Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Тақырыбы: Ел боламын десең , бесігіңді түзе.Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қыз баланың бойына сіңіре отырып қыз балаға келешекте ана , шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындыру, әдептілік, сыпайылық, инабаттылық, мол мейірімділік , төзімділік, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Дина Нұрпейісова атындағы орта мектеп








Ата- аналар мен қыздарға арналған тренинг

Ұйымдастырған : қыздар ұйымының жетекшілері: Қарасаева Э

Исатаева Г


2014-2015 оқу жылы


Бекітемін:

МДТІЖО: Ж.Утепбергенова

Тақырыбы: Ел боламын десең , бесігіңді түзе.

Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қыз баланың бойына сіңіре отырып қыз балаға келешекте ана , шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындыру, әдептілік, сыпайылық, инабаттылық, мол мейірімділік , төзімділік, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар , оқушылар «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» тақырыбындағы тренингімізге қош келдіңіздер!

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,-

демекші баланың ыстық- суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар . Отбасы- адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шырт етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл -ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы , демеуші -ата-ана. Міне, бүгінгі қозғамақ тақырыбымыз да осы болмақ.

Ортаға 8-11 сыныптардан 10 қыз баланы шақырамыз.

Шаттық шеңберіне жиналып, «Ана туралы жырды» орындау.

Әлемнің жарығын ,

Сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңі арнаған

Әлдилеп, аялап,

Өсірген жемісін,

Самал жел сая бақ,

Құшағың мен үшін,

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін,

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.



Ән орындалып болған соң, ортаға аналарды алып шығады.

Екі топқа бөлініп отырады.

Тапсырмалар:

1)Ітоп: Аналарға: Тәрбие ережеден емес, өнегеден

Қыздың ұяты шешеге

ІІ топ: Қыздарға : Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Берілген нақыл сөз, өлең жолынан алынған үзінді нендей мағына береді, сіз қалай түсінесіз? ойларын жазу (постер қорғау)

2) Жұмбақ кейіпкер

Мен 15 жастамын.Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Менің ата-анам жұмысбасты адамдар, жұмыс істеп жүріп маған көңіл бөлуге , менімен әңгімелесуге де уақыттары жоқ. Мен үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барамын деген жеріме жібереді. Маған ақшаның, байлықтың еш керегі жоқ. Маған тек ата-анамның аялы алақаны , мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Мен мұнда ата-анамды жамандайын деп келгенім жоқ. Ата-анасына кім жамандық ойласын. Құрметті қауым, мен ата-анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен.

Эдворд Де Боно «Ойланудың алты қалпағы»

Қыздарға :

Ақ қалпақ: Қыздың әрекетін жақтау

Қара қалпақ:қыздың әрекетін даттау

Жасыл қалпақ: Сен қыздың орнында болсаң не істейсің?

Аналарға:

Қызыл қалпақ: жұмбақ кейіпкерге деген мейіріміңізді эмоциялық сезіммен білдіріңіз

Сары қалпақ: жұмбақ кейіпкерге рух- жігер беретіндей тілегіңіз

Көк қалпақ: «баламның қарны тоқ , көйлегі көк болса болды, тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға көзқарасыңыз?

Қорытынды пікір, шешім

Балаға материалдық жағынан ғана көмек емес, рухани дүниесіне де үңіліп , жұмбақ кейіпкердің басындағы жағдайды болдырмау- әр ата-ананың парызы. Ендеше, балаларымыздан мейірім шуағын аямайық.

3) «Өтелмес борыш» бейнебаянына назар айдарайық.

«Еркін талқылау» әдісі

  • Ананың құдіреттілігі неде?

  • Егер сен келінінің орнында болсаң не істер едің?

  • Немесе есесінің орнында болсаң....

  • Ер адамның іс-әрекетіне қандай баға бересіздер?

Т.с.с сұрақтаар өрбіту арқылы бейнебаянды еркін талқылаймыз.

Ана - бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін деген қанатты сөз бар. Өз бақытын, қуанышын , өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы аналар аман болғай!

4) Көрініс.

Анасы мен баласы серуендеп келеді.

