Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін қалыптастыру

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.11.15 ж Ата-аналарға арналған коучинг-сессия

Тақырыбы

Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін қалыптастыру

Жалпы мақсаты

Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру;Ата-аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

·Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді;

·Ата-аналардың балаларымен әңгімелесу арқылы баланы ашуға деген көзқарасы өзгереді;

·Ата-аналардың балалармен тығыз қарым-қатынасы жетілдіру үшін тиімділігін қамтамасыз етуде ата-аналарға көмек көрсетеді;

· Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады;

Түйінді идеялар

Ата-аналар мен мектеп қарым-қатынасын нығайтуды ұйымдастыру

Психологиялық тест

«Сиқырлы заттар дүкені»

«Сіз қандайсыз?»

Уақыт машинасы

Сіздің басты артықшылықтарыңыз - талдаулық мүмкіндіктер, қиын жағдайлардан тез шығып кету және өзіңізге жауапкершілік жүктей алуыңыз. Сіз болып жатқан оқиғаларға, тіпті тарихқа әсер ете аласыз.

Бөгде адамдардың ойын оқуға

мүмкіндік беретін кәмпиттер

Сізді алдау оңай емес, өйткені сіз адамдарды тани білесіз, ойын оңай сезінесіз. Сіз ақылға емес, көбінесе интуицияға жүгінесіз. Сіз айналадағы адамдардың ойына тәуелдісіз және барлықтарымен достық қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысасыз.

Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық

Сіз өте ашық адамсыз. Сіздің достарыңыз көп. Кез-келген адамның көңілін тауып, сенімдеріне тез кіресіз. Бірақ құпия сақтай алмайсыз, сондықтан жиі ыңғайсыз жағдайларға түсіп қаласыз. Кез-келген ақпаратты тез қабылдай аласыз.

Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық

Сіз өте ашық адамсыз. Сіздің достарыңыз көп. Кез-келген адамның көңілін тауып, сенімдеріне тез кіресіз. Бірақ құпия сақтай алмайсыз, сондықтан жиі ыңғайсыз жағдайларға түсіп қаласыз. Кез-келген ақпаратты тез қабылдай аласыз.

Қабырға арқылы көруге

мүмкіндік беретін эликсир

Сіз әр нәрсеге беткей қарай алмайсыз. Шешім қабылдамай тұрып, мәселені жан жақты талдап аласыз. Тіпті кей жағдайда өсек айтудан да бас тартпайсыз. Ал егер де сіз туралы біреулер талқылайтын болса, ренжіп қалуыңыз мүмкін.

Ой қозғау

Бала деген кім?

(Гүлдің бейнесін келтіру)

а) бауыр етіміз г) өмірімнің жалғасы

ә) болашағымыз д) асыраушым

б) үмітіміз е) ізбасарымыз

в) сүйенішіміз ё) мұрагеріміз

ж) көмекшіміз т.б

«Өз отбасын, балаларын гүлдермен бейнелеу»

Өсиет әңгіме оқылады

1.«Баланың киімі көк, тамағы тоқ,
Басқасында шаруам жоқ» деген ойды қалай түсінеміз. Пікірлеріңізді ортаға салсақ.

- Сіздердің ұстанымдарыңыз бар екен.Ал мына мәселе жайлы не айтасыз?Көптеген ата-аналар: «Баланың көйлегін көк,тамағын тоқ қылсам болды,оқыту мен тәрбиелеу мектептің міндеті» деп есептейді.Сонымен қатар мектептегі өткізіліп жатқан іс-шараларға,жиналыстарға қатыспайды, тіпті мектептің есігін ашпайды.
2.«Киім,тамақ,бәрі менен
Тәрбие , білім мектептен»,-
Деп айтқан ата-ана
Мақұрым қалар бәрінен. Осы ойды сіздер қалай жалғастырасыздар.
3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұстанымы :
«Ұстаз болса ізгілі,
Ата-ана болса үлгілі
Шәкірт болар
Заманының дүлділі». Ал сіз айтылып жатқан ойларға не дейсіз?
- Дұрыс айтасыз,бала тәрбиесі үлкен іс,сондықтан мектеп ата-аналармен бірігіп,жұмысты жандандырып жасауымыз керек.

