Годовой план по теме Тәрбие жоспары /6 класс/

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін» «Келісемін» «Қаралды»

Мектеп директоры: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Әдістемелік бірлестік отрысында

Д.Айтмамбет. Н.Сұлтанов. Хаттама №

_______________ ___________________ «______»________________ 2015 жыл



6 сынып оқушыларына

2015-2016 оқу жылына арналған

ТӘРБИЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ





Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

Міндеттері:

  • білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-

дың күшін біріктіру;

  • қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;

  • білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі

мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.

Іске асыру механизмдері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болады.


Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары

Мақсаты

Нысаналы индикатор

Мерзімі



І бағыт



Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие


Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

«Қауіпсіздік өмір-денсаулық кепілі»

«Тәуелсіз елім-Қазақстан»



«Жеңістің туы желбіре»



«Ана тілім-арым бұл»


ІІ бағыт



Рухани-адамгершілік тәрбие

Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.


«Әдептілік -әр адамның айнасы»


«Тыйым сөздердің тәлімі»


«Адамгершілік-асыл қасиет»


ІІІ бағыт



Ұлттық тәрбие


Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.


«Қазақи салт-дәстүрлерді дәріптеу»



«Ұлттық тағамдар»











ІҮ бағыт



Отбасы тәрбиесі

Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету

«Отбасы-тәрбиенің басты мекені»



«Ана-өмірімнің асыл қазынасы»



«Берік отбасы-мәңгілік ел»



Ү бағыт



Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие


Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.


«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»


«Ас атасы-нан»



«Мен табиғатты сүйемін»


ҮІ бағыт



Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.



«Ақпараттық мәдениет негіздері»




«Ұстазы мықтының- ұстанымы мықты»


«Қазыналы-Қазалы»





ҮІІ бағыт Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие


Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.

«Тілім менің-тірегім»



«Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз не?»



«Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа нұр»





«Наурыз-көктем бастауы»




ҮІІІ бағыт



Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.



«Қауіпсіз өмір-денсаулық негізі»



«Жол ережесін сақтау, мәдениеттің бір белгісі»



«Салауатты -өмір дені сау ұрпақ»








Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер


  • Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық аясын;

  • білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін;

  • жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;

  • тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

  • бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайындауды;

  • білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуды;

  • тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы;

  • мен өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы

мен мәдениетінің жоғары деңгейін;

  • табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты −Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.

© 2010-2022