Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі

Сабақтың тақырыбы: Рәміздер – Тәуелсіздік белгісіСабақтың мақсаты: Ø Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу;Ø Ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу;Ø Тәуелсіздікті аңсаған ата – баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт – дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге, рәміздерді құрметтеуге б...
Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі

Сабақтың мақсаты:

  • Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу;

  • Ынтымақ, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт өкілдеріне алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу;

  • Тәуелсіздікті аңсаған ата - баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға, бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт - дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге, рәміздерді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, еліміздің рәміздерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

Топқа бөлу

І топ - «Елтаңба»

ІІ топ - «Ту»

ІІІ топ - «Әнұран»

Мұғалім:

Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін - деп бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі».

Ойын: «Шаңырақ»

Мақсаты: Шаңырақ құрып, уық арқылы оқушылар Отанға деген өз тілектерін білдіреді.

  1. Отанымыздың шаңырағы биік болсын;

  2. Қазақстан көгінде бейбітшілік жалауы желбіресін;

І-топ. «Елтаңба елі»

  1. 1991жылы 2-қазанда - Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады

  2. 1991 жылы 1 - желтоқсанда - қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

  3. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз Республика деп жарияланды.

ІІ-топ. «Ту елі»

  1. 1992 жылы 2-наурызда - Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.

  2. 1993 жылы 15-қарашада - Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.

  3. 1994 жылы - Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

ІІІ-топ. «Әнұран елі»

  1. 1995 жылы 30-тамызда - Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

  2. 1998 жылы 6-мамырда - Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы - Астана деп аталатын болды.

  3. 1999 жылы - Білім заңы қабылданды.

  1. Мақал сөздің мәйегі:

(Отан туралы мақал-мәтел айту).

  1. «Менің Отаным» эссе жазу.

Әр топ сауатты етіп шығарма жазу.

Қорытынды:

Оқушылар!Бүгін біздер Отанымыз Қазақстан, оның Әнұраны, Туы, Елтаңбасы туралы әңгімеледік.

Қазақстан - бүгін еліне достық туын тіккен жер. Ендеше Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызды мақтан тұтайық. Үлкен азамат болыңдар!

Хор: «Менің Қазақстаным».


© 2010-2022