4. «Телефон» деген көрініс көрсетіледі. Анасы мен баласы қатысады.Телефон шырылдайды.

Анасы:Мені жоқ дей салшы,-дейді.

Ата-анаға сұрақ:

Теріс тәрбие беріп тұрған жоқсыз ба?

«Аялы алақан» өсиет әңгіме

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды. - Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар

1.Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

2.Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым - қатынасы әсерін тигізе ме?

3. Болсын балам тәрбиелі,білімді

Күндей күлген болсын жарқын өмірі дей келе,сіздерде өз ойларыңызды қортындылаңыздар.

Қатысушыларға жеке сөз беріліп ой түйінделеді.

1.Сөз «Айна»

2.Сөз «Қайшы»

3.Сөз «Барыс»

Айна-баланың өмірі айнадай жарық,әдемі болсын деймін,ол үшін жан-жақты жұмыс атқаруға үлес қосамын.

Қайшы-қайшымен негізі артық,керегі жоқ заттарды қиып жатамыз.Бір сабы мектеп болса,бір сабы ата-ана болып,баланың өміріне төніп тұрған жаман нәрселерді қиып тастап,бірігіпіс атқарайық.

Барыс-жеке тұлға ертеңгі елімнің барыс-болашағы.Сондықтан да саналы,білімді,тәрбиелі шәкірт тәрбиелейік.

Қорытынды





Рефлексия






«Не слушайте мения окружащих» бейнеролик тамашалау

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл біздің көз жасымыз, бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз болмасын десеңіз, бала тәрбиесіне келгенде ешқашанда «кеш қалмаңыз!»




Түрлі-түсті қағаздардан адам бейнесін жасап, бүгінгі коучингтен алған әсерлерін жазады.

Салахитденова Г.Т

































Коучинг " Баланың бас ұстазы ата - ана "

Коучинг тақырыбы:

Баланың бас ұстазы ата - ана

Мақсаты:

  • Ата-аналардың жауапкершілігін, өз міндетін білуін арттыру;

  • - Әр ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсету;

  • - Бала тәрбиесін ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау көрсету,ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату ..

Міндеттері:

1.Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын, жауапкершілігін арттыру.

2.Оқушыларды өмірлік жетістіктерге жетуге ата - ананың әсері арқылы ұмтылдыру.

3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру

4. Оқу- тәрбие үрдісінде мектептің, ата-ананың тығыз байланысты үйлесімді жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқытудың жаңаша тәсілдерін ұғынады, тиімділігіне көз жеткізеді.Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді.

  • Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарасы өзгереді;

  • Әңгімелесу арқылы бала тәрбиесін жетілдіруге көзқарасы өзгереді;

  • Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сыни кері байланыс алынады

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

  • Ата-аналар өз тәрбиесі туралы сыни ойланады

.Тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау .

Тапсырмалар:«Танысу» тренинг

(5мин)

Ой шақыру.

(10 мин)













Сергіту сәті (5 мин)



Ой жалғау тренингі

Практикалық жұмыс

(20 мин)











Кері байланыс

(5 мин)

Түйінді ой

.

Мектеп , ата - ана , бала , ұстаз атты топқа бөлініп отырады

Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзінде» :

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқаныны ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.»деген ақын мұрасының өміршеңдігі замана озған сайын маңызы арта түседі.Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған ізгілікті, шынайы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов : «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын.Білімі мен тәрбиесі ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ана рөлі қандай болмақ?

Бейнеролик

Карандаштың 5 қасиеті.

Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:

-Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз гой, иә? -деп сұрайды.

-Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, менің немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.

Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді

Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішіне үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.

Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді.

Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ астарлы ой: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.

Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ...... астарлы ой: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.

Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астарлы ой: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.

Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астарлы ой : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді. Бұл сыни ойлауға арналған тапсырмадағы астарлы ойды топ мүшелері өздері ой түйіп айтады.Қызылмен көрсетілген сөздер көрсетілмейді.

Ән "Бақытыңды бағала"

Топтық тапсырма:

1- топ Ұлы жазушы М . Әуезовтың " Ел боламын десең бесігіңді түзе " деген сөзінен тәрбие тамырының терең екендігіне көз жеткіземіз . Осы сөз төңірегінде ой өрбіту .

2- топ. Тапсырма

Жағдаяттар беру

Жағдаят

Баланың бастан кешкен сезімі



Сіздің іс-әрекетіңіз?

Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз! » деп күйіп піседі.

3- топ. " Ананың көңілі балада , баланың көңілі далада " осы даналық сөз төңірегінде ой өрбітсеңіз ?

4 - топ жағдаят:

Жағдаят

Баланың бастан кешкен сезімі



Сіздің іс-әрекетіңіз?

Бастауыш сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» - дейді.

2 жұлдыз,тілек әдісі бойынша әр топ бірін-бірі бағалайды.



(3 мин)

Қорытынды

(10мин)

Балаға теріс әсер ететін жағдайлар:

  • Жанұядағы жанжал,

  • үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,

  • баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,

  • біреудің сыртынан өсек айтуы

  • балалардың көзінше арақ ішу, темекі тарту т.б.

  • Бейнеролик корсету

Ата-ананың міндеті - мәдениеті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеп, жүйелі білім алуына жағдай жасағаны дұрыс, ата-аналар жиналысына қатысып, мұғаліммен кездесіп, пікір алысып, баласының мектеп өмірімен толық араласуына және қоғамдық іс-шараларға қатысуға бейімдеу.

«Түсінісу теоремасы» Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі - адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.

-Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? -

- Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?

Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады

Эссе жазу

Дереккөздер:

ғаламтор мәліметтері.

Карандаштың 5 қасиеті

Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:

-Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз ғой, иә? -деп сұрайды.

-Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.

Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді

Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішкі сырына үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.

Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді.

Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ астары: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.

Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ...... астары: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.

Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астары: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.

Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астары : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді.














Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарға кеңес )

  • Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

  • Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

  • Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

  • Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

  • Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.

  • Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе - сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

  • Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

  • Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

  • Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

  • Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

  • Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.





Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарға кеңес )

  • Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

  • Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

  • Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарға кеңес )

  • Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.

  • Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар.

  • Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе - сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

  • Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

  • Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарға кеңес )

  • Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

  • Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз…

  • Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

  • Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.

1- топ

Ұлы жазушы М . Әуезовтың " Ел боламын десең бесігіңді түзе " деген сөзінен тәрбие тамырының терең екендігіне көз жеткіземіз . Осы сөз төңірегінде ой өрбіту

2- топ. Тапсырма

Жағдаяттар беру

Жағдаят

Баланың бастан кешкен сезімі



Сіздің іс-әрекетіңіз?

Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз! » деп күйіп піседі.





3- топ.

" Ананың көңілі балада , баланың көңілі далада " осы даналық сөз төңірегінде ой өрбітсеңіз ?











4 - топ жағдаят:

Жағдаят

Баланың бастан кешкен сезімі



Сіздің іс-әрекетіңіз?

Бастауыш сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» - дейді.











2013-2014 оқу жылындағы өткізілген коучингтер

тақырыбы

мақсаты

өткізілген мерзімі

аудитория

жауапты

нәтижесі

1

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістерін ашып көрсету.

11.12.2013

кафедра жетекшілер

Нуржанова Б.

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістері ашып көрсетілді, пәндер бойынша дарындылықты анықтау критерийларды

жасап, пән мұғалімдеріне жұмысты әрі қарай жалғастыру мақсатында

таратылды.

