Танымдық сайыс: «Мен және көше»

Тақырыбы:«Мен және көше». Танымдық сайыс Класы: 7 в Мақсаты: Оқушылардың көше ережесін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сақтыққа, жеке бас қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың жолда жүру ережелерінің қажеттігін ұғындыру. Көрнекілік: Интерактивті тақта, жол белгілері суреттеріБарысы:Ұйымдастыру кезеңі:Әр топ өздерін таныстырып өтеді.І топ: «Жас ұлан» тобы ІІ топ: «Қайсар» тобыЖарысымыздың шарттары: І кезең «Жол ережесін білеміз бе?» ІІ кезең «Менің мектепке барар жолым».(Ситуациялық сұрақ)
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мен және көше». Танымдық сайыс Класы: 7 в

БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ескалиева З.М

Тақырыбы:«Мен және көше». Танымдық сайыс Класы: 7 в

Мақсаты: Оқушылардың көше ережесін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сақтыққа, жеке бас қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың жолда жүру ережелерінің қажеттігін ұғындыру.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, жол белгілері суреттері

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

І топ: «Жас ұлан» тобы

ІІ топ: «Қайсар» тобы

Жарысымыздың шарттары:

І кезең «Жол ережесін білеміз бе?»

ІІ кезең «Менің мектепке барар жолым».(Ситуациялық сұрақ)

ІІІ кезең «Көңілді жолаушылар». (Көрініс)

ІҮ кезең «Мамандар атынан сөйлеу»

ІҮ кезең «Оқушылар шығармашылығы»

Ү кезең «Капитандар сайысы»

І кезең «Жол ережесін білеміз бе?»

Шарты: Топтағы әр оқушы ұяшықтағы сандарды таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді..

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.Жүрісті реттеп отыратын адам?

(жол реттеуші)

2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай - жүріп тұруы керек?

(келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)

3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)

4. «Абайлаңыз балалар»

5."Жолаушылар" дегеніміз кімдер?

(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)

6.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

(бағдаршам - механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)

7..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол

арбамен қалай жүру керек?

(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)

8.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?

(03 - жедел жәрдем шақырып, 02 - полиция бөліміне хабарласу керек)

9.Транспорт құралы дегеніміз не?

(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)

10.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған

машинаға мән бермейді)

11. «Жаяу жүргіншілер жолы»

12.Қандай жол белгісі велосипедпен жүруге тыйым салады?

(қызыл дөңгнлектің ішінде велосипедтің суреті бар)

ІІ кезең «Менің мектепке барар жолым»

(ситуациялық сұрақ)

Ұпайы көп топ ойынды бастайды.

1

2

3

4

1.Сабаққа асығып келесің. Жол жиегіндегі қоршаудан аттап, келесі бетке өтіп кетсең, сабаққа кешікпей үлгеруің мүмкін. Жаяулар өтетін жерден өтсең, сабаққа кешігіп барасың. Сен осы екі жолдың қайсысын қалайсың?

2.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр, бірақ көшеде ешқандай көлік қозғалысы жоқ. Сен осы сәтті қалай пайдаланар едің?

3.Жолдасың саған жолдың арғы бетіне келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуіңе шапшаңдығың да, батылдығың да жетпейді деп келеке етті. Сен өз батылдығыңды қалай дәлелдер едің? Бұл жағдаяттан қалай шығар едің?

4.Мектепке асығып келесің. Жолда көлік көп. Жолдың арғы бетіне өте алмай қолындағы заты ауы қарт ана мен 5жасар бала тұр. Саған жағдай айтты. Сен не істер едің?

ІІІ кезең «Көңілді жолаушылар»

(Көрініс)

Шарты: Әр топ өздері дайындаған жол ережесіне байланысты көріністерін қояды.

ІҮ кезең «Мамандар атынан сөйлеу»

1

2

Шарты: Ұпайы көп топ ойынды бірінші бастап, ұяшықты таңдайды. Ұяшықта мамандардың аты жасырылған. Араларынан біреуі шығып мамандар атынан сөйлейді. Бағасын әділ қазылар береді.

1. «Жүргізуші»

2. «Дәрігер»

Ү кезең «Оқушылар шығармашылығы»

а) «Менің болашақ қалам» деген тақырыпта өздерінің болашақ қаласының сызба-макетін жасайды. Олардың көшелеріндегі жолда жүру ережелеріне қатысты белгілердің суретін алады.

ә) Өлеңнің алдыңғы жолдары айтылады. Келесі жолын оқушылар құрайды.

«Жас ұлан» тобына:

Жүргеніңде көшеде бейғам болма,

Бағдарлап жан-жағыңды сен абайла.

«Қайсар» тобына:

Ел сенімін ақтаймыз,

Жол тәртібін сақтаймыз.

б) Екі топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды

ҮІ кезең «Капитандар сайысы»

«Жас ұлан» тобына:

1Жол белгілерін неше топқа бөлеміз? (7)

2.Велосипедшілерге жол жиегінен қанша метр қашықтықта жүруге рұқсат етіледі? (жол жиегінен 1 метр қашықтықта)

3.Көлікке арналған жол несімен қауіпті?

(көлікті жүргізуші өзі жүріп өтуге тиісті жолды алаңсыз пайдалануы керек. Бұл жолмен жая адамдар жүруге бомайды)

«Қайсар» тобына:

1.Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиістіміз?

(көлікті жүргізушілер жол өткелдеріне жақындап келгенде жүрісін баяулатады)

2.Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

(жаяу жүргіншілер жиекжолмен ғана жүруге тиіс)

3.Жолаушылар автбус, трамвайларға қалай мініп-түсуі керек?

(аялдамаға келіп тқтаған автобус толық тоқтағанн кезде ғана оған мініп-түсу керек)

Қорытынды:

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жүлдегер топ, жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.



© 2010-2022