-Балам-ау, сөйлесеңші енді. Айтарым бар деп мені мына баққа шақырып аласың да, үндемей келесің . Құлағым сенде.

-Анашым, айтар сөзім сізге ұнамай қалып, көңіліңізге кірбің ұялатамын ба деп қорқып келем.

-Алтыным-ау, түріңнен сол, әкесінен аумай қалған. Саған титімдей де ренжімеймін деп уәде берем. Айта қойшы, айтпағыңды...

Тезірек құлыным, үйге де баруымыз қажет қой. Кешкі ас әзірлеуім қажет, әкең «Бүгін балалардың бәрін жина, дастархан басында шүйіркелеспегенімізге көп болды. Оның үстіне жиендерді де сағындым» деген. Әпке-жезделеріңе қоңырау шалып шақырып қойдым . Кешке бәрі жиналады.

-Анашым, маматайым менің! Сіз менің .... Сіз менің өзімнен бір сынып төмен оқитын Гаухарды ұнататынымды білісіз ғой.

-Білем, балам (жымиып) . Ол биыл миектеп бітіріп , жалғыз анасының үмітін ақтап, Алматыға оқуға тапсырыпты. Түсті ме екен, естімедің бе?

- Ия ,білем. Бірақ, мама, ол оқуға түсе алмай қалды,енді ол Орал қаласындағы медицина колледжіне оқуға түсті.

-Е-е, жақсы бопты. Қыз бала ғой ,оның үстіне медик болу қыз балаға жарасады, бұл мамандыққа жұмыс та көп.

-Иә,иә, мама, білем айтпағым да осы. Қысқасы, мен Гаухардың қасында болғым келеді.

-Қалай сонда?

-Алматыдағы оқуымды Оралға ауыстырсам деймін . Осыған әкемнің рұқсатын алып беріңіз, анашым.

-Иә, мұның тосын жайт болды ғой, балам. Алматыға екінің бірі оқуға түсе алмайды және 1-курсын оқып та тастадың. Ү-ү-үйреніп қалған жерің ғой дегенім ғой...

-Мен шешім қабылдадым, анашым. Алматыдағы оқу Оралда да бар. Мендей озат студентті БҚАТУ оқу орны бірден қабылдауы тиіс. Тек сіздердің рұқсатыңыз ғана керек. Мені түсініп тұрсыз деп ойлаймын.

-Сені қандай шешім қабылдасаң да мен жаныңда болам деп өсіріп едім. Бұл шешіміңе де қарсылық білдірмеймін.

-Рахмет, анашым! Сеніміңді ақтаймын деп уәде бере алам.

-Ал әкеңе айтып көремін. Ол өз шешімін өзі айтады. Жарайды, енді үйге қайталық. Енді Гаухар оқуын бітіріп, біздің үйге енгенше маған қолғабыс бола тұр. Кешкі үстелді дайындауыма көмектес.

-О, не дегеніңіз. Қуана-қуана.

Бала: Менің шешімімді қолдап, әкелік қамқорлығыңды көрсетіп, рұқсатыңды бергеніңе рахмет, әке. Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Сіздерді жерге қаратпаймын ер-азамат болып ер жетуге уәде беремін. Менің саналы азамат болмауға қақым жоқ. Өйткені сіздер сияқты ұлағатты, үлгілі отбасыдан тәлім-тәрбие алдым. Екі әпкем отау көтеріп, сіздердің өрістеріңізді кеңейтіп, ибалы келін болып абыройларыңызды асқақтатып отыр. Көресіздер, мен де ата-анасын алақанына салып әлпештеген ,жарына сүйеніш, ұл-қызына демеу бола білген отбасы иесі боламын.

Әкесі: Балам, сенің толыққанды азамат болатыныңа еш күмәнім жоқ. Жасың 20-ға жетпестен ұнатқан қызыңның жанында болу үшін, өзіңнің болащақ бақытың үшін отыздағы ордабұзар жігіт жасай алмас қадамды жасап тұрсың.

Қолдамағанда қайтем.

Анасы: Не деп кеттің, әкесі-ау. Әлі 4 жыл оқуы бар, оның үстіне Гаухар біреудің жалғызы...Қой асықпайтын шығар

Бала: О, не дегенің, анашым-ау! Әрине асықпаймыз.

