Мұғалімдерге арналған коучинг БЛУМ таксономиясы бойынша

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімдерге арналған коучинг БЛУМ таксономиясы бойыншаМұғалімдерге арналған коучинг БЛУМ таксономиясы бойынша

Мұғалімдерге арналған коучинг БЛУМ таксономиясы бойынша

ТАҚЫРЫБЫ: «Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды құрастыру»

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: 1.Мұғалімдер оқушының оқуын ынталандыру үшін Блум таксономиясын қолданудың ролін түсінеді.

2.Сыни ойлау дағдыларын Блум таксономиясы арқылы бағалаудың түрлерін үйренеді.

3. Блум таксономиясы бойынша сыни ойлау дағдыларын бағалауға негізделген тапсырмаларды орындайды.4. Кері байланыс орната алады.

    1. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Мұғалімдер Блум таксономиясы арқылы оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыруға дағдыланады.

    2. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын Блум таксономиясы арқылы бағалаудың әдіс - тәсілдерін сабақта қолдана алады.

    Кері байланыс жасай алады.
  • ТҮЙІНДІ ИДЕЯ:

Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады .Оқыту үдерісінде Блум таксономиясын қолданып оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға болады.

Блум таксономиясы кезең-кезеңмен орындалатын мақсаттар жүйесін қамти отырып, оқушылардың сыни ойлауын бағалау арқылы нәтижеге жетуді білу және түсіндіру үдерісі.


  • ШАРАНЫҢ НЫСАНЫ: мектеп мұғалімдері

  • ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: топпен жұмыс, АКТ-ны пайдалану,диалогты оқыту

  • ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:мұғалімдерге арналған нұсқаулық ,интерактивті тақта,

  • ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: Интерактивті тақта,флипчарт, маркер, стикер(түрлі-түсті), тапсырмаларды орындауға қағаздар, видеоролик

Коучингтін мазмұны

Жұмыстың сатылары

Мазмұны

Мұғалімдердің іс-әрекеті

уақыт

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (жақсы психологиялық ахуал орнату, топқа бөлу)

«Күзгі жапырақтар» арқылы топқа бөлу

Жапырақтың түсіне қарай мұғалімдер топқа бөлінеді

5 мин

Сары, қызыл, жасыл жапырақтар

Ой шақыру

«Себет» стратегиясы бойынша

Өткен коучингтерден алған білімдерін стикерге жазып себетке салады

5мин

Түрлі-түсті стикер,себет салынған плакат

Миға шабуыл

«Менің атым Қожа» фильмін еске түсіру үшін мұғалімдерге үзінді көрсетіледі де, 3 сұрақ құруға тапсырма береді.

Мұғалімдер топтасып,фильм оқиғасын еске түсіргеннен кейін, постердің бірінші бөлігіне фильм оқиғасына сәйкес сұрақтарын жазады.

5 мин

Постер,түрлі-түсті маркер

Мағынаны тану

Блум таксономиясы бойынша түсініктеме беру

Таныстырылым арқылы түсіндіру

10 мин

таныстырылым

Теориялық кезең

«Блум таксономиясы» стратегиясымен таныстыру және осы стратегия бойынша жұмыс ұйымдастыру

Мұғалімдерге таныстырылым көрсетеді және Блум таксономиясына негіздеп сұрақ құрастыру үшін қажетті етістіктер ұсынады.

Тапсырма:

1. Фильм оқиғасы бойынша Блумның ойлау деңгейлеріне сәйкес сұрақтар

шығаруларыңызды сұраймын.

2. Өз құрастырған сұрақтарыңызбен салыстырыңыздар.

3. Сұрақтарыңыздың сәтті шыққан, сәтсіз шыққан жерлерін топпен талдаңыздар. Себебін анықтаңыздар. Қандай қиындықтар туындады?

Өздері дайындаған сұрақтардың сәтті,сәтсіз шыққанын бағалау үшін үш түспен бояу тапсырылады.

Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық деңгейлер

сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау және/немесе

бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.

Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

Блум теориясымен және сұрақтарын құрумен танысқаннан кейін, екінші бөлігіне Блум бойынша қайтадан сұрақтар әзірлейді.

Стикерлер арқылы өздері дайындаған сұрақтарына өздері баға береді және тақтаға шығып,сұрақтар неліктен үш түске бөлінгенін түсіндіреді (сәтті шыққан сұрақтар)

«Блум таксономиясы» стратегиясы жайлы мәлімет алады. Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты құралымен танысады.

10мин

Таныстырылым

Кері байланыс

Мұғалімдерге кері байланыс жасату үшін сұрақ қойылады.

Сіз үшін оқушылар ішіндегі Қожа кім? Неліктен олай ойлайсыз?«Блум таксономиясы» бойынша жұмысты ұйымдастырғанда неге қол жеткізуге болатыны жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі.

Блум бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасын бергенде қиындық болды ма? Не себепті деп ойлайсыз?

Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма?Жұмыс барысында арларыңызда керағар пікірлер болды ма,егер болса, оны қалыпты мәселе деп ойлайсыз ба?

Әр топ өз пікірін айтады.

10 мин

постер

Топпен жұмыс

Дананың кілттері

8 мин

А4 парағы

Рефлексия

Кері байланыс. Рефлексия (стикерде) Екі жұлдыз, бір тілек

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз,нені үйрендіңіз,нені білдіңіз?

Неге қол жеткіздіңіз (тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар кездесті, қандай сезімде болдыңыз)

Нені өзгертер едіңіз? (тағы не білгіңіз келеді, топтық нәтиже мен өз үлесіңізді жақсарту үшін ұсыныстар.)

Кері байланыс. Рефлексия (стикерде)

5 мин

Екі жұлдыз, бір тілек

ҚОСЫМШАЛАР

«Керісінше» кілті - сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».

«Егер де» кілті - «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.

«Әліпби» кілті - берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

«Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R - remove, replace) алып тастау) - күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

«Конструктор» кілті - шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.

«Кемшіліктер» кілті - нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

«Тағы қалай?» кілті - күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.

«Қиыстыру» кілті - үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.

«Жөнсіздік» кілті - ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз


Сұрақ қоюдағы кемшіліктер:
- Фактілер мен бөлімдерге арналған жіңішке сұрақтардың көптігі;
- Оқушыларға түсініксіз сұрақтардың қойылуы;
- Бір сарынды сұрақтардың берілуі;
- Мұғалімнің оқушылардың қате жауабына көңіл аудармауы;
- Шағын топтарға ғана арналған сұрақтарды қолдануы (қабілетті балаларға);
- Басқа тәсілдердің тиімді екендігін біле тұра, жағдайға ғана байланысты сұрақ қою;
- Мұғалімнің өзі қойған сұрағына өзі жауап беруі;

Мұғалімдерге арналған коучинг БЛУМ таксономиясы бойынша Мұғалімдерге арналған коучинг БЛУМ таксономиясы бойынша

Кері байланыс. Рефлексия (стикерде) Екі жұлдыз, бір тілек

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз,нені үйрендіңіз,нені білдіңіз?

Неге қол жеткіздіңіз (тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар кездесті, қандай сезімде болдыңыз)

Нені өзгертер едіңіз? (тағы не білгіңіз келеді, топтық нәтиже мен өз үлесіңізді жақсарту үшін ұсыныстар.)



Кері байланыс. Рефлексия (стикерде)



Екі жұлдыз, бір тілек







Мұғалімдерге арналған коучинг БЛУМ таксономиясы бойынша




РЕФЛЕКСИЯ

Сабақты Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететін технологияның бірі. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Коучингтің негізгі мақсаты -мұғалімдерге БЛУМ таксономиясы туралы тұсінік беру.Коучингті топқа бөлуден бастадым.Қазір күз жыл мезгілі болғандықтан, топқа бөлуді күзгі жапырақтардың түсіне қарап бөлуді тура көрдім.Биылғы жылғы бірінші коучинг болғандықтан, өткенді еске түсіруден бастадым.Мұғалімдер иновациялық технология бойынша білетіндерін еске түсіріп , стикерге жазып себетке салды.Мұғалімдердің бұрынғы қткендеріміздің есте қалған қуантты.Мұғалімдерге алдарындағы қағаздың бір бөлігіне фильмнен көрініс бойынша сұрақтар жазу тапсырылды. Жазып болғаннан кейін презентация арқылы БЛУМ таксономиясы бойынша мағлұмат бердім. Презентациядан кейін сұрақты Блум таксономиясы жүйесіне салуды ұсындым.(БЛУМ өлшемдерін слайдпен көрсетіп қойдым). Олар өз түсінгендерімен жұмыс жасай бастады. Бір қызығы жұмысты жүйелеу арқылы да БЛУМ өлшемдері туралы тереңінен түсінді.Белгіленген уақыт біткен соң әр топ өз жұмыстарын қорғады.Қорғау барысында олар өздерінің практикадағы осы жұмысты алып бару барысындағы жіберген кейбір қателіктерінде айтып өтті. Жұмыс барысында мұғалімдердің интелектуалдылығы,зерттеушілік қабілеттіліктерінің жоғары екендігін байқадым.Олардың бұл қырынан танылуы, яғни сол қырлардың ашылуы менің жетістігім деп білдім. Жұмыстарын қорғау барысында әркім өз пікірінде қалуға тырысты. Себебі барлық топтардың жоспарлары сапалы, құнды етіп түзілген.

Сонымен бұл сессияның қатысушылар үшін тиімді болғаны БЛУМ таксономиясы түсінік қалыптастырды, нәтижеге қол жеткізудің жолдарын үйренді. Мен үшін сессиядағы сәттілік коуч сессиясына қатысушылардың басым бөлігінің БЛУМ таксономиясы туралы азда болса мағлұматтардың барлығы,тақырыптың қатысушылар үшін маңыздылығы.





© 2010-2022