Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!»      Мақсаты: Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев  поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әннен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Оқушы шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу. Көрнекілігі: Ақынның суреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі,гүлдер, буклеттер, сл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!»

Мақсаты: Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әннен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Оқушы шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.

Көрнекілігі: Ақынның суреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі,гүлдер, буклеттер, слайдтар.

Жоспары:

  1. «Ұшқан ұя», «Білім баспалдақтары»

  2. «Поэзия минуты»

  3. «Поэманы жатқа оқу».

  4. «Жыр арнадым, ақынға!»

Кіріспе сөз.

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаеавтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі.Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақыттты халық. Мұқағали- ақиық ақын. Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық.Мұқағали ақынды қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Өзі айтқандай: « «Жазылар естеліктер мен туралы,-» дейді ақын. Жарық дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.Ендеше дүлдүл ақиық ақынымызға арналған «Мұқағали мәңгілік ғұмыр!» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1.«Ұшқан ұя» (Өмірі туралы.Аружан мен Сарбина). «Білім баспалдақтары» (Білім алған оқу орындары).

2.«Поэзия минуты.» (Ақын өлеңдерін жатқа оқу.Гүлдана, Аяулым, Қарылға, Камила, Аружан, Аятбек, Ақжібек).

3.«Поэманы жатқа оқу». (Аятбек ақынның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларынан үзінді оқиды).

4. «Жыр арнадым, ақынға»

Жүргізуші: Өлең -өнер, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді.

Ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға арыз жазып, кеткенін білеміз. Ендеше сол мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда мәңгілік жаңғыратын жыр жолдарына құлақ салайық.

Шарамыздың бірінші бөлімі: «Ұшқан ұя» бөліміне кезек берейік.Аружан мен Сарбина ақын өмірі, шығармашылығы, оқу орындары туралы толық мәлімет береді. Назар салып, тыңдап аламыз.

Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,- деп, ақиық ақын өзі жырлағандай, тәрбиелік шарамыздың келесі бөлімі «Поэзия минуты» деп аталады. М.Мақатаевтың өзінің төл туындыларын жатқа оқу үшін кезекті оқушыларға береміз.

Өтешова Аружан 8-сынып оқушысы.М.Мақатаев «Күрсінбеші!» өлеңін жатқа оқиды.

М.Мақатаевтың «Сезім» атты өлеңімен Жеңіс Қарылғаны оратаға шақырамыз.

Талапова Аяуылым. М.Мақатаевтың «Таудағы көктем» өлеңін бізге жатқа мәнерлеп оқып береді.

Стамгазиева Гүлдана. М.Мақатаев. «Арыз жазып кетейін».

Аухатқызы Гүлбаушан. М.Мақатаев. «Лашынға».

Серікова Ақжібек. М.Мақатаев. «Жолым менің болмай жүр».

Тұрсынов Аятбек. М.Мақатаев. «Шыда, шыда, шыдай түс!».

Жүргізуші: Былтырғы оқу жылында аудандық «Мұқағали оқуларына» қатысып, аталымға ие болып келген 8-сынып оқушысы Тұрсынов Аятбекке кезек береміз.Ол ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа оқиды.

Жүргізуші: Келесі бөліміміз «Жыр арнадым, ақынға!» деп аталады.Бұл бөлімінде оқушыларымыз өз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқиды.

Мектебімізде Мұқағалидай сияқты өлең жазатын оқушыларымыз бар.Кезек берейік.

Жүргізуші:Мұқағали ақының поэзиясы бүгінде әнге айналды. Оның сөзіне жазылған әндері қаншама. Әндері халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды.

Хасанова Ақгүлімнің орындауында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың!» атты әнге кезек береміз.

Қорытынды:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

...Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Иә, өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан еңбектеген баласына біледі деп айтсам қателеспейтін шығармын.Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздерін жүрегімізден орын тапты. Тарлан талант Мұқағали ақын да уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда.

Мұқағали мұрасы -халық қазынасы.

Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Кешімізді жабық деп жариялаймын.Сіздерге қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет айтамыз.



© 2010-2022