Тәуелсіздік

Қазақ тілінде жазылған Қазақстан республикасының тәуелсіздігііне арналған класс жетекшілерге қажет материал. Материал мәліметтері құнды. Концерт- сабақ түрінде құрылған. екі жүргізуші болып, қызмет атқарады. Сол кезде өз өмірлерін Отанның тәуелсіздігі үшін құрбан еткен жас жандар туралы баяндалады. Солардың өмір жолдары т уралы деректер берілген. Болашақ жас мамандарға көмек ретінде ұсынамын. Дайын түрінде қ олдануға болады. Егер материалым пайдағасып жатса қуанамын.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы»


БҚО. Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Бериккалиева Лидия Куанышбековна

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елің алды егеменді теңдігін.


Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тарихын, мәдениетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу - біздің қолымызда екенін айтып жекізу.

1.Әнұран орындалады.

1 - Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! ҚР - ның Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы» атты сынып сағатын бастаймыз.

Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізген сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі.Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар,өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ иісі мүңкіп тұр.

2 - Жүргізуші:

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қайта қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең алақан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұр еді.

1 - Жүргізуші;

Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар қонтайшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бөлінуі кезеңін пайдаланып жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

«Елім - ай» әні орындалады.

Оқушы: Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күніндей еді ғой. Аш - жалаңаш қайда беттеп бармыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімнен қуылып қайдан, кімнен пайда іздейміз?

Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу, құдай, жаратқан ием,қолдайкөр! Не жаздым бұл өмірде, не жаздым соншама. Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата - бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой.

2-Жүргізуші: Қаншама азапқа түсіп, қуғын - сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп,жоңғарларға күйрете соққы берді.Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шұрайлы егістікт жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары Сырым мен Кенесары,Исатай мен Махамбет батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.

Оқушы:(Махамбеттің өлеңінен үзінді)

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында,

Екі тарлан бөрі едім,

Қай қазақтан кем едім?

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің,

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім.

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім.


1-Жүргізуші: Патшаны тақтан құлатып, бірімен- бірін қырылыстырып, аяғында жаңа қоғам орнатқан қызыл империяның зобалаңы қазақ халқына да тиді. Болашақтан үміт күтіп, сенген халық Кеңес үкіметінің отаршылдық құрсауына шырмалып, жазықсыз жапа шегіп,адал ұл - қыздарынан айырылды.

Егер қазақтың мал - мүлкін тәркілеп, талан - таражға салмағанда 2 млн-ға жуық бауырларымыз аштан қырылмас еді, туған жерін тастап, жер бетіне тарыдай шашырамас еді.

Көрініс.

Оқушы: Кім жіберді аштық деген пәлені?

Кім жауапты? Білгім келер соны мен.

Түйе мініп, атпен шапқан жан еді,

Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен.

Түгін қоймай сыпырды ғой қастықпен,

Болады екен осындайда сұм айла.

Бүкіл жұртты қырып жой аштықпен,

Керек пе еді Аллаға, әлде құдайға?

Аштық жайын еске алудың өзі мұң,

Шаншу сұрақ мазалайды «неліктен»

Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің,

Жер бетінде жүре алмайсың өліктен.

2-Жүргізуші: 1937-1938жж. Сталинизм репрессиясын ойласаң жаның түршігеді, халықтың қамын ойлаған зиялы азаматтарымыз бір түнде репрессия құрбандарына айналғандар қаншама?

Оқушы: Ойсыраған орның толмаса да,

Күтті сені қанша жыл - Ел босаға.

Амал нешік?!

Дәстүрден тайды халқым,

Аққуларды атуға болмаса да!

Әлде кімге білігің жақпады ма?

Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?

Отызға жасы жеткен ағаларды,

Ақ-қарасын айырмай атқаны ма?

1-Жүргізуші: Сталиндік репрессия мен голощекиндік геноцид құрбандықтарына ұшыраған халқымыздың ұл-қыздары Отан соғысы жылдары неміс-фашист басқыншыларына қарсы Ресеймен бірге соғысуға мәжбүр болды. Олар: Б. Момышұлы, Т.Бигелденов, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, т.б. сынды азаматтарымыз жан аямай шайқасты.

Көрініс.

2-Жүргізуші: Халқымыздың қонақжай, қарапайымдылығын білген «келімсектер» Мәскеудің күшімен халқымыздың тағдырын шешуді өз қолдарына алды. Нәтижесінде, Қазақстан уланған экологиялық апат аймағына айналды, шаңырағымыздың төбесінде атом қаруы ашық сыналды, қасиетті Арал теңізі құмға айналды.

Ән «Заман-ай»

Оқушы: Мәз болмайық арқамыздан қаққанға,

Мәз болмайық жұлдыз әкеп таққанға,

Кімге керек жал мен жая жегенің,

Бауырларың қыл тамақ болып жатқанда.

Бауырларым, жанымыз бір кемкде,

Уық сынып, қирап жатыр кереге.

Өз дауысын көтермесе өз елім,

Өзгелерге Абай, Семей немене!

2-Жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 ж. Желтоқсан оқиғасының қанды ызғары бүкіл «Одақ» көлемін шарпып, Грузияда, Прибалтикада, Ресейдегі оқиғалардың тұтануына тарихи әсерін тигізді. Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі - біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, мақтанышына айналған 1986ж. Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген желеумен 99 адам сотталды. 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды., әртүрлі жазалар берілді. Бұл күн 17-18 желтоқсандағы Алматыдағы оқиғаларға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.

Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» мен Ләззаттың «әні» қалды артында.

(Өлеңдерінен үзінді)

«Желтоқсан желі» әні

1-Жүргізуші: Желтоқсан қаһармандары Қайрат Рысқұлбековтың, Ербол Сыпатаевтың, Ләззат Асанованың, Сабира Мухамеджанованың рухына тағзым етеміз.

1991ж. 16-желтоқсан. Біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ күні. Бұл күн - біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн.

(көрініс)

Бей уақытта бойға таққан тұмары,

Тәуелсіздік!Түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Мен айғақпын, ұстамын ертегіге,

Мен бас иемін бүгінге, ертеңіме.

Конституция!Елтаңба!Қазақстан!

Елдік күйін, ел күйін шертем мен де.

Желбіреген байрағың желді күнде,

Биіктерің мәртебең елдігіңде.

Таныта бер Қазақстан, бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.


1-Жүргізуші:Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде біздер қандай жетістіктерге жеттік?

(Оқушылар жауабы)

«Өз елім» әні

1-Жүргізуші: Осымен, «Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы» атты әдеби-тарихи кешіміз аяқталды.


© 2010-2022