«Әлемнің жарығын сыйладын сен маған» ( тәрбиелік шара) 11 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әлемнің жарығын сыйладын сен маған»

Мақсаты:

Балалардың барлық анаға деген сүіспеншілігін ояту,ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу, олардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.Оқушыларды мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттер қалыптастыру

Барысы:

1 жүргізуші: Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір -ақ нәрсе-Отан ғана

2 жүргізуші:

Құрметті аналар, арулар, аяулы әжелер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілейміз!

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге - аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Ән: «Әке мен ана»

Орындайтын: Қайырболат Мәдине қарсы алаңыздар!

1 жүргізуші: Ана деген-асыл жаңдар болаттай

Ана деген-мөлдір жаңдар бұлақтай

О, адамдар, қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай

2 жүргізуші: Төлеген Айбергеновтың «Ана» өлеңімен

Құмар Асылайым

1 жүргізуші:

Бүгін ерекше күн ғой және келген қонақтар да жай қонақтар емес «ару қызғалдақтар мен ардақты аналар - әжелер».Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін гүрілдеген үнімен білдірсе, мен ер жете келе ерекше сезімді әнмен жеткізгім келеді.

2 жүргізуші:

Сенікі дұрыс екен. Бүгінігі күн, аяулы аналар сіздер үшін де, сәбилеріңіз үшін де ерекше күн болмақ.Қиыншылық кезде шыдамдылықпен, ақылымен,мейірімділікпен аялап, мәпелеп, еркелігімізді көтеріп, өмірге жол сілтеген ардақты аналар, әжелер бүгінгі балалық сезіміміз, алғысымыз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалыс кешіміз сіздерге арналады.

Би: «Жастар биі» (10 ә сынып қыздары)

1 жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті үйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың -

Мұқағали Мақатаевтың «Соқыр ана» поэмасынан қойылымды тамашалаңыздар!

2 жүргізуші: Ана! Ана!

Қандай ыстық бұл сөзің!

Жанды баурап әлдилейді бір сезім.

Табам одан жылылықты, мейірімді

Шартарапқа шуақ шашқан күн көзін

Ән: «Ана» орындайтын Сунгатова Айгул

1 жүргізуші: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам

Ақұштап Бақтыгерееваның «Ана» өлеңімен Ермеккалиев Айзатты шақырамыз.

2 жүргізуші:

Баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғына тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны- туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі «Ана тілі» деп аталады.

Би: «Саябақ» (10 а сынып оқушылары)

1 жүргізуші: Мен үшін орның бөлек бұл өмірімде

Анашым, нұр шашасың жүрегімде.

Сен болмасаң осылай бақытты боп,

Жарқылдап, шалқып, тасып жүремін бе?

Күй: «Бес төре» орындайтын Насиболла Нұркелді

2 жүргізуші: Ана десем, шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте бастау боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады

Ән: «Анашым» орындайтын Амангелді Аққөркем мен Аққойшина Сымбат

1 жүргізуші:

Ана, Ана, Ана. Не деген мейрімді, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құрылған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші.

2 жүргізуші: Иә сенікі дұрыс. Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты алдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.

Хор: «Ана» (10 сынып ұлдары)

1 жүргізуші : Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті ұстаз, аналар!

Ән: «Ана» орындайтын Дүйсенбай Арсен

2 жүргізуші: Әйелдерді бұл әлемде көп дейді

Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі

Әйел деген әдемі ғой әдемі

Әдемілік бізге көптік етпейді

Ән: «Анаға хат» орындайтын Мұратова Әсем қошеметпен қарсы алыңыздар!

Ана-біздің баға жетпес асыл байлығымыз. Осы баға жетпес асылымызды қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей аялай білейік, достар!

Ән: «Анашым» орындайтын Бақытжан Дарын

Құрметті ұстаздар, аналар, бүгінгі кешімізге қатысқандарыңызға көп-көп рахмет,келесі кездескеше сау болыңыздар!


© 2010-2022