Сыныптан тыс шара Ұстаз-үлгі-өнеге ұлағатым

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұстаз - үлгі-өнеге, ұлағатым»

1-ші жүргізуші : Армысыздар, жиналған қауым, ұстаздар

Құтты болсын мереке баршамызға,

Жүріңіздер үнемі алда.

Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,

Зердесін болашақтың зерлетпеңдер.

Қадірлі ұстаздарға арналған: «Ұстаз - үлгі-өнеге, ұлағатым» атты кешімізге қош келдіңіздер.

2-ші жүргізуші: Ұстаз.... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекші жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тутып құрметтеітің екі ұғым болса, соның бірі-Ұстаз.

«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті,қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

1-ші жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-салалы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

Ән. «Ұстазым» орындайтын Қуаншалиева Роза мен Исанов Артур

2 ші жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Ұстаздарға арналсын тілегіңіз.

Ұстаздарды құттықтау үшін сөз мектеп директоры: Шакетова Самал Есенгелдіқызына беріледі.

Ән. Орындайтын Наргиза «Ардақты ұстазым»


1-ші жүргізуші: Барша қазақ жұртының қамын ойлап, алғаш мектеп ашқан Ыбырай атамыз жастарды оқуға шақырған.

«Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық» деген. Ендеше құрметті ұстаздар, оқушылар назарларыңызға «Кітаптар» көрінісін ұсынамыз.

Фон

2-ші жүргізуші: Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,

Арманын аласартпас сезімділер.

Бағбандай мәуелі баз мәпелеген,

Бала үшін бар азапқа төзімділер.

1-ші жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен,

Ұстаз, сенсің білімнің нәрін сепкен.

Сен арқылы бастау алып дана, ғалым,

Сен арқылы әлемді танып білген.

Тағы бір тамаша әнге кезек берейік. «Ұстазым, менің ұстазым» орындайтын Наргиза

2-ші жүргізуші: Шәкірттерін азамат қып саналы,

Ұстаз ана, дана бола алады.

Ең бастысы ұстаз мына өмірде

Ұлағат боп ұлылық боп қалады.

Мектеп - кеме, білім - теңіз, ал ұстаз - мектептің жүрегі, тынысы, үні.

2-ші жүргізуші:

Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп,

«Литл аппл » биін көріңіздер

Өнерге баға беріңіздер.

1-ші жүргізуші: Ұстаз деген асыл жан,

Табылады әр кез қасымнан

Білім берер жалықпай,

Сусындаймын жасымай.

Көрініс түзу ағаш пен қисық ағаш

2-ші жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар.

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

Хор «Ұстазға мың тағзым»

1-ші жүргізуші: Мұғалім - ұстазысың балалардың

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Ән: «Ана әке» орындайтын Хахарманова Алиса мен Қуаншалиева Роза

2-ші жүргізуші: Елімнің даласы,

Ауылы, қаласы,

Кәрісі, жасы да,

Кемеңгер данасы

Қарыздар ұстазға

Адамзат баласы

Хор: "Ұстазым менің"

1-ші жүргізуші: Қадірлі ұстаздар! Жандарыңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

2-ші жүргізуші: Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз!

Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!

© 2010-2022