Тәрбие сағаты Қарттарым асыл - қазынам

Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынамМақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі- өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Жүргізуші: Аяжан Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біз...
Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: _______ Келісемін: ________

Мектеп директоры: тәрбие ісі меңгерушісі

Е.Б.Канапьянов Г.К.Агибаева

«____» ___________ «____» ___________





1 қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара















Сыныбы: 10 «А»

Сынып жетекшісі: Оразалина Г.Б






Үшбиік ауылы

2014 жыл

Тақырыбы: Қарттарым - асыл қазынам

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі- өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Аяжан

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны - төр, қатары - алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 24 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырғы ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады. Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі біздің мерекелік кешке қош келдіңіздер!

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!- дей отырып әдемі әнге кезек береміз
Мөлдір мен Аяулымның орындауында «Әкешім» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Аяжан

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарттар - біздің асыл қазынамыз.Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Бүгін сыныбымызда сіздермен сырласу өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Аяжан

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Бүгінгі кездесуімізді қонақтарға сұрақ қою арқылы жалғастырсақ.

  1. Жас кездеріңізде қандай қызықтар мен қиындықтар болды?

  2. Мектеп қабырғасында болған ерекше есте қалған жағдайлар бар ма? Болса айта отырсаңыздар.

  3. Отбасын құру, отбасы болу қиындықтары болды ма?

  4. Өмірлік серігіңізді қалай таптыңыз?

  5. Қазірде қанша балаңыз, қанша немере-шөберелеріңіз бар, қызығын айтып, мақтанып өтсеңіздер.

  6. Туған жер сізге несімен ыстық?

  7. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба? Төбелесіп көрдіңіз бе?

  8. Жарыңыздың қандай қасиеті ұнайды?

  9. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?

  10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?

  11. Мектепте қай пәнді сүйіп оқыдыңыз?

  12. Ән салып беріңізші?

Аяжан өлең оқиды .

Матембаева М. "Ана"

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Би «Қара жорға». (Слайд)

Жүргізуші: Аяжан

Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса .......

Сұрақтар :

1.Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?

2. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?

3. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?

4. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?

Көркем сөз. «Әке» оқитын Аяулым

Енді сіздерге «Тығырықтан шығу» деп аталатын жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.

1. Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

2. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.Сіз не істейсіз?

3. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

4. Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?

5. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?

Жүргізуші: Аяжан

Ойын ойнату

Жүргізуші: Аяжан

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ -ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Олай болса біз ендігі кезекті мақал-мәтелдерге берсек.

Жүргізуші: Аяжан

Қымбатты да, қадірлі қариялар!

Ақылы асқан дариялар! Қазіргі уақытта немере мен шөберенің қызығын қызықтап отырған асыл жандар. Алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, әжелік, аталық асыл бақыт тілейміз. Немерелеріңіздің қызығын қызықтап осындай сұлу қалыптарыңыздан танбаңыздар дегіміз келеді.

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін,- деп тілек тілеп бүгінгі мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата-әжелер бата, ізгі ниет-тілектеріңіз болса,сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Жүргізуші: Аяжан

Смайликтер арқылы алған әсерлеріңізді, көңіл - күйлеріңізді көрсетсеңіздер.

Жүргізуші: Аяжан

Сіздерге арналған сыйлықтарымыз бар. Қабыл алыңыздар! Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!!!








© 2010-2022