Тәрбие сағаты Аялы алақан

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Аялы алақанТәрбие сағаты Аялы алақанТәрбие сағаты Аялы алақанТәрбие сағаты Аялы алақанТәрбие сағаты Аялы алақанТәрбие сағаты Аялы алақанТәрбие сағаты Аялы алақанТақырыбы: "Аялы алақан"

Мақсаты: 1.Халықаралық әйелдер мерекесі туралы ұғымды оқушыларға ұғындыру. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.

2. Бала бойындағы дарындылықты дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қазақ үйінің көрінісі, құттықтау газеті.

Барысы:

Жүргізуші:

- Құрметті әжелер, аналар, ұстаздар, қыздар. Алдағы келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі баршамызға құтты болсын. Өмірде ананың жүрегінен асқан жұмсақ ештеңе жоқ. Ал ананың алақаны өте аялы. Ендеше бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының аналарға арнап дайындаған "Аялы алақан" атты сынып сағатына хош келдініздер!

Музыка ойналады. Ана кейпінде Шынар Калиакпаровна ортаға шығады.

Шынар: - Ана болу қандай бақыт десеңізші. Осынау үш әріптен тұратын қасиетті сөзде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. ( балалар ана сөзіне түсініктеме жасайды)

Санжар: - Ана- ол қамқоршы әрі қорғаның

Нұрәділ: - Ана - ол барлық өмірдің бастауы

Рысбек: - Ана - ол мейірім мен шапағат

Арғын: - Ана - ол ең бір жақының, досың

Бекзат: - Ана - ол жарық өмір сыйлаушы

Аяулым: Ана -ол әлемнің жарығы

Мейіржан: Ана - ол отбасы ұйытқысы

Ерасыл: Ана - ол алтын қазық

Эльнара: Ана - ол әр үйдің гүлі

Нұрхат: Ана -ол сұлулық пен әдемілік

Ақбота: Ана - ол өмірдегі ұстазың

Дамир: Ана -ол тәрбиешің

Жүргізуші: - Дүниеде анасыз адам жоқ. Шырылдап жерге түскеннен- ақ қамқоршымыз да, сүйенер алтын қазығымыз да -аналар. Ендеше ұлдарымыздың аналарға және қыздарға арналған жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

(Ұлдардың аналарға тілегі)

Би "Шашу" орындайтын Иманова Эльнара.

Жүргізуші: - Халық арасында "Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада" деп бекер айтылмаған. Ана он баланы өмірге әкеп өсірсе, ал балалар ананың алдындағы борышын, ақ сүтін ақтай алар ма екен? Ендеше көрініс: "Ананың жөні"

Жүргізуші: - Жиренше шешен былай деген екен: - Балам, айта қойшы, дүниеде не тәтті, не жұмсақ. деп сұраған екен.

Сонда бала: Ананың сүті тәтті, ананың алақаны жұмсақ деген екен. Ендеше бүгінгі мерекемізде "Аялы алақан ойынын " ойнайық.

Жүргізуші: Бастауыш сыныптар қыздары мың бұралған биші емес, ұлдары да би өнерін меңгерген. Би " Джентльмен"

Жүргізуші:- Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де - анадан туады. Соның көкірегінен нәр алып өседі. Ендеше ұлдарымыздың аналарына, әжелеріне арналған өлең шумақтарын тамашалайық

Хор: "Ананың тілі"

Қорытынды сөз Мадиниет Нажмиденқызына беріледі.













С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп







Сынып сағаты



















Өткізгендер: Иманова А.К.









Қызылқоғам ауылы
2015 жыл



«Ана» болу қандай бақыт десеңші.

Көрініс «Ананың жөні»





Ойыннан көрініс

Би «Джентельмен»



© 2010-2022