«Қазақшаң қалай, балақай?» байқауы

Олжалы Виктория       Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында қазақ тілінің Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болатындығын баса айтты. Бүгінде өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің балаларын қазақ балабақшасы мен мектебіне  беруі жаңа заманның игі дәс-түріне айналып барады. Біз бұған қуанамыз.     «Арай» балабақшасының «Аққу» тобында ұйымдастырылатын ертеңгіліктерде ақ сары, көзі көк орыстың кішкентай қызы Виктория ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Олжалы Виктория

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында қазақ тілінің Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болатындығын баса айтты. Бүгінде өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің балаларын қазақ балабақшасы мен мектебіне беруі жаңа заманның игі дәс-түріне айналып барады. Біз бұған қуанамыз.

«Арай» балабақшасының «Аққу» тобында ұйымдастырылатын ертеңгіліктерде ақ сары, көзі көк орыстың кішкентай қызы Виктория Мокроусова таңдайы тақылдап қазақша тақпақ айтып, әңгімелесе жөнелетініне риза болып: «Өркенің өссін. Мая, Оксана, Ирина әпкелерің сияқты халқымыздың аяулы қызы бол», - деп ақ тілегіңді еріксіз ақтарып қаласың. Виканың анасы - Старкова Марина аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарады, полиция капитаны. Ол мұндағы тәрбиешілерге: «Мен қазақша түсінгеніммен, адамдармен тілдесе алмаймын. Жұмыс барысында осы жағынан көп қиналамын. Мемлекеттік тілді білу- әр қазақстандықтың парызы дегенге толық қосыламын. Әрі біз қазақ жерінде тұрып, бақытты ғұмыр кешіп жатқандықтан да қазақ тілін білуге, құрметтеуге тиіспіз. Қызымның болашағы үшін оны ойланбастан осында бердім. Викамның қазақ тілін үйренуіне өзінің сүйікті «Балапан» теле-арнасының көп көмегі тиюде»,- деген еді. Әрине, ана жүрегі өз перзентінің тек жақсы болғанын қалайды емес пе?

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен жылда өзге ұлт өкілдері бөбектердің арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» - атты байқау өткізіледі. Балабақшамыз аталған додаға өзге ұлттың 3 талапты бүлдіршінін қатыстырып, қарсыластарын шаң қаптырып, бас жүлдені еншілеген едік. Осы жолы Викторияның бағын сынап көрдік. Балабақша меңгерушісі Анар Жақыпбекова, тәрбиешісі Жанаргүл Молдахан, музыка жетекшісі Айгүл Тасболатовалар үлкен сынға барынша дайындады. Бірінші кезеңде Вика Алакөлдің бүлдіршіні екендігін, анасы мен әкесі, тобы, байқауға қатысудағы мақсаты, болашағы жайлы жырдан шашу шашып, өзін таныстырады. Өнер сайысында «Балдырған» әнін шырқайды. Үшінші айналымда тәрбиешісі Жанаргүл Молдаханмен бірге орыстың «Қолғап» ертегісін сахналады. Бірнеше образды кезек-кезегімен ойнаған кішкентай арудың талабы кімді болса да сүйсіндіргені анық. Ауданы мен қаласының намысын қорғай келген 19 баланың арасында біздің қызымыз ынталандыру сыйлығына тігілген ақшалай жүлде мен аталған басқарманың алғыс хатын еншілеп қайтты.

Жалпы Виктория - латын сөзі, «жеңіс» деген мағынаны береді. Олай болса, кішкентай Викамыздың өмір жолы тек жеңіске толы болсын. Қазақ жерін мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ұйытқы-сына айналған мемлекеттік тілді үйренуге деген талабына нұр жаусын деймін.

Айнаш Қожахметова,

Алакөл ауданы,

№ 1 «Арай» балабақшасының әдіскері.


© 2010-2022