Табиғат - тіршілік нәрі

Сабақтың тақырыбы: «Табиғи ресурстар. ҚР Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы» Сабақтың мақсаты:      Білімділік.  Қазақстандағы табиғи ресурстар туралы мәлімет беріп, тақырыпқа байланысты жолдаудың бағыттарымен таныстыру.     Дамытушылық. Оқушылардың экологиялық мәдениетін, яғни табиғатты тиімді пайдалану белсенділігі мен сенімділігін дамыту;    Тәрбиелік. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын қорғап, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті ұрпақ тәрбиелеу. Болашақтағы   табиғат тағдыры өз қолдарында екенін ұғындыру;
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Біз Қазақстан жариялаған жаһандық

энергиялық-экологиялық стратегияны

жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді

жұмылдыруға тиіспіз.

Н.Ә.Назарбаев


Сабақтың тақырыбы:

«Табиғи ресурстар. ҚР Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Қазақстандағы табиғи ресурстар туралы мәлімет беріп, тақырыпқа байланысты жолдаудың бағыттарымен таныстыру.

Дамытушылық. Оқушылардың экологиялық мәдениетін, яғни табиғатты тиімді пайдалану белсенділігі мен сенімділігін дамыту;

Тәрбиелік. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын қорғап, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті ұрпақ тәрбиелеу. Болашақтағы табиғат тағдыры өз қолдарында екенін ұғындыру;

Көрнекіліктер: интерактив тақта, табиғат суреттері

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, проблемалық сұрақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

1. Амандасу

2. Оқушыларды түгендеу.

І бөлім. Табиғи ресурстар.

Табиғат адам үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты.

Табиғат пен адамзат егіз жүрер,

Табиғат - асыраушы адамзатты.

Ата-бабамыз "Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық" деп тегін айытпаған. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кездерден-ақ басталады. Көп салалы ұлттық дәстүріміз - соның дәлелі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.

Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады. Табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы), өсімдіктер әлемі, жануарлар әлемі, табиғи заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, т.б. әртүрлі рудалар) болып бөлінеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалар пайдалануға дайын (көмір, бағалы тастар, тұз) және өңдеуді қажет ететін (мұнай, синтетикалық тыңайтқыштар) болуы мүмкін.

Құрметті, оқушылар, табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?

Оқушылар:

  • Табиғатқа зиянды нәрсе - адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі.

  • Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі - автокөліктер. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.

  • Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.

  • Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына қоқыс үйіндісін төгеді. Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады.

  • Қалпына келмейтін - миллиондаған жылдар бойы жер қойнауында түзілген пайдалы қазбаларды тиімді пайдаланбау.

Табиғат - тіршілік бесігі. Сондықтан табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болу парыз. Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай?

  • Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау.

  • Табиғатты аялап ұстау, бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

  • Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру.

  • Еліміздің табиғи ресурстарын керегімізге пайдалану.

ІІ бөлім. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы

Ойлап жүрер, туған жердің табиғатын, ел жайын

Көш бастаған елбасымыз Жолдау арнап жыл сайын;

Өзімізді асыраушы Табиғаттай Ананы

Қорғау үшін әрқашан да алдымызда тұр дайын!

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауының он бағыттары :

  1. Қазақстандықтардың жұмыспен тартылуы.

  2. Қолжетімді баспана.

  3. Өңірлерді дамыту.

  4. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

  5. Басқарушылардың білікті саяси тобын дайындау.

  6. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.

  7. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.

  8. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.

  9. Индустриялық-инновациялық жобалар.

  10. Ауыл шаруашылығын дамыту.

Құрметті оқушылар! Елбасымыз 1997 жылы "Қазақстан-2030" Стратегиясын қабылдап, елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін және басты мақсаттары мен басымдықтарын атап өтті. Соның ішінде халықтың әл-ауқатын көтеруде орын алатын еліміздегі ауыз сумен, таза ауамен және пайдалы қазбаларды өңдеу жолымен қамту жолдарын көрсетті.

Халықты қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында су көздерінің ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлардың төмендеуіне, сумен қамтамасыз ететін жабдықтардың тозуына байланысты мәселелр бүгінгі күннің басты сұрағына айналып отыр.

2011 жылдың 29 қаңтардағы Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында «Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері - ха­лық­тың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады» деп атап өтілді.

Ормандардың сақталуын қамтамасыз ету, аумақтардың ормандылығын біртіндеп ұлғайту, өрттен сақтауды жақсарту, оларды зиянды жәндіктер мен аурулардан сақтау, сапалық және санитарлық жағдайын реттеу, елді мекендерді жасыл желектендіру аумақтарын ұлғайту мақсатында «Жасыл ел» бағдарламасын алға қойды. Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007-2009 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бағытында негізгі мақсаттарының бірі ретінде республикада экологиялық тұрақтылық пен экологиялық жағдайларды жақсартуды жүзеге асырды. Онда ағаш отырғызу жұмыстарының ауқымын кеңейтудің, елді мекендерді жасылдандырудың, сондай-ақ осы істерге жастарды жұмылдыру арқылы орманды аумақтарды ұлғайтудың негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталады.

Қазақстан мұнай мен газ өндіретін ел болғандықтан, өнеркәсіп орындарын дамыту міндеті алға қойылып отыр. Елбасының 2008 жылдың ақпан айындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында еліміздегі тау-кен металлургия саласы «Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс» деп аталып өтсе, 2006 жылдың наурыз айындағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында газ-мұнай компаниялары мен қара және түсті металдарды өндіретін кен орындары мәселелері «Әрбір мұнай-газ кеніші кәсіпкерлікті дамытудың осы заманғы тұрмыстық қызмет көрсетуден бастап, ең озық инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету саласына дейінгі ауқымды қамтитын өзіндік тұтас аумақ ретінде қарастырылуға тиіс» деп айтылып кетті. Сонымен қатар «Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш-жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс» деген де міндеттер көзделді.

ІІІ. Табиғат суреттеріндегі сұрақтар (5 оқушы).

  1. Егер сен ақын болсаң, ...

  2. Егер сен суретші болсаң, ...

  3. Егер сен бастық болсаң, ...

  4. Орман-тоғайға байланысты тыйым сөздерді білесің бе?

  5. Ауаға, суға байланысты жұмбақ-жаңылтпаштар білесің бе?

ІV. Оқушыларға сөз кезегін берейік!

1-оқушы. Атамекен - жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың -

Туған жердің табиғатын аялау.

2-оқушы. Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

3-оқушы. Қадір тұтіп табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

"Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын" деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.

V. Тілек айту. Табиғат құбылыстары (ай, жұлдыз, күн, гүл және т.б.).

1. Бұлақтай мөлдір таза бол!

2. Жұлдызың жарық болсын!

3. Айың оңыңнан тусын!

4. Қөңілің көлдей шалқысын!

5. Гүлдей жайнай бер!

6. Қызғалдақтай құлпыра бер!

VI. Қорытынды. Бекіту сұрақтары.

Алтын дәнді даламыз бар,

Ақ күмістей қаламыз бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің, туған өлкем!


  1. Еліміздің қандай табиғи ресурстарын білесіңдер?

  2. Елбасымыз өз Жолдауында қандай бағыттарды қамтыған?

  3. Өнеркәсіптің қай саласы бойынша міндеттер қойып отыр?

  4. Қоршаған орта алдындағы сіздердің міндеттеріңіз қандай?

  5. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарылыд?


© 2010-2022