Конспект внеклассного урока на тему Қазақтың тыйым сөздері

Қазақтың тыйым сөздері (тәрбие сағаты)               Сабақтың мақсаты:  Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі арқылы жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуға ықпал ету.             Сабақтың барысы:                         Мұғалім: Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, бірге жасап келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар.               Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы халықтың күнкөрісі, тұ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақтың тыйым сөздері

(тәрбие сағаты)


Сабақтың мақсаты: Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі арқылы жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, бірге жасап келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы халықтың күнкөрісі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы, ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр-сипаты айқын көрінеді. Ата-бабларымыз өздері тіршілік етіп отырған орта, табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, ел басынан өткен қилы кезеңдерді, жақсы-жаман жағдаяттарды ой елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз көзқарасын білдіріп отырған.

Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді.

Халқымыздың ғасырлар бойы жасасып, бізге жеткен асыл мұраларының бірі - тыйым сөздер. Олардан халқымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім-тәрбие сіңіреміз. Тыйым сөздер мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық-шаруашылық, еңбек, мәдени-гигиена машығынп, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне тәрбиелейді.

1-оқушы: Тұрмыстық-шаруашылыққа байланысты ырым-тыйымдар

1. Нан үстіне зат қойма.

2. Нанды бір қолыңмен үзбе.

3. Нанды лақтырма.

4. Сүтті төкпе.

5. Сыпырғышты тік қойма.

6. Отқа түкірме.

7. Тұзды баспа.

2-оқушы: Мәдени-гигиеналық машығын қалыптастыратын ырымдар мен тыйымдар

1. Шелектегі суға аузыңды салма.

2. Саусағыңды аузыңа салма.

3. Бас киіммен ойнама.

4. Таңдайыңды қақпа.

5. Басыңды шайқама.

6. Екі езуіңді керме.

7. Шашыңды аяқ астына тастама.

8. Жағыңды таянба.

3-оқушы: Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері

1. Жалғыз ағашты жұлма.

2. Көкті жұлма.

3. Малды теппе.

4. Суға дәрет сындырма.

5. Құстың ұясын бұзба.

6. Су шашып ойнама.

4-оқушы: Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер

1. Үлкеннің алдын кеспе.

2. Адамды айналма.

3. Кемтар адамға күлме.

4. Адамға қарап түкірме.

5. Жаман бұзақы сөзден тыйыл.

6. Кісіге қару кеземе.

7. Үлкеннің жолын кеспе.

8. Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.

9. Анаға зекіме, азабын тартасың.

10. Барды жоқ деме, барың жоқ болады.

5-оқушы: Ырымдар мен тыйымдардың баланы қауіптен сақтандыратын түрлері

1. Отпен ойнама.

2. Оттан аттама.

3. Пышақты шалқасынан қойма.

4. Пышақтың жүзін жалама.

5. Аяқ-қолыңды жіппен байлама.

6. Түнде суға барма.

Мұғалім: Қазақ халқы осындай ырымдар мен тыйым сөздер арқылы ұл-қыздарының оғаш та осал қылықтарын сынап, тыйым, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған.

Ырымдар мен тыйым сөздер - халқымыздың айнала қоршаған орта, табиғат, өзара қарым-қатынас туралы өмірдің өзінен түйіндеген пайымдаулары мен қағидалары, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмымының көрсеткіші.

6-оқушы: Ырымдар, тыйымдар және экология.

Ежелгі халықтардың туған топырақ, атамекен, табиғат, жан-жануарлар туралы ұғым-түсініктері, таным-талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Қазіргі мекен-тұрағымыз, жеріміз экологиялық апат аймағына айналып, экологиялық сырқатымыз асқынып, дағдарып отырған кезеңде де ата-бабаларымыздың мың жылдық тәжірибесінен үйренеріміз көп. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-мағынасына ой жүгіртіп көрейікші. Олар негізінен жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелейді.

7-оқушы: Халқымыз «Көкті жұлма» деген, «Көкті жұлсаң көктей соларсың» деп жаман ырымға жорып, жұлғызбаған.

«Нанды бір қолыңмен үзбе», «Нанның үгіндісін аяққа баспа» деген сөздерде дәмге, оны дастарханға келтіретін еңбекке деген құрмет сезімінің ізі бар. Сондай-ақ ата-бабамыз «Тал кескенше, қолыңды кес», «Қарағай кессең, қаңғырып қал» деп өсіп тұрған ағашқа тигізбейді. От жағуға тек қарағай мен шыршаның кеуіп кеткенін, малдың қиы мен тезегін пайдалануында күнкөріс қамынан да басқа себеп болса керек.

8-оқушы: Халқымыздың тобылғылы сайға қой түсіртпей, ши атаулыны қорық қылып, күзет қоюының өзі күнкөріс қамы ғана емес, табиғатты қорғау, аялау әрекетінен туындаса керек. Қазір орындалып жүрген халық әндерінің бірінің «Тобылғы сай» аталуы тегін емес.

Ән орындалады.

9-оқушы: Қазақ халқының жер, су туралы ұғым-түсініктеріне назар аударалық. «Обал болады» деп егінді, шалғынды жерді бет алды бастырмаған, «Ағын судың арамы жоқ» деп суға дәрет сындырмаған, «Судың да сұрауы бар» деп ағынды суды бұрғызбаған.

10-оқушы: Құстар мен аңдарға жасаған рақымшылығын мынадай ұғымдардан білеміз: «Құстың қарғысына ұшырайсың» деп құстардың ұясын бұздырмаған, «Бетіңе шұбар түседі» деп жұмыртқасын жарғызбаған. Халқымыз қыран құсты атқызбаған, «Аққу құс киелі» деп оған құс салуға, оны атуға тыйым салған. Сондай-ақ қарлығашты киелі деп ұққан. Егер қарлығаш киіз үйдің шаңырағының шандуында ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.

11-оқушы: Ата-бабаларымыз малды тепкізбеген. «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбайды» деген, «Құты қашады» деп малды басқа ұрғызбаған, балағаттамаған. «Сиыр мен қойдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяққа басқызбаған.

12-оқушы: Біздің халқымыз аңдарға да рақымшыл болған. Аң аулаудың жөні осы екен деп оларды бейберекет өлтіре бермеген. Қажетіне қарай үнемдеп аулап, қалғандарының өсіп-өнуіне жағдай жасаған.

Мұғалім: Сол сияқты жәндіктерге де рақымшылық жасағанын мынадай ұғымдар арқылы сезінеміз «Бақаны өлтірсең жаңбыр жауады» деп өлтіртпеген, абайсызда жылан үйге кіріп кетсе оны өлтірмей, басына ақ құйып, ептеп шығарған. Халықтың педагогикалық тәрбие құралдары мен тыйымдарын жүйелі түрде пайдаланып, сөзіміздің қадірін арттыру өз қадірімізді арттырумен пара-пар.

Ертеде дүниеден өткен данагөй аталарымыз бен әжелеріміз айтып кеткен ескертпелерін әр кезде есімізде сақтайық.

© 2010-2022