Доклад на тему: Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті

Мақсаты:           Ата-аналар мен педагогтың бірлесе жасаған әр қилы іс-әрекеттері оқушыларды тәрбие тұрғысынан әлеуметтендіру.     Міндеті: -         оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, шағын ортасын, өмір сүру жағдайын анықтау; -         жеке тұлғалар арасындағы түрлі қарым-қатынастарда кеңестер беріп, әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, олардың тұрмысын, тіршілік жағдайларын жақсартуда қажетті көмек көрсету; -         балаларға қамқорлық көмек көрсету барысында мұғалімде...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті


Мақсаты:

Ата-аналар мен педагогтың бірлесе жасаған әр қилы іс-әрекеттері оқушыларды тәрбие тұрғысынан әлеуметтендіру.

Міндеті:

  • оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, шағын ортасын, өмір сүру жағдайын анықтау;

  • жеке тұлғалар арасындағы түрлі қарым-қатынастарда кеңестер беріп, әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, олардың тұрмысын, тіршілік жағдайларын жақсартуда қажетті көмек көрсету;

  • балаларға қамқорлық көмек көрсету барысында мұғалімдермен, ата-аналармен, арнайы әлеуметтік қызмет орталықтарымен қарым-қатынаста болу;

Әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы - отбасымен жұмыс болып табылады.

Ата-аналармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет отбасындағы көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған.

Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен әрекеттене отырып жұмыстану, ата-ананың педагогикалық белсенділігін қалыптастыру болып табылады.

біріншіден, ата-аналармен өзара сенімділік қарым-қатынас, олардың тәрбиеге көзқарасын жандандыру, өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнату.

екіншіден, ата-аналарды бала тәрбиесіне ұйымдастыру шеберлігіне теориялық және практикалық бағытта меңгерту. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бір-бірімізді толықтырып, жұмыс істеу барысында « жеке тұлға - отбасы - қоғам » жүйесі қалыптасады.

Сондықтанда әр отбасының әлеуметтік тарихына зерттеу жүргізу арқылы, отбасының әлеуметтік тұрмыс жағдайын анықтап алдық. Осындай анықтау жұмыстарын жүргізу арқылы мектепте, барлығы 417 отбасын анықтадым. Оның ішінде толық отбасы 87%, толық емес отбасы 13 % ж.басты ана 12 %,

ж.басты әке 1 % ,

яғни, 777 - ата-аналар санының әлеуметтік тұрмыс жағдайы анықталды. Осы 777 ата-ананың жұмыс жасайтыны 86,1 %, жұмыс жасамайтыны 12,9 %, 0,6 % - мүгедектік топта, 0,4 % зейнеткер жасындағы ата-аналар.

Осыдан келіп бірлесе әрекет етуді ұйымдастырудан мынандай мүмкіндіктер:

  • анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу;

  • бала тәрбиелеуде қажетті ата-аналардың адамгершілік , әлеуеттік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу ;

  • әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;

  • баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көп құрылымдылығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын , тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну.

Сұрақтарға жауап бере отырып «Біз қандай ата-анамыз?» тақырыбында тест өткізу арқылы, ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасын анықтап алдым. (11-слайд).

  • 6 ұпайдан төмен ата-аналар саны-98.Негізгі тәрбие жөнінде түсініктері бұлдыр.Бақылау жоқ, күні бойы жұмыс істеп, бала тәрбиесіне аз көңіл бөледі.Тәрбие саласындағы білімі кемшін.


  • 7 ұпайдан 14 ұпайға дейін.225 ата-аналар саны, бала тәрбиесінде үлкен қателік жібермегенімен педагогтардың көмегі қажет.Басқа мәселелерді қоя тұрып, балаға толық көңіл аудару керек.

15 ұпайдан жоғары.454 ата-аналар саны бала тәрбиелеуде өз міндеттерін толық меңгерген.Осыған қарамастан біраз нәрселерді жақсарту үшін, әлеуметтік педагогпен әрекеттене жұмыстану қажет






Доклад на тему: Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті

Доклад на тему: Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті

Доклад на тему: Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті







Әрбір Нәтижесі

  • , «ия» 2 - ұпай, «жоқ» - 0 ұпай, «кейде» - 1 ұпай

  • 6 ұпайдан төмен.

  • Нағыз тәрбие жөнінде сіздің түсінігіңіз бұлдыр. "Ештен кеш жақсы" деп айтылса да сіз осы мақалға сеніп қалмай, кідірместен тәрбие саласындағы біліміңізді ұштап толықтырыңыз.


  • 7 ұпайдан 14 ұпайға дейін.

  • Сіз тәрбиелеуде үлкен қателіктер жібермесеңіз де, бірақ сізге ойланатын нәрселер бар. Алдымен, алдағы демалыста достарыңыз бен өндірістік мәселелерді уақытша ұмытып, өзіңізді толық балаларға арнаңыз. Балаңыз сізге осы үшін риза болатынына сенімді болыңыз.


