз беріледі.

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары


Американ халқының азаматшасына сөз беріледі.








Мектеп психологына сөз беріледі.






Газет тілшілеріне сөз беріледі.

Орал өңірі газетінің тілшісі

Жайық ұстазы газетінің тілшісі

Егемен Қазақстан газетінің тілшісі

Газет тілшілеріне плакат береді, бүгінгі конференцияға мақала жазуды ұсынады.

Студенттер өздеріне алдын ала берілген ұлт өкілдерінің қарым-қатынасын вербалды, вербальды емес, манипулятивті, іскерлік қарым-қатынас түрлерін қолданып, түсіндіреді.

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік сабақ жоспары

Студенттер слайд материалдары арқылы вербальды қарым-қатынас түрін қолданып ашып түсіндіреді. Өзбек халқы қарым-қатынаста өте сабырлы, адамның сөзін соңына дейін тыңдайды, айналадағы адамдардың пікірі өте маңызды, өздерінің атқаратын қызметіне келер жағымсыз сөздерді естуге қорқады. Ұжым ішіндегі моралды адамгершілік қысым болған жағдайда, дау-жанжал шығарып, кек сақтап, ойланбай іс-әрекет жасауы мүмкін. Тума-туыстарымен арасынан алыстаған кезде қатты қайғырады, таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсу өте қиын болғанымен қарым-қатынаста өзі, отбасы туралы айтқанды жақсы көреді. Кей жағдайда манипулятвті қарым-қатынас кездесіп жатады. Яғни сауда -саттық, бизнесте алдап-арбау.

Қазақ ұлтының бас маманы- көрініс арқылы қазақ халықының қарым-қатынасын көрсетеді.

Баласы: Ата, ата конақ келді. Үй иесі қонақтардың алдынан шығып. Ооо, қош келдіңдер, үйге кіріңдер, төрлетіңдер! Аман-сау сұрасып, дастарханға шақырады. Ал енді біз жүрейік, ал ендеше бұйымтайларыңды айтыңыздар. Жол жүріп, бара жатыр едік, сізден бата алсақ дейміз. Бата береді.

Яғни көріністен шығатын түйін қазақ халқы үлкен-кішіге деген сыйластық, ағайын-туыстармен, көрші-қолаңмен алыс-беріс үстінде, көпшіл, мейірімді, ізгі қарым-қатынасшыл екенін көруге болады.

Қырғыз ұлтының бас маманы- слайд материалы арқылы қарым-қатынасын түсіндіріп, би билейді.

Қырғыз халқының үлкен мен кішіге деген сыйластық , ағайын-туыстармен, көрші қауыммен жақсы араласып, мейірімді, көпшіл болып келеді. Сондай-ақ бастары қосылып той-думандатса ән мен би де қалмайды. Жастары ширақ қимылдап, әр ісін шапшаңдылықпен орындайды. Олар да қазақ халқы сияқты сөзге шешен, ұтқыр ойлы, әрі сөзінен батылдық пен шыншылдық байқалатын болған. Олар берген уәдесіне берік, аманатқа адал болған.

Американдықтар - вербальды емес қарым-қатынас түрін қолданып іскерлік кездесу барысында кездесетін дене қимылдарының жағдайларын (позаларды) көрсетеді.

Американдық азаматша өзінің жобасын әскерлік кездесуде ұсынады. Бірақ кездесуге келген бизнесмендер 5 түрлі дене қимылдарының жағдайына байланысты отырады.(поза) отырады.

1. "Жабық жағдайы"- мұнда адам денесімен алдыңғы бөлігін жабуға және кеңістікте неғұрлым аз орын алуға тырысады (психологиялық дискомфорт), тығылып, иығына басын тығып, аузын жабады.
2. "Ашық жағдайы"- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім, келісім, жылышырайлықты білдіреді.
3. "Қорғану"- кеудеге қолды айқастыру. Мұны айтқанын жоққа шығару, өзінің құқын қорғаушы жиі қолданылады.
4. "Бағалау", "Сынау"- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла орналасқан, қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл еңкеюмен бірге болса, онда сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай қисайса, ол қызығушылықпен байланысты.
5. "Дайындық"- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі.

Мектеп психологы : Мұғалімнің қарым-қатынасының стильдеріне тоқталып, мұғаліммен оқушы арасында қарым-қатынасты түсіндіреді.

Мұғаліммен оқушы арасында командирмен солдаттардың арасындағыдай алшақтық болу қажет. Бірақ көп жағдайда мысал келтіретін болсам: егер оқушы сабаққа кешігіп келсе бір мұғалім транспорттың нашар жұмысы деп түсінеді, екіншісі, оқушының жеңілтектігінің нәтижесі, үшіншісі, бұл тек менің сабағыма кешігіп келеді, басқаларға ондай емес - деп, ал төртіншісі, әдейі кешігіп келеді, мені дұрыс бағаламайды де түсінеді. Әр мұғалімнің баланың сабаққа кешігуі туралы түрліше түсінігі болады.

  1. - жағдайға байланысты,

  2. - оқушының ерекшелігі,

  3. - мұғалім себепті өзінен іздейді,

  4. - кешігуді әдейі істелген деп түсінеді.

Орал өңірі газетінің тілшісі осы пресс конференцияға біздерге келіп түскен хаттармен сұрақтарды алып келіп едік, соны бірлесе жауап берсек дейді.

Газет тілшілері осы конференциядан алған ақпарттарын өз оқырмандарына мақала жазады.