2

« Выработка критериев по определению одаренных учеников»

27.12.2013

кафедра жетекшілер

Нуржанова Б.

3

«Определение одаренных учеников по выработанным критериям»

17.01.2014

кафедра жетекшілер

Нуржанова Б.

4

«Мұғалімдердің сабақ барысында оқушылардың зияткерлік және зерттеу қабілетін дамытуға, шығармашылық ойлауын қалыптасуға ықпал ететін әдіс - тәсілдері»

Аталған тақырып негізінде мұғалімдерге оқушылардың бойындағы зияткерлік және зерттеу қабілеттерің анықтап, жұмыс атқару арқылы дамыту жолдарын қарастыру және оны жүзеге асыруға әдістемелік көмек көрсету.

28.01.2014

пән мұға-лімдер

Сембаева Б., Садыкова Г., Бижигитова Э Қозбекова А

Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әр түрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік алды.

5

« Өзіндік жұмысына бағытталған сабағында оқушының білімін бағалау жүйесі»

Әріптестерге жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмыстың маңыздылығын ұғындыру.

18.02.2014

пән мұға-лімдер

Нуржанова Б Кушербаева Э. Зайнудинова А Адильбекова Г.

Тулепбергенова

Қатысушылар баланың оқу үдерісінде өзіндік жұмысқа қатыстырудың маңыздылығын бағалайды. Өздерінің тәжірибесі туралы ойланды.

6

« Оқыту мен оқу үдерісін-дегі және мектеп мәде-ниетін дамы-тудағы ата-аналар ролінің маңыздылығы »

Мектеп мәдениетінің дамуы мен оқыту үдерісіндегі ата-аналар рөлінің маңыздылығын айқындау, мектеп мәдениетін және оқыту үдерісін жақсартуда ата-аналар қосатын үлестері жайлы ой толғау, топтық жұмыстың тиімділігін практика жүзінде көрсету, педагогикалық үдеріске ата-аналарды тартуды саралау

6.03.2014

ата-аналар

Шымырова Б.А

шығармашылық топ

Ата-аналар оқыту мен оқу үдерісіне және мектеп мәдениетінің дамуына белсенділік танытты, тақырыпқа байланысты пікір алмасты, мектеп мәдениетінің жағымдылығын құрды, сынып жетекші, сынып белсенділері және ата-аналар бірлесе отырып зиялы жауапкершілік құрылымы белгіленді, бір шешімге келді.

7

« Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың кызығушылықтарын арттыру»

Қазіргі білім беру саласындағы өзекті мәселелерге байланысты проблемалық сұрақтар қою арқылы сыни ойлауға үйрету, ой пікірлерін ортаға салу, қазіргі уақыттағы сынып жетекшілерінің міндеттерін ұғындыру;

Ата-аналарды мектеп өміріне қатыстыру мақсатындағы әдіс-тәсілдер жөнінде пікірлесу.

13.03.2014

сынып жетекшілер

Кушербаева Э.

Адильбекова Г.

Мұғалімдердің іс -тәжірибесіне сүйене отырып топтағы бірлескен жұмыс тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсінді. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ете отырып,ата ананың бала өміріндегі рөлін күшейту керектігін ұғынды. Әріптестермен оқытуда меңгерілген тәжірибені алмасты, ой бөлісті, талқылады. Өзінің тәжірбиесі туралы ойланды.

8

« Дарынды және талантты оқушылармен жүргізілетін жұмыс»

Талантты және дарынды балаларға қандай жағдай жасауға болатынын бірлесе шешу. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға үйрету. Дарынды балалар топта қалай жұмыс істейтінін саралау және олармен атқаратын жұмыс түрлерін анықтау. Оқушылардың дарындылығын дамытуға Блум таксономиясының тиімділігін ұғындыру

14.03.2014

кафедра жетекшілер

Нуржанова Б.

Бижигитова Э.

