Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі ешқашан ұмытылмайды!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын соғыс. Ия, содан бері 70 жыл  уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. «Неменеңе жетістің бала баты...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жунусханова Карлыгаш Кенесхановна

№3 мектеп-интернат.

Семей қаласы

Ұлы Жеңіске 70 жыл.

Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі ешқашан ұмытылмайды!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын соғыс. Ия, содан бері 70 жыл уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

«Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

Қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақта Отанды қорғауға аттанды. «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын осылай дәлелдей білді. Қазақ деген-батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкей қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Әр отбасыныңбасшысы майданда болды. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді.. «Бір минут ішінде сен соғыста бір сағатта істегеніңді істеуге тиістісің!» деген ұранды ұстанған адамдар қатал тәртіп пен еріксіз жұмыс істетулерге қарамастан, асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым көрсетусіз-ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті.Жеріне деген шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген, халқымыздың біртуар азаматы, қайталанбас тұлға Бауыржан Момышұлының ел үшін еткен еңбегін айтпай кеткен мүмкін емес. Даңқы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысудан басталған Б.Момышұлы тарих сахнасына шықты. Атақты әскер қолбасшысы Б.Момышұлы жорық жолын Жетісудан бастап, Европаның төріне - Берлинге барып ат басын тіреді.

Майданда шайқасып, жеңілістің ащы дәмін де, жеңіс қуанышын да татқан жерлестеріміздің бірі, ротаның саяси жетекшісі - Василий Клочков. Оның «Россия кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва!» деген жалынды сөздері бүкіл әлем жұртшылығына тарап кетті. Ол жетекшілік еткен 1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының 1941 жылғы 16 қарашада Дубосеково разъезі түбінде жаудың он сегіз жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген өшпес ерлігі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Сондықтан да, 28 батырдың бейнелері әндерде, дастандарда, аңыздарда айтылып, мәрмәр тастарда қашалып, бояулармен бейнеленіп мәңгілікке қалдырылды. Рейхстаг баспалдақтарының кіре беріс бағанына бірінші болып шабуыл туын қадаған Ақмола қаласының Қырыққұдық жерінде туып өскен Қазақ лейтенанты Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер, вяткалық орыс Григорий Булатов еді. Бұлтуралы 1945 жылдың 3 мамырындаБерлиндешыққан «Воин Родины» газетінде: «Они отличались в бою! Родина с глубоким уважением произносит имена героев.. Над цитаделью гитлеризма они водрузили знамя Победы. Запомним имена храбрецов: РахымжанКошкарбаев, красноармеец Григорий Булатов» депжазылғанеді. «Қолынкессеңбірсөзайтпас, Шынқаһарман ер жігіттер аз болмадықазақта» дегендей, төсіноққатөсеген500 кеңес одағының батыры аталарымызТ.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, Н.Әбдіров. Т.Бигелдинов. Р.Амангелдиев,С.Баймағамбетов, Д.Шыныбеков, С.Жылқышев,Т.Мырзаевтың есімдеріалтын жұлдыздыңсәулесіменшағылысып, өткенғасырдағысұрапылкүндердіескесалады. СолмайдандабіздіңаруларымызӘлия мен Мәншүктердің ерлігіән-жырғаарқауеткен.

Жамбылдың «Ленинградтық өренім» толғауы 1941 жылы 900 күн, 900 түн қоршауда қалып, елден бөлініп, қиын шақты басынан өткізген қаһарман ленинградтықтарға арналған болатын. Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің. Нева өзені сүйкімді Бұлағындай көремін, - деп басталатын толғау қалада радиолардан беріліп, әр көшеде, алаңда плакат ретінде жазылап, қала халқына, Ленинградты қорғаушыларға зор қуат берді, орталық газеттерде және майдан газеттерінде басылып жатты.

Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші!

«Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең болмайды» демекші менде соғыс ардагерінің ұрпағымын. Мені бағып - қағып өсірген нағашы әкем Мәзібаев Жүнісхан 1904 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Кокжыра ауылында дүниеге келген.1942 жылы майданға аттанады. Майдан шебін Иркутск қаласынан бастап, неміс басқыншыларымен жан аямай шайқасып,өрлік пен ерліктің үлгісін көрсетіп, Берлин қаласында аяқтаған. Соғыс бітседе елге қайтпай 2 жыл бойы Чехословакия елінің Камышынка қаласын қалпына келтіру ісіне қатысып, 1947 жылы желтоқсан айында туған елге оралды.Туған жерге оралған Жүнісхан ата бірден еңбек майданына араласып, зейнет жасына дейін еңбек етіп, құрметті демалысқа шықты.1987 жылы 83 жасында дүниеден өтті.

Соғыс кезінде алған наградалары

Ал менің әкем Кенесхан өз әкесінің фото суреті,әкесінің бейнесікөз алдында жоқтығын айтатып отыратын оған соғысты кінәлап отырушы еді.

Әбілсерік Салимжанов 1897жылы Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Көкжыра колхозында дүниеге келген.Өзі туып өскен колхозда жұмыс істеп жүрген жерінен сол бір сұрапыл соғыстың алғашқы 1941 жылдың күзінде майданға шақырылған еді. Сол қара түнек күндерде болашақ үшін, Отан алдындағы борышын ақтау үшін жанын қиған ер еді.

Сол кеткеннен 1945 жылға дейін артынан хат- хабар келмеген. 1984 жылдың қаңтар айындамен Алматыда студент едім, қазіргі «Ұлттық кітапханада» «Қазақстан пионері» газетінен әкемнің әкесінің Германия жерінде жерленгенін оқып білдім. Ол мақалада Еуропаның төрт мемлекетіне саяхатқа барғаны жазған және егер соғыста хабарсыз кеткен болмаса қайда жерленгенін білмесе деп, 7- і қазақ азаматтарының аттары жазылған, жазған газеттің редакторы У. Калижанов .

1944 жылдың ақпанның 17- күні Герман Федерациялық Республикасының Гамбруг концентрациялық лагерьде қаза болған екен.


Ал мен қазір 3 қызымды тәрбиелеп өсіріп отырмын олардыңда

атасының әкесі соғыс ардагері

Рахымжан Исин

1905 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Кіндікті аылында дүниеге келген.

Ақсуатта совет өкіметі орнағанда комсомол партия жұмысына белсене кірісіп,жаңа өкіметті орнатуға ат салысты.Аудандық партия комитетінде нұсқаушы болды, 1939 жылы «Комсомол» колхозына бастық болып сайланды.

1942 жылы сұрапыл соғысқа өзі сұранып аттанады. Қан майданда Ленинград қаласында болған. Ленинградқа Москвадан поездбен астық тасып, эшелон бастығы болған. Осы еңбегін жоғары бағалап, И.В.Сталин алғыс жариялаған. Ленинград блокадасы аяқталған соң Прибалтика артиллерия полкіне наводчик болып орналасады. Осы полктің құрамында Прибалтикада шығар жер «Красный конь» қаласында соғысты аяқтаған. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін елге аман оралып, туған жеріне ерен еңбегін сіңдіріп, құрметті демалысқа шықты. 1988 жылы 29 қыркүйек айында дүниеден озады.

Соғыста алған наградалары

Бүгін сол ата бабаларының ерліктері балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз - болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы - тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!










© 2010-2022