Тәрбие сағаты Абай әлемі

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зайсан аудандық білім беру бөлімі

Абай атындағы орта мектебі

Тәрбие сағаты Абай әлеміАшық тәрбие сағаты



"Абай әлеміне саяхат"

(Абай Құнанбаевтің 170 жылдық мерейтойына орай )



7"б" сыныбы

Сынып жетекші: Жагыпарова Ж.К.

2014-2015 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай әлеміне саяхат"

Тәрбие сағатының мақсаты:

-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

- Адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету, СТО, ыстық орындық,

Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор, бейнетаспа

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән

Тәрбие сағатының кезеңдері:

1. Ұйымдастыру

2. Ой шақыру

3. "Абай дара, Абай дана қазақта"

4. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

5. "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

7."Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"

8. "Тура биде туған жоқ"

9."Болмасаңда ұқсап бақ" Оқушылар шығармашылығы

Қорытынды











Барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі- Абай.

Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылығымен әйгіленген ұлы тұлға ол-Абай

-Балалар, осы ағымдағы 2015 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен? Олар қандай атаулы күндер?

-Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары ассемблеясының 20 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 170 жылдық мерейтойы.

Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді.

-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыздың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында дара ақын, дана ақын - Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

1-жүргізуші: Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" - деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...

2-жүргізуші:Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…

Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлеміне саяхат" деп аталады

I. Ұйымдастыру

Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, иә.Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінейік те, сол суреттегі жыл мезгіліне байланысты Абайдың 1 шумақ өлеңін айтайық, иә

Қыс- 1-топ Күз-2-топ Жазғытұры-3-топ

II. Ой шақыру (әр топ өз тақырыбына қатысты 4 жол тақпақ айтады)

1-жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2-жүргізуші:

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Мұғалім: тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын

III."Абай дара, Абай дана қазақта"

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?

(Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)

IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

2-жүргізуші: Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз

білеміз.

1-жүргізуші: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік


1-жүргізуші: Абайдың нақыл сөздерін мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
2-жүргізуші: Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , Имандылық тақырыбы
1-жүргізуші: Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы
2-жүргізуші: Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы

1-жүргізуші: Абайдың 19-қара сөзі (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау )

Мағынаны тану, талдау

Бірінші топ а) Қандай мәселе көтерілген?

Екінші топ ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?

Үшінші топ б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?

1-жүргізуші:Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.

Абайдың 17-қара сөзі бойынша көріністі тамашалаңыздар "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"

2-жүргізуші:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына

Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?

Абай - ойшыл.

V."Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

1-жүргізуші:- Ұлы ақынның туған жері - табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы -барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

1- оқушы: Жаз
2- оқушы: Күз
3- оқушы: Қыс
4- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар»
5- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»

6- оқушы:«Өлең - сөздің патшасы , сөз сарасы»

7-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

8- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

9-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»

10-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?»

11-оқушы: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»


1-жүргізуші:-Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген

1-жүргізуші:-Енді Абайдың табиғатты бейнелеген "Желсіз түнде жарық ай" Гаухардың орындауында тыңдайық.

Абай ақын

VI. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

2-жүргізуші: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан - ауызға, заманнан - заманға ауызша ауыса отырып жетті.

1-жүргізуші: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

2-жүргізуші:Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» - әсер етті

1. Қазақ халқының жазба әдебиеті.

2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.

3. Батыс Еуропа мәдениеті.

1-жүргізуші:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

Аяужанның орындауында "Көзімнің қарасы"

2-жүргізуші:- бұл әндерді көпшілігіміз естіп, айтып жүргенімізбен олардың шығу тарихы жайында мағлұматымыз мардымсыз.

1-жүргізуші:- «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.

2-жүргізуші:- Ендеше "Айттым сәлем, Қаламқас" әнінің тарихымен таныса отырыңыздар

Ұлдардың орындауында "Айттым сәлем, Қаламқас"

Бұл әннің тарихын тыңдай отырып, басқа да әндерін тыңдай отырып Абайды тағы да қай қырынан көреміз?

Абай - сазгер.

VII. "Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
1-жүргізуші:Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада бас қосты.Неміс, орыс және қазақ халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы" деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің "горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып" өлеңі жазылған

Енді осы өлеңді қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілінде тыңдайық

2-жүргізуші:- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.

1-жүргізуші:Біз оқыған " қарға мен түлкі " , "шегіртке мен құмырсқа", " есек пен бұлбұл" мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.Енді осы мысалды тамашалаңыздар

2-жүргізуші:- Осы мысалды тамашалай отырып қандай ой түйдіңдер?

1-жүргізуші:- Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?

Абай аудармашы

VIII.Тура биде туған жоқ

2-жүргізуші: Абай ел ісіне де араласқан. Саясаткер ,заңгер Абай туралы мына мәліметтерге қанық болыңыздар

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бұл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен әйел мөселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді.

Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады.Ел баскару қызметінде барынша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.

IX. "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей Оқушылар шығармашылығына кезек берейік

Абайша жырлау:

Абай өлеңдеріне байланысты салған суреттері



«Әлемнің Абайы» өлеңі

1-жүргізуші: Абай біздің -Кемеңгер,
Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,


2-жүргізуші: Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.

1-жүргізуші: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!


2-жүргізуші:Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы

1-жүргізуші:.Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,


2-жүргізуші:.Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,


1-жүргізуші: Ақылменен дана болған


Бірге: Бүкіл елдің Абайы.

"Әлемге танылған Абай" атты суреттер жинақтамасымен таныстыру

Ал қазір Аудандық Абай оқуларына қатысып жүрген Ерболатқызы Гүлімді ортаға

шақырамыз

(Оқушылар сұрақ қояды)

1-жүргізуші: Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.

2-жүргізуші: Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың қалдырған із ешқашанда өшпек емес.

1-жүргізуші: Гаухар мен Аяужанның орындауында " Бабалардың ізін көрем" әні

Кері байланыс

Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ - үшінші топқа, үшінші топ -- бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады.

ҚОРЫТЫНДЫМұғалім:Ал менің сендерге тілейтінім Сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің мектебіміз де осындай ұлы тұлғаның есіміне ие.Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді

Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты - Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.

Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын

- Қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.



Ыстық орындық

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды?

( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?

( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?

(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.

(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)





© 2010-2022