Талантты және дарынды балалардың қабілеттерін әрі қарай дамытуға ат салысты.Талантты және дарынды балалар топта қалай жұмыс істейтінін саралады және олармен атқаратын жұмыс түрлерін анықтады. Оқушылардың дарындылығын дамытуға Блум таксономиясының тиімділігін ұғынды.

9

« Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Бағалау, оның түрлері және бағалаудың жүргізілуі, осындағы мұғалім мен оқушының рөлі туралы ақпарат беру. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оны практикада қолдануға баулу

15.03.2014

пән мұғалімдері

( 1ауысым)

Сембаева Б.,

Қозбекова А

Тапсырмаларды орындау барысында коуч пен мұғалімдердің бағалау түрлерін, бағалау критерийлерін, өзін өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін меңгерді

10

« Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - мәдениетің даму сатысы» атты дөңгелек үстел

Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау.

18.03.2014

көшбасшы, шармашы-лық топ, кафедра жетекшілері

Шымырова Б.А

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру және әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара байланысты үдерістерге көніл бөлді.

11

« Блум таксо-номиясы, ОМЖ, ҚМЖ »

Кафедра жетекшілер арқылы оқыту үшін Блум таксономиясы, ОМЖ, ҚМЖ- ны әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оны практикада қолдануға баулу

9.04.2014

кафедра мұғалімдері

кафедра жетекшілері,

консультанттар:

1) қаз.тілі-СембаеваБ

2) орыс, ағылш.тілі-Нуржанова Б.

3) жаратыл., тарих-ОразкуловаГ.,

Балқыбекова Ә

4)бастауыш сынып-

Қозбакова А, Әділбекова Г

5) өнер, дене шынықтыру-Садыкова Ғ., Зайнутдинова А

Мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па

екенін білуге мүмкіндік алды.

12

«Заманауи мультимедиалық құралдар»

Сабақтарда вебсайттарды қолдануды үйрету және оның мүмкіндіктерін ұсыну.

13.05.2014

Деңгейлі мұғалімдер

Садыкова Ғ.

(ІІ деңгей мұғалімі)

Тәжірибемен алмасады, интербелсенді әдістермен бөліседі. Кері байланыс қамтамасыз етеді.

13

Ашық есік күні «Мектеп өміріне ортақ көзқарас»

Мектептің ата-аналарымен ынтымақтастығын нығайту, бүгінгі мектептің тыныс-тіршілігінен хабардар ету және ортақ мәселелерді бірлесе шешу жолдарын қарастыру.

15.05.2014

ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар

Шығармашылық топ

Ата-анамен, оқушылармен кері байланысты қамтамасыз етілді. Ата-ана оқыту үдерісінің белсенді мүшесі болып табылды.

14

Ата-аналармен іс-шара. «Орта буын оқушылардың жоғары буынға бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі»

Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру, жоғары буынға бейімделу кезіндегі әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын бірлесе қарастыру. Педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту

28.05.2014

7сынып ата-аналары

Шымырова Б.А.

Кушербаева Э

Бижигитова Э.

Ата-аналар өз балаларының қайталанбас ерекше тұлға екендерін көруге үйрене бастады. Отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған бейімделу кезіндегі қиындықтарға, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті екендерін түсінді.

15

Коучинг

« Балаларыңыз мектеп бітіруге дайын ба? »

ҰБТ-ке дайындалу барысында ата-аналардың балаларына көрсететің көмегі

19.05.2014

10 сынып ата-аналары

Нуржанова Б.М.

Зайнудинова А.

Ата-ана баламен бірлесе отырып келесі оқу жылын тиімді жоспарлауын үйренді және көп критериалдық бағалау әдісі бойынша болашақ мамандықты таңдауға дағдыланды.

16

Коучинг «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді үйрету»

әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оларды практикада қолдануға баулу

10.06.2014

мұғалімдер

Кушербаева Э

Тәжірибемен алмасты. Кері байланысты қамтамасыз етті.



© 2010-2022