«Бақ-берекем, құт-мерекем, әз Наурыз!

(Алқына жүгіріп шығып кетеді) Алдар көсе: Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып, Қане, алыңдар, қалмасынтамақ суып.(Казанның ішіндегі бауырды столдарга ұсыну.2 тарелкадан қыздар ұсынады.) Алдар көсе:Қызыр ата, көрген шығарсызөнерімді Қызыр ата: Әй, Алдарымай, мына тұрған мені де алдап кететінтүрің бар-ау!Тазша балам, сен қандайөнер көрсетесің? Тазша бала:Мен бе, Қызыр ата? Менің бар ғой қолымнан келмейтіні жоқ жоқ. Мереке қонақтарынби билетіп, ойын ойнатып жіберем. ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Фанфар.

(Сахнада оркестр отырады, күй ойнап болған соң, жүргізушілер оқиды.)

1-жүргізуші:
Алдарыңызда өнер көрсеткен мектебіміздің жанынан құрылған саз оркестрі. Дина Нұрпейісованың күйі «Тойбастар». Жетекшісі: Жолмағанбетова Жанар Әділгерейқызы

2- жүргізуші:

Осы орындауда күй: «Еркесылқым»
1-жүргізуші:
Дәстүрге айналған ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құ тты болсын!
2-жүргізуші:
Ұлыс оң болсын !
1-жүргізуші:
Ақ мол болсын!
1-жүргізуші:
Ілесіп наурызбенен көктем жетсін,

Көңілі үлкен кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер азамат

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін.
2-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен шуағыңмен күн ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

1-жүргізуші:
Салтымен ата-бабаның
Жаңғырды қайта заманым.
Тіршілік басы, Наурызым,
Құтты болсын қадамың
1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.
2-жүргізуші:

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Шашу!!!
шашу шашылсын!
Ел мерейін асырсын!!!

(Шашу шашылып жатқанда оқылады.)
2-: жүргізуші:

Құтты болсын елімнің мерекесі, Мықты болсын қашанда керегесі!
Тату тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі.

1-жүргізуші:

Мереке құтты болсын!Дәулетіміз шалқып, береке бірлігіміз жараса берсін.!!
(Шашу шашылып болғасын,Музыка ойналып тұрады .)
Фон. « Көк тудың желбірегені»
Құттықтау үшін сөз мектеп директоры Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына беріледі.

2-: жүргізуші:

Наурыз келді жайраң қағып, таң күліп,

Жап жасыл боп кетті дүние жаңғырып

Жақсылыққа жаршы болған наурызым

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
1-жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін

Аямас өнерпаздар ән мен жырын

Тойлайық Халық тойын наурызымның

Шуағын жерге төккен бақыт күнін

Ән: «Наурыз думан»
Орындайтын: Мырзабергенова Аида, Еңсепова Анель
(Сахналық қойылым)

(Ортаға Қыдыр ата және балалар шығады, қонақтар келед)

Әлішер: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонақтарымыз да келіп қалыпты. Қане кошеметпен қарсы алайық.Армысыз, төрлетіңіздер!

Қыдыр ата: Қош келдіңдер, төрлетіңдер!

Күн ана: Сәлембердік, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Тазша: Ассалаумағалейкум, Уағалейкуассалам Қыдыр ата!!

Күн Ана:
О, қасиетті Жер ана, Алла-тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау-тасыңнан, жан-жауарыңнан бастап адамзаты?ң дейін қуаныш, нұрын себу үшін өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді шақырғалы отырмын.

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.

Көктем Ару:
Армысыздар,халайық,
Бармысыздыр халайық

Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.

Күн ана:
Бүгін Ұлыстың Ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.
1-жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен
Ел болып қарсы алайық!
Күн ана:

Зарыға күткен жаңа жылым

Наурызым келді ау

Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке

Ұрпақтарым аман өт,

Жамандық әрі кет, әрі кет!

Наурыз батырым кел, төрлет!

Наурыз:

Сәлем, Анам алтын күн

Нұр шуағы халқымның

Ашық болсын аспаным

Аман болсын жас кәрің

Жыл иесі жылқы жыл

Құт иесі жылқы жыл

Бақыт әкел еліме

Құт береке молшылық

Дари берсін еліме.

Қыдыр ата:

Рахмет Наурыз батыр, Күн ана , Ару көктем тойымызға келген қадамдарыңа гүл бітсін.Бүгінгі тойымыздың мәні мен сәні болыңдар.

Уа ағайын, Бүгін Күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін. Беу,халайық, жер ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы Әз наурыз ір отбасына береке әкелсін. Жыл он екі ай, 365 күн асыға күткен, жер жүзі мейірге жылулыққа шомылған, қыз бозбала құлпырған киелі наурыз сендерді шаттыққа бөлесін.

Қыдыр ата: Я, Алдар, Тазша бастарың бірігіп қалыпты ғой, жақсылыққа болғай!

Алдар көсе: Қызыр ата, жақсы пейілді адамдарға көмек көрсетіп, қара ниетті адамдарды алдап жүрген жайым бар.

Менің бір әнімді тыңдап көріңіздер!

Мен Алдармын, Алдармын,

Сайтанды да алдаймын.

Уа, жараңдар, жараңдар,

Ана жаққа қараңдар.

