Класс сағаты»«Жігіт сұлтаны»

Тақырыбы: Жігіт сұлтаны Мақсаты: А. Оқушыларға азамат болу деген ұғымды түсіндіру, мағынасын ашып беру; Б. Шын адал достыққа баулу, адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер:  адам және азамат туралы нақыл сөздер,  суреттер, өлең шумақтары. Ел азаматы болу әр адамның мiндетi. Ақылды адам көрiгi – ақылдың сабыр серiгi. Мiне осындай мақалдар ел аузынан, адам, ата-анадан қалған қасиеттi ұлағатты сөздер. Адам баласының iшкi дүниесi ақыл бар қасиет. Халық арасындағы мәдениеттi ұлттың бедел, адам сыры мәденииетiнiң дамуы ойдың дұрыс болуы – қаншама бақыт екенi белгiлi. Өмiрге келген адам бақытты. Адам өмiрге келгенде әр адамның өзiндiк ойы, қандай кәсiппен айналысуы, қанға бiте дүниеге келед.i Оның қиындығы, қызығы iште жатқанда маңдайға... Қорытынды:  Балаларымыз бақытты болып, тәрбиелi болуына тiлегiмiздi қосайық. Еңбек етудi естен шығармасақ, қиындықты да, қызықты да баламен бiрге бөлiскен жөндi де мәндi.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Жігіттің сұлтаны"

(Сайыс-байқау)

1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді "Жігіт сұлтаны" сайысын тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан

Қырандардың қосында.

1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнекей, қырандар!

Босқа қарап тұрмаңдар!

Бастап жігіт өнерін,

алыстарға самғаңдар!

2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.

2-жүргізуші: Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп.

Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.

№1 асық. Мал жіліктерінің атауын айт.

І. Қол жіліктері: 6

1. Кәрі жілік - 2

2. Күң жілік - 2

3. Жауырын - 2

ІІ. Сан жіліктері: 6

1. Асықты жілік - 2

2. Тоқпан жілік - 2

3. Жамбас - 2

№2 асық. Қонаққа ет тарту рәсімі қалай?

1. Құда табақ: бас, жамбас

2. Күйеу табақ: төс т.б.

№3 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?

1. Түйе - Ойсылқара

2. Жылқы - Қамбар ата

3. Қой - Шопан ата

4. Ешкі - Шек-Шек ата

5. Сиыр - Зеңгі баба

№4 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.

1. Қаңтар 7. Шілде

2. Ақпан 8. Тамыз

3. Наурыз 9. Қыркүйек

4. Сәуір 10. Қазан

5. Мамыр 11. Қараша

6. Маусым 12. Желтоқсан

№5 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

І. Жылқы - құлын

ІІ. Сиыр - бұзау

ІІІ. Қой - қозы

ІҮ. Ешкі - лақ

№6 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.

Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

№7 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр,

той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

№8 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?

Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.

(Ән орындалады)

2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.

1. Салмақ тасын көтеру.

2. Мойын арқан тартпақ.

3. Білек күшін сынау.

2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

(Ән орындалады)

1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.

№1 асық. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.

Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.

Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.

№2 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар

1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші

2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

№3 асық. Жеті атаны талдап беру.

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

№4 асық. 5 асыл мен 5 дұшпанды ата.

Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой,

қанағат ету, рақым жасау.

Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ,

еріншек, бекер мал шашпақ.

№5 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.

Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи,

сақина салу т.б.

Жүргізуші: "Жеті атасын білмеген жетесіз" - деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!

(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)



© 2010-2022