Тәрбие сағаты Тапқыр достар

Тәрбие сағаты"Тапқыр достар" 1 сынып бойынша өтті. Мақсаты:Оқушылардың ой өрісін кеңейту.Ойлау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайтып,шапшаң жауап беруге баулу.Тәрбие ағаты оқушылардың екі топқа бөлінуінен басталды. Топқа бөлу: гүлдердің түріне қарай бөлінді.Топ басшылары сайланды.Жеребе арқылы қай топ бірінші бастайтынын анықтап алдық.Сайыс бес кезеңнен тұрды. 1 кезең"Білгенге маржан- білмеске арзан",2 кезең""Кім жылдам",3 кезең"Жұмыртқа" деген сөзден сөздер құрау болды, 4 кезең "Кім тапқ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)

Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады. 1 - кезең.
Өнер қуған балалар өтер дейміз
Бір басына білімі жетер дейміз
Сайысқа келген оқушылар кезектесіп
Сұрақтарға жауап берсе екен дейміз, - деп сайыстың бірінші «Кім жылдам? »кезеңін бастаймыз.

  • 1.1жылда неше ай бар?

  • 2. Аптаның үшінші күнін ата.

  • 3.4 пен 4 -тің қосындысы нешеге тең?

  • 4.6 мен 3 -тің айырмасы нешеге тең?

  • 5.Геометриялық фигураларды ата.

  • 6.2-ге қосу және азайту кестесін айт

  • Аулада жүргені 9 бала,4 бала үйіне кетті, қалғаны қанша?

  • Қосу амалының қасиетін ата.

  • Қосу амалының компоненттерін ата.

2 - кезең.
Жанарың ойлы болсын
Білімің молдау болсын,
Ортадан қолдау көрсін
Еліңнің көңілі толсын, - деп кезекті «Кім көп біледі?» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде дүниетану пәнінен құралған «Сөзжұмбақ» шешуді ұсынып отырмыз.Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.Киелі құс / аққу/

2Қыстың соңғы айы/ ақпан/

3.Үй құсы/ қаз/

4.Қ-Рның Астанасы қай қала / Астана /

5.Есту мүшесі / құлақ/

6.Қоянның сүйіп жейтін асы /сәбіз/

7. .Қалтамда жатыр, тісі бар,

Тістемей істер ісі бар. / тарақ/

8.Ас атасы не?/нан/

9.Ең жақын адам / ана /

  • Сергіту сәті

Тұрмыста, жұмыс барысында әртүрлі құттықтау сөздер айтылады.Қай кезде қалай деп айтылатынын білесіңдер ме?

Мейрам күндері-----------------------------------

Сапарға шығатын адамға-----------------------

Мал жайып жүрген малшыға---------------------

Қырман басына барғанда------------------------------------------

Құрмет алған адамға----------------------------------------------

Мұғалімдермен таңертең не түсте,кешке кездескенде------------------------------

Қоштасқанда---------------------------------------

Туған күн иесіне-------------------------------------

Өзіңе біреудің көмегі тисе--------------------------------

Байқамай біреуді соғып кетсең--------------------------------
3 - кезең
Ал, балалар сайысқа қалайсыңдар,
Сіз өтер әлі де талай сын бар- деп сайысымыздың үшінші «Білгенге маржан- білмеске арзан» кезеңіне береміз.

  • Қыс айларын ата.

  • Қардан жасалатын қуыршақ

  • Сен атаңа кімсің?

  • «Кітап» деген сөзде неше буын,неше дыбыс бар?

  • Дені сау,шымыр болу үшін немен айналысасың?

  • Көжек нені сүйсініп жейді?

  • Түйе төлі.

  • Адам қанын соратын жәндік

  • Бойына сеніп жылдан құр қалған жануар?

  • Тудың түсі қандай?

  • Биыл қандай жыл?

  • 8 наурыз қандай күн?

  • 22 наурыз қандай мереке?

  • Жылдың неше мезгілі бар?

  • Ресейдің Президенті

  • Біздің туда не бейнеленген?/ою,қыран,күн.

  • 2.Үш биді ата.

  • 3Қазақтың ұлттық аспаптарын ата./сыбызғы,дауылпаз/

  • 4.Қазақстан Респуб. Мемлекеттік тілі. /қазақ тілі /

  • 5.Басты байлық./денсаулық /

  • 6.Қара алтын./мұнай /

  • 7.Ұя салмайтын құс. / көкек /

  • .«Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш әңгімесін жазған кім?Ы.Алтынсарин/

  • 11.Көру мүшесі / көз /

  • 12Ертегідегі бауырсақ кімге алданды?/түлкі /

  • 18.Алғашқы қазақ ғарышкері.

4 - кезең
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата - ана үмітін
Әрбір сөзі - тәлімі мол бір мектеп, - деп сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз. «Сиқырлы сөздер» кезеңінде оқушылар берілген «Жұмыртқа» деген сөзден сөздер шығару керек.
5 - кезең
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайысқа керек екен, - деп «Мақалдар сайысы».
6 - кезең
Шопан, биші, ұстазда
Ғарышкерде, аспазда.
Барлық, барлық жақсы да
Әріптерден басталған, - дей отырып келесі кезекті «Дыбыстар әлеміне» береміз. Оқушыларға кеспе әріптер беріледі.Сол әріпе байланысты сұрақтарға жауап береді.

  • Қалтаңда не бар?

  • Бор қандай?

  • Аспан қандай?

  • Сен кітап оқисың ба?

  • Достарың қандай?

  • Алма берсем жейсің бе?

  • Сабағың жақсы ма?

  • Қандай сурет саласың?

  • Сені мамаң қалай атайды?

  • Жарық қайдан шығады?

  • Кімге сәлем жолдайсың?

  • Сөмкеңде не бар?

  • Әріп пен дыбыс бір ме?

  • Сан есімді ата.

  • Сені анаң қалай атайды?

  • Кәмпит берсем жейсің бе?

  • Бор қандай?

  • Достарың қандай?

  • Түнде түс көрдің бе?


Ән құсын ұялатып жүрегіне,
Ұшырсын балдәурен жас ұлы еліне.
Бүгінгі қыздарымыз Мәншүк құсап,
Айналсын елдің берік тірегіне!

Өнер мен білімнің биігіне шыққан
Көбейсін білімділер әрбір тұстан
Ата салт-дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз жасай берсін Қазақстан! - деп бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар! Көріскенше күн нұрлы болсын!
Бағалау парағы



© 2010-2022