Тойқазанын көтерген

Бұл не қылған адамдар?

Бұл кім десем, апыр-ау,

Шығайбай ғой, бәтір-ау!

Меңсұлу қызы қасында,

Шықбермес қой расында!

Шапанымен қазанды жауып жатқан Шығайбайдың қасына келіп):

Не істеп отырсың, байеке,

Жұмыртқа басқан тауықтай.

Қазанға жапқан шапаның

Отқа жанса қауіп қой.

Шығайбай:

Қазан жоқ бұл жерде....

: Қуын қара байекеңнің,

Наурыз тойында қазанын қорғамақ.

( Сол кезде дабыл қағылады)

Алдар көсе:

Аттан! Аттаныңдар!

Байеке, бол, тез аттан,

Қасқыр шапты қойыңа!

Шығайбай: Ойпырмай, бұл қалай?!

(Алқына жүгіріп шығып кетеді)

Алдар көсе:

Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,

Қане, алыңдар, қалмасын тамақ суып.

(Казанның ішіндегі бауырды столдарга ұсыну. 2 тарелкадан қыздар ұсынады.)

Алдар көсе:Қызыр ата, көрген шығарсыз өнерімді

Қызыр ата: Әй, Алдарымай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар-ау!

Тазша балам, сен қандай өнер көрсетесің?

Тазша бала: Мен бе, Қызыр ата? Менің бар ғой қолымнан келмейтіні жоқ жоқ. Мереке қонақтарын би билетіп, ойын ойнатып жіберем.

Жарайсың, Тазша бала, ойыныңды да ойнатарсың, енді балалардың өнерін тамашалайық.

Би «Қара Жорға»

Қыдыр ата: Жарайсыңдар, өнерлеріңе тәнті болдым.Ендігі кезекті ойынға берсек.Ол үшін маған жүргізушінің көмегі қажет.

Ойын

1-жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызға кеспе жапырақтар таратылады. Сол жапырақтарда ойын шаттары берілген. Барлық қонақтарымыз бірге атсалысуға шақырамыз. Олай болса сәттілік!

(Әр столдың жанына барып, ойындар таңдалады)

Ойын шарттары:

Сіздер жасыл жапырақ кеспелерін таңдауларыңыз керек.Ойын шарттары сол кеспеде берілген.

1 топ.

Пантомимо.Топтан бір ойыншы шығып, ым-ишарамен өз тобына біз берген сөзді жасыруы тиіс. Қыдыр ата.Асық. Киіз басқан аналар. Ән салып тұрған әжелер

2 топ.

Наурыздағы салт дәстүрлері.

3 топ .

Ұлттық аспаптардың дыбысын салу кемінде 5 түрлі аспап.

4 топ.

Ұлттық ойындар жөнінде не білесіз?

5 топ.

Ұлттық биді нақышына келтіріп билеу.

6 топ.

Наурыз мейрамында айтылатын әндер

1-жүргізуші:

(Әр ойын сайын, барлық қатысушыларға рахмет, айтамыз, жаңа жылда табысқа жетіп, кәсібіңіздің берекетіне кенеліңіздер)

1-жүргізуші:

Наурыз мерекесі әрқайсыңызға көтіңкі көңіл-күй, қажымас қайрат, өшпес үміт пен шаттыққа толы болсын!!!!!!!

2-жүргізуші: Барлық қатысушыларға рахмет айтамыз.Жаңа жылда жаңа табыс отбасыларыңызға амандық тілейміз. Той шашуымызды қабыл алуларыңызды сұраймыз.

1-жүргізуші:

Ән Айым «Шақырады көктем» Сахнада Жас та, талантты әнші Мейірімханова Айым

Қыдыр ата:

Мынадай той думанда наурыз жайында не білетіндеріңді ортаға салыңдар,Ол үшін мына сауалдарыма кім жауап береді.

Наурызшешек дегеніміз не?

Наурызек дегенді қалай түсінесіңдер?

Наурызнама қандай дәстүр?

Наурызша дегеніміз не?

Наурыз көже қандай тағам?

Алишер: Ата, Наурыз көжеміз де дайын болып қалыпты, ендеше қонақтарымызға дәм татырайық.

Тазша: Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арытып келдік, әліде басқа жерге баруымыз керек, ендеше жолға дайындалайы, ақ батаңызды беріңіз.

1-жүргізуші: Қызыр атамның батасына мың алғыс!!

(Бата беріп болған соң, барлық балалар шығып жатады)

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдік пе?

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке

1-жүргізші:

Көргенде қуанасың таза ауаны

Құлаққа естілгендей жаз әуені

Жыл сайын тойланатын мәңгі-бақи,

Наурызың-құтты болсын қазақ елі!!

Ән Айым «Қазақ елі осындай!»

Сахнада облыстық ән байқауының жүлдегері Ұзақбаева Айым.

2-жүргізуші: Бұл жыл баршаңыздың естеріңізде қаларлықтай қымбат естеліктерге толы болсын! Көңілдеріңізге береке, ынтымақ, достық пен күлкі ұяласын! Ұлыс оң болсын!

1-жүргізуші: Осымен мерекеміз аяқталды. Баршаңызды ауыл тойларына шақырамыз.Қош сау болыңыздар!!!








© 2010-2022