  • 15 ұпайдан жоғары.

  • Сіз өзіңіздің ата-ана міндеттерін толық меңгергенсіз. Осыған қарамастан біраз нәрселерді әлі де жақсартуыңыз керек.

  • Доклад на тему: Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті


Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері

Әдіс - ойға алған бір істі жүзеге асыруға бағытталған амал. Ал тәсіл - әдістің құрамды бөлігі ретінде белгілі бір іс шараны жүзеге асырудың реті, қимыл - әрекет немесе іскерлік. Әлеуметтік педагогикалық әдіс-тәсіл, іс-әрекетті жүзеге асыру жолдары. Бұндай әдіс-тәсілдер оқушыларды әлеуметтендіруде, оларға жекелеген , арнайы көмек беруде қолданатын, әлеуметтік педагогтың басты жәрдемшісі. Яғни, бір іс - шараларды жүзеге асыру үшін әдісті қолдану, әртүрлі тәсілдерді пайдалану арқылы шешіледі.

Зерттеуші Э.Ш. Натанзон «жалғастыратын» және «кедергі болатын» әдіс деп екіге бөлген.

Жалғастырушы әдістер - сыйлау, сенім білдіру, үміттену, көңіл бөлу, өз күшіне сүйендіру, кеңесу, өтіну,

Кедергі болатын әдістер - бұйрық беру, ескерту, жазалау, қарсыласу, зекіп айту, сенімсіздік білдіру, ым-шарамен басқару, ызалану - ашулану.

Мен өз іс-әректімде көбінесе сендіру және жаттықтыру әдістерін қолданамын. Бұл әдіс көп жағдайда балалардың ой-санасына, сезім эмоциясына әсер етеді, баланың ішкі жан дүниесін тыныштандырып, үмітін оятып, көңілін көтереді, өз күшіне сенімін туындатады.

Сендіру әдісі-талап қою арқылы - өтірік айтпа, жаман жолға барма, гигиенаны сақтап, таза жүр т.б., ұрлық істеме.

Сендіру әдісі-іс-шара арқылы - әңгімелесу, пікірталас, дәрістер, үлгі-өнеге көрсету, түсіндіріп беру, ұйымдастыру, диспуттар өткізу, талқылау.

Егер сендіру әдісі баланың ой-санасына әсерін тигізсе, жаттығу әдісі баланың жүріс-тұрысына, бойына жақсы әдеттерді дарытуға ықпал етеді.

Осы тақырып төңірегінде ата-аналарға кеңес:

  1. Өз отбасыңыз үшін зиянды әдеттер, нашақорлық, жұқпалы аурулар туралы ақпараттар жинаңыз.

  2. Балаңыз сізден жасырын таспалар көріп жүргенін байқасаңыз, ескерусіз қалдырмаңыз.

  3. Балаңыздың жыныстық жетілуі кезінде психикалық өзгерістеріне сақ болыңыз. Уақытында кеңес беріп, қолдау жасаңыз.

  4. Балаңызбен әңгімелескен кезде ашуға берілмей, ұтымдылықпен жанашырлықпен сөйлескеніңіз жөн.

  5. Әңгіме бір жақты ақыл айтумен шектелмей, керісінше, ашық пікір алмасу тұрғысынан болуы қажет.

Жаттығу әдісі- дұрыс тамақтану ережесін сақтау, жолда жүру ережесін сақтау, тазалық гигиенасы ережесі сақтау.

Жаттығу балалардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін меңгертеді. Яғни, ережелерді орындау әдетке айналып, көп рет қайталау арқылы, тұлғаның жақсы қасиеті ретінде қалыптасады.

Ата-анамен бірлесіп жұмыстанудың арқасында мынадай жетістіктерге қол жеткіздік:


  • Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас жақсарды

  • Отбасының әлеуметтік - психологиялық жағдайы жақсарды

  • Ата-ана мектеп кеңесінде ұсыныстар енгізуге араласты

  • Педагогикалық ұжымның жұмысын бағалайды

  • Отбасында психолог- педагог бола біледі

  • Мұғалімдермен, әкімшілікпен келісіп сабақтарға, мектеп кеңесіне қатысып отырады.

  • Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар жасай алды

  • Баланы жақсы көру, мейірімді жылы сөзбен сөйлесу, өзімен тең дәрежеде ұстау арқылы тәрбиелеуге бағытталды.



Ата-анамен жасаған жұмыстың нәтижесінде:


  • Оқушылардың әлеуметтік жағдайы анықталады


  • Ата-ананың психологиялық педагогикалық тұрғыдан сауаттылық деңгейі жоғарылайды


  • Жанұя жағдайы зерттеліп, олардың қиыншылықтары, қажеттері, мінездегі ауытқушылықтары анықталады


  • Жанұядағы қатынас бір жүйеге келіп жөнделеді


  • Ата-ананың балаға тәрбие берудегі жауаптылығы артады


© 2010-2022