2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама «Достық әнін шырқайық!»

1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарлама.Бүгінде 130-дай ұлтты ұйыстырып отырған елімізде 1 мамыр мерекесінің мерейі үстем. Бұл күн – халқымызды етене жақындастыра түсетін тағылымды мереке. Бүгінгі күні игі дәстүрге айналған бұл мереке – «Алтын бесік» деп аталады. Халқымызда туған жер – алтын бесік деген сөз бар. Баршамыздың ортақ Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан біздің бірлігіміздің алтын бесігі. Қашанда береке бастауы бірлік болған. Қазақстанны...
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

2-жүргізуші: 1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Бүгінде 130-дай ұлтты ұйыстырып отырған елімізде 1 мамыр мерекесінің мерейі үстем. Бұл күн - халқымызды етене жақындастыра түсетін тағылымды мереке. Бүгінгі күні игі дәстүрге айналған бұл мереке - «Алтын бесік» деп аталады. Халқымызда туған жер - алтын бесік деген сөз бар. Баршамыздың ортақ Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан біздің бірлігіміздің алтын бесігі. Қашанда береке бастауы бірлік болған. Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамып отырғаны - еліміздегі жүрегі бір, тілегі орақ түрлі этнос өкілдерінің жарасымды өмір сүруінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз болып табылады.Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артық. Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз - елдің ынтымақ, бірлігі.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау - Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың - феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр - Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

Жұмыр жердің төрінде орныққан ұлттарды айтпағанда, мына өзіміз туған қазақ елі бауырмал.Қазақ еліндегі ынтымақ - бірлікке төрткүл дүние тәнті болуда. «Ырыс қайда барасың, ынтымаққа бармын!» демекші, жас мемлекетіміз күн санап гүлденіп, жыл сайын көркейіп келеді. Халқымыздың бірлігін, ағайынның татулығын сақтау бәріміздің ортақ парызымыз екенін әрдайым жадымыздан шығармайық.

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

3. Ы - Ынтамағы жарасқан ел десең

еңсесі биік -Қазақтың ұлан даласы.

Жүрегі жылы жер десең -

осы елдің бәрі баласы.

Топырағында нәрі бар, тамырында қаны бар

ел жайын ойлар азаматының санасы.

4.Н - намысы болса, бірлігі бұздырмас тірлік іргесін.

Біреуді біреу тіреулеп, бауырдай тартып жүргенсін.

Жанына жаққан жақынсың, өзгере көрме біреуің.

5.Т - тамыры терең тартатын -

«Бәйтерек» елдің қазығы.

Жалынның болсан көңілде -

өшпейтін жүрек жарығы.

6.Ы - ықылысы мен пейілі -

кендігіндей елінің,

даласындай жерінің

қазақтың дархан төрі де.

7.М- мақсаты осы бағыттың -

ілгері басқан елім бұл.

Алыс пен жақын бірлікпен

достыққа мәңгі көмілдір.

Танылмай келген жұрт едің,

төрт тарап бүгін біліп жүр.

8.А- айбары асқақ елорда -

намыс пен ары сен деймін.

Халықта болар бірлігі

жұмақтай жайлы жер деймін.

Халқы асыл қазына -

артық ел мұнан білмеймін.

9.Қ- қадірі артық туған жер -

төріңе сыйды талайлар.

Сыйласа келіп солармен

кіргіздік көрем шырайлар…

10. Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

11. Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

12. Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

13. Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

14. Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

15.Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

16. Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

17. Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы!

18. Ынтымағы жарасқан береке күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

1-жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.

2-жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

19. Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Ән «Ақ көгершін»

20. Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!

1-жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

2-жүргізуші: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.


© 2010-2022