Студенттер пресс конфенцияның мақсатымен танысып, қарым-қатынас және оның әр ұлт өкілдері формаларымен, типтерін әртүрлі қолданатыны жөнінде ақпараттар алады.


Студенттер алдын ала берілген ұлт өкілдерінің және мектеп психологының рөлдерін сомдауға үйренеді.




Өзбек халқының қарым-қатынаста сабырлы, ашық, сөзді соңына дейін тыңдайынын, өздеріне келер сындарға, сөздерге дау-жанжалмен жауап қайтаратынын біледі.





Қазақ халқының көпшіл, шыншыл, мейірімді, үлкенге-кішіге деген сыйластық, ізгілікпен қарайтынын біледі.




Қырғыз халқының әр істе өте шапшаң, тынымсыз, көпшіл, мейірімді екенін біліп, көп жағдайда қарым-қатынаста өзінің ән, би өнерлері арқылы жағымды әсер қалдыратынын туралы ақпарат алады.




Студенттер американдықтардың іскерлік кездесулерінен адамның әртүрлі дене жағдайларына назар аудара, вербальдыы емес қарым - қатынас жасауды үйренеді, адамдардың кинесикасын ажыратуға үйренеді.






Мұғалімнің қарым - қатынасында авторитарлы, демократиялық, либералды стилдерінің қолданатынын, оқушы мен ұғалім арасында қандай да болмасын қарым-қатынас орнайтынын мысалдар арқылы түсінеді.





Студенттер топтық талқының іс-әрекетіне өз бетімен ілеседі.

Қарым-қатынас тақырыбы бойынша меңгерген ақпараттарды газет мақаларына жадынама ретінде тарату арқылы өздеріне қарым-қатынаста сақтау керек ережелерді біледі.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту

Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар

-Ендеше, сіздермен «Шеңбер жылдамдығы» деген жаттығуды жүргізейік. Біздер шеңбер жасай отырып, кезекпен-кезек аяқталмаған сөйлемді жалғастырайық.

Егер де мен, ашулы болсам, онда...

Егер де мен таң қалсам, онда...

Егер де мен қорықсам, онда...

Егер де мен қуанышты болсам, онда...

Ойланайық осы жағдайда өз эмоция мен сезімімізді көрсетейік.

Студенттер шеңбер бойынша өз эмоция мен сезімдерін анықтап, сөйлемді жалғастырады.

Егер де мен, ашулы болсам, онда...

Егер де мен таң қалсам, онда...

Егер де мен қорықсам, онда...

Егер де мен қуанышты болсам, онда...

Жағдайға байланысты өз эмоция, сезімдерімен бөліседі. Қарым - қатынастың тиімділігін көтеру үшін қолданылатын әдісті өмірде қолдануға болатынын үйренеді.

Тест тапсырмалары

Студенттердің жаңа білімді бекіту мақсатында 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары беріледі.

Студенттер жаңа материалды меңгергендері бойынша тест тапсырмаларын белгілейді.

Алынған жаңа білімді тест тапсырмалары жауап беру арқылы деңгейлерін анықтап, білімді бекітеді.

Ү. Рефлексия

Студенттерге сұрақтар қойылады. Яғни бүгінгі сабақтан өздеріне не оңай, не қиын болды студенттердің ойын білу.

  1. Сабақта сізге не жаңалық болды?

  2. Сабақта сізге не ұнады?

  3. Не үйрендіңіз?

  4. Қай жерлерін мүлдем ұқпадыңыз?

Студенттер қойылған сұрақтарға жауап береді. Яғни олар үшін бүгінгі сабақтағы жаңалықтар, не үйренгенін, не қиын болғанын кезек-кезек топ алдында бөлісіп, талдайды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің өз ойлырын, пікірлерін айтуға, талдауға, саралауға дағдыландыру.

ҮІ.Қорытындылау.

Студенттердің сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындау барысындағы іс-әрекеттері және тест жауаптары бойынша бағаланады.

Сабақтағы өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, өз-өздеріне баға беріп, білімдерін жүйелейді.

Өзіндік қозғалысын бағалау,

өз әрекеттері арқылы білімдерін нақтылайды. Барлық студенттердің білімі бағаланады.

VII. Өзбетіндік тапсырма беру.

Үй тапсырмасын тыңдауды ұсынады. Жағымды қарым - қатынасты қалыптастыруға арналған тренинг, жаттығу, ойындарды қосымша оқулықтардан іздеп, білімін толықтыру.

Үйге берілген тапсырмаларды дәптерлеріне түсіріп, жазып алады. Өз беттерімен ізденеді.

Ауызша баяндау әдісімен жоспарлауды ұсынады, өз стресстің алдын алу жолдарын ізденеді.

VIIІ.Қолданылған әдебиеттер

  • Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии - СПб.: Питер Ком, 1999

  • Тәжібаев Т. Жалпы психология. - Алматы: Қазақ университеті, 1993.

  • Гамезо М.В., Домашенко И.А. «Атлас по психологии». - М., 1999.


  • Әдеп және Жантану хрестоматия. - Алматы: Атамұра, 1996.

  • Жарықбаев Қ. Психология. Педколледждерге арналған. - Алматы: Білім, 1993.

  • Жұмасова К.С. Психология. - Астана: Фолиант, 2006.


Тапсырмаларды орындау үшін қосымша әдебиеттер қолданады.







© 2010-2022