План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Біз салауатты болшақ үшін».       Сыныбы  -8а Мақсаты: 1.       Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін дәріптеу. 2.      Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын, ұжымдық қарым-қатынастарын дамыту; 3.       Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Оқушылардың бой...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақкөл орта мектебінің информатика пән мұғалімі Шайхимова Самалгул Бахытжанқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Біз салауатты болшақ үшін». Сыныбы -8а

Мақсаты:

  1. Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы -денсаулықты сақтаудың басты жолдары -зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін дәріптеу.

  2. Ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын, ұжымдық қарым-қатынастарын дамыту;

  3. Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан - жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге және өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу тәрбиелеу.

Түрі: ашық сынып сағаты

Көрнекілігі: слайдтар, кітаптар, буклеттер, стен газеталар, видеороликтер т.б.

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасы

  3. Ситуциялық сұрақтар

  4. "Біз алауатты болшақ үшін..." жарнама көрсету

  5. Тренинг

  6. Рефлексия

І. Ұйымдастыру:

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық!

Бүгінгі тәрбие сағатында үш топқа бөліну арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз

План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

І. Үй тапсырмасы:

А) Әр топ өздері, ұраны туралы айтып өтеді

Б) "Өмірің өз қолыңда" қабырға газетін қорғау. Әр топтан бір оқушы өз қабырға газеттерін қорғайды.

ІІ. Ситуациялық сұрақтар: Бұл бөлімде ситуациялық сұрақтарға әр топ мүшелері өз ойларын айтады.

План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

  1. Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты.Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің.Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқмапсың.
    Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.

  2. Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.
    Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

  3. Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп ішімдіктің иісі шығатынын бір-екі рет байқадың. Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ. Ата-анасына айтайын десең досыңның көңілін қимайсың. Сен досыңды қалай құтқарар едің?

  4. Саған 11-сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер. Екеуміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды. Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?

ІІІ. "Біз салауатты болшақ үшін..." жарнама көрсету.Видеороликтер дайындау

План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

Ү. Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

Рефлексия:

План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

ҮІ. Қорытынды: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ » деп жауап беріпті. Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың

кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі -салауатты болашақ » - дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Кезек әділқазыларға беріледі. Әділқазылар үш топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.



План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

План классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшінПлан классного часа на тему Біз салауатты болашақ үшін

© 2010-2022