Тақырыбы: Мүшайра мектепшілік Соғады жүрек

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемсінің

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Соғады жүрек»







Ұйымдастырушы: Д.Асқарбаев

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:А.Серікбаева

Өтілу мерзімі: 7-ақпан 2015 жыл

Өтілу орны: Ақсай орта мектебі қазақ тілі кабинеті

Мақсаты:

а) Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен өлеңдерін таныстыру

ә) Әр өлеңін мәнерлеп жатқа айтуға көңіл бөлу

б)Еліне , жеріне , Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: М.Мақатаев портреті ,слайдтар, ақынға арналған ұлағатты сөздер.

Барысы.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар , оқушылар, жыр сүйер қауым. Халықтың сүйікті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Соғады жүрек» атты мүшайраға қош келдіңіздер.

Мұқағали жүздеген жылдарда бір рет туып , адамзаттың рухани байлығына мәңгі жасар рухани перзентіне айналатын бірегей дарындардың бірі. Мұқағали поэзиясы - адамзаттық пен адамгершіліктің симфониясы. Әр шумақ әр өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да , тасқа да жыр салған. Ақын жүрегінің жанталас үні естіледі деп - ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай Мұқағали Мақатаевтың жырлары тіршілік тамырындай өміршең , мәңгі жырлар.

Ақын туралыт слайдымызға көңіл аударсақ.

Жүргізуші: Мұқағали - ұлттық поэзиямыздың кеңес дәуіріндегі қазақ ақынының зор тұлғасын жасады. Жырымыздың ішкі мазмұнымен көкжиегі кең көркемдік ізденіспен жақсы байытты. Кесек - кесек шығармалар жазды. Енді осы мүшайрамыздың алғашқы құтықтау сөзін мектебімізга қолдау көрсетіп келген _Утанов Ардақ Нүсіпжанұлына сөз берсек

Жүргізуші: «Бүгін менің туған күнім,

Ой, бәле -ай.

Мына адамдар неге жатыр тойламай,

Банкет жасап берер едім өзім - ақа

Тәңірдің бір жарытпай -ақ қойғаны -ай

деген мәрт мінезді өр кеуделі , от жүректі ақын Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданының Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Ауылдағы орта мектепті бітіргеннен кейін ол өз ауылында қоғамдық қызметттер атқарған кейін аудандық газетте әдеби қызметкер , қазақ радиосында диктор болған , «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарды. Қазақстан жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған. Ақынның поэзия саласында сіңірген еңбегі ерен.

Келесі кезекте мектебіміздің директоры Ж.Баймбетовке сөз береміз.

Мұқағали аз күндік тірлікте нағыз алыптарша еңбек тындырып кеткен нәзік жанды ақын. Жарық дүниемен қоштасқалы қаншама жылдар өтсе де ақынның ақиық туындылары 21ғасырға жаңа сәнмен , бет түзеген рухани керуеніміздің көш басында келеді. Мұндай үлкен бақыт , шексіз құрмет , жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар шыққан дарабоздарға ғана бұйырған. Олай болса жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші,бүгінгі мүшайрамызға қатысатын мектебіміздің оқушыларын құрметпен ортаға шақырайық . Ортаға

4-сынып оқушысы Жеңіс Мадина

6-сынып Мақабыл Альвира

6-сынып ТІлепбай Аружан

7-сынып Дажайбек Қаршыға

2 -жүргізуші: Мекен жайым жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам , қағаз , уақыт бер тек аздаған ,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін -

деп ақын өзі жырлағандай Мұқағали ақынның туғанына биыл

80 жыл толып отыр. Заманымыздың ғажайып ақындарының бірі алаулатқан таңдардан , қарауытқан таулардан түйсік алатын , көрінбейтін алғыр бояулардан естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын Мұқғали мұрасы таза да мөлдір , шынайы поэзиядан тұрады.

Композиция. Марвен Әділет және Ақай Алмагүл

Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңі құдіретім ,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген -

деп ақынның өзі жырлағандай қазақтың күпі киген қара өлеңіндегі құдіретті Мұқағалиша сезінген өнерпаз кемде-кем. Ақынның осында жалғыз ауыз сөз арқылы қым-қуат тағдыры бар , тарихы бар жұмбақ халықтың жаратылысынан қай биікке көтеріп тұрғанын байқау қиын емес. Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін өлкеде қара өлеңге қанат жалғаған қас шеберлерін қай-қайсысы болсын күпілі жырға үлкен үміт артқан .Ал Мұқағали үнінде адами арын , азаматтың болмыс ғажайып нәзіктік пен мұң астасқан қуаттылық жатыр. Заманының запыран қуаты санаңды сарғайтып өзінде барды өзгеге сыйлай алмай сарсаңға түскен сәттерден өтеуін іздеген талант. Көп күттірмей ортамызға келесі талант иелерін шақырайық.

4-сынып оқушысы Жеңіс Мәдина

6-сынып оқушысы Тілепбай Аружан

7-сынып оқушысы Дажайбек Қаршыға

8-сынып оқушысы Мақабіл Мадина

8-сынып оқушысы Данай Мақпал

8-сынып оқушысы Диханбай Жансая

8-сынып оқушысы Ержанұлы Дарын

8-сынып оқушысы Турдай Шолпан

9-сынып оқушысы Елен Аяжан

10-сынып оқушысы Ақай Алмагүл

1 - жүргізуші: Дана жасымен емес , ісімен ол шын ақын жасаған жылдарымен емес , асыл жырларымен қымбат. Мұқағали кейіпкері адамзат қоғамының кешегісімен келешегін санасына салып , сараптап , ой толғап ләйім тебіреніс қимыл үстінде жүріп бүгінгі күннің жақсысына жанашыр болып , жаманымен жағаласып отырады. Ақын жырын кеңестік тынысы да , мезгілдік ауқымы аталған мәртебелі құбылыстарды алға шарт етеді. Сондықтан ақын жыры жасандылықтан ада , Мұқағали поэзиясында қоғамдық өмір мен адамдық қатынастар орын тепкен шым-шытырық оқиғалардың бел ортасында жүреді.

Демекші, ауылымыздың тұрғыны арнайы кешімізге келген қонағымыз_УтановАрдақ Нүсіпжанұлына сөз береміз.

2 - жүргізуші: Мұқағали Мақатаев абзал аналарды суреттегенде , сұлу қыздар мен аруларды суреттегенде өз анасынан көрген мейірімділікті жырлайды. Әйелдер образына өте әсерлі , байсалды жандардай қылып сомдайды.

Анашым , асыл анам , есіл анам

Елжіреп есіркеймін , есіме алам

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтімді

Ақтамасам боп жүрмін несіне адам.

Анашым қайда жүрсең сен күш , арым

Сүйемін дидарыңды мен құшамын

Қайда барсам өзіңдей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы -

дегендей келесі кезекте аналардың құрметіне арнап жылы лебізін білдіруге қонағымыз Райымбек ауданы әкімінің аппарат басшысы Тақабаев Олжас мырзаны ортаға шақырамыз .

Жүргізуші

Мұқағали жыры әлі сан ұрпақтың шөлдегеніне сусын , шаршағанына сая , дертіне - шипа , шалдыққанына демеу болатынын сөзсіз. М.Мақатаев күні батқанмен жыры батпаған алтын бесік халқының өзеген жырып шығуымен бірге өз ғасырын өзі жырлаған және шын мәнінде өзінің рухани ғұмырының ұзақтығына кәміл сенген кемел ақын. Мұқағалидың еліне , жеріне деген азаматтық -ақындық іңкәр сүйіспеншілігі Хантәңіріндей әрі Алатаудай биіктік пен Қаратаудай ежелгі халықтық даналық көрсетсе «Соғады жүрек» шығармалар жинағы кәусар сезімдерге терең мағыналы ойларға қаныққан елінің ақын ұлына деген сүйіспеншілігі мен құрметі сондай биік.

Қорытынды сөз, оқушыларымыздың талантына қанат бітірген ақынның шығармасына деген аса құрметін білдіріп келген Абенов Серік ағамыздың жылы лебізін тыңдасақ.

Жүргізуші: М.Мақатаев атында Қазақстан жазушылар одағының жылдың жақсы ақындарына берілген сыйлығы бар , оның творчествосы туралы көптеген зерттеу еңбектер дүниеге келді. Дипломдар қорғалды , туған жеріне ескерткіш орнатылды. Мұның бәрі ақындарын қадірлей білетін халқымыздың сүйікті перзентіне деген махаббатынан туып отыр. Ғасыр барысында Қазақстан жазушылар одағының шешімімен Мұқағали «Ғасыр ақыны» атанды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына 70жылдық мерейтойы қарсаңында ие болды. Мұқағали бұл абыройға «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Аманат» атты жыр жинағы үшін ие болды. Қадірменді жыр сүйер қауым , ұстаздар және оқушылар Мұқағали Мақатаевтың 84жылдығына арналған кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды қиып , көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше қош -сау болыңыздар.

Қорытынды сөз «Соғады жүрек» атты мектепшілік мүшәйраны демеушілік жасап өткіуге үлес қоқан азамт Утанов Ардақ Нүсіпжанұлына берсек


© 2010-2022