План урока по воспитательному работу на тему Ұстаз - ұлы тұлға

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұстаз - ұлы тұлға» атты мерекелік кеш

Сахна безендірілген түрлі түсті гүлдер , шарлар. Интерактивті тақтадан ұстаздар туралы слайдтар көрсітіледі. Нақыл сөздер

Ұстазға қарап шәкірт өседі

Ұстаз мәртебесі- ел мерейің

Ұстаздан шәкірт озар

Ұстаз - ұрпақ мақтанышы

1-жүргізуші: Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Ұстаз - ұлы тұлға» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші Армысыздар,ардақты ұстаздар!.Баршамыздың сауатымызды ашып білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар!.Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім, ал мұғалімдердің тірегі - мектеп басшысы. Жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақшасының директоры Уразалиева Айман Нургалиевна және оқу ісінің орынбасары Дуйсенова Гульнар Аманжоловнаға құттықтау сөз береміз.( Сыйлықтар ұлкен ұстаздарға) Вокал тобы ән шашу «Ұстазыма», «Мұғаліма» әндер орындалады.

2-жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар,

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар. Сіздердің алдарыңызда 11 сынып оқушылары « Учат в школе» әнімен.

  1. Түрлі әріп жазуға

Терең білім алуға

Үйренеміз әлі талай әлі талай

Кітаптарды оқуға

Бәрін ойға тоқуға

Үйренеміз, үйренеміз біз мектепте

  1. Буквы разные писать

Тонким перышком в тетрадь

Учать в школе, учать в школе, учать в школе

Книжки добрые любить

И воспитанными быть

Учать в школе, учать в школе, учать в школе

Мұғалімдерге жалпы открытка беріледі 11 сынып оқушылары.

Осы жерде алдын - ала мектепте « Алтын жүрек» ақция қорытындысы айтылады.

Ең ақылды ұстаз. Ең сымбатты ұстаз. Ең беделді ұстаз. Ең сабақты жақсы түсіндіретін ұстаз. т.б. номинация бойынша ұстаздар құттықтау дипломдар алады

1-жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

2-жүргізуші: Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- ұстаз. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.Сөз кезегі Шежін ауылдық округінің әкімі Сариев Абат Мағауұлына беріледі. Осы мереке орай ұстаздар әкім атынан сыйлықтар немесе мадақтамалар мен марапатталады

1-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Алдарыңызда «Гүлдаурен» бишілер тобы.

2-жүргізуші: О,Ұстаздар,басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз

Сөз мектеп мұғалімдеріне беріледі.

© 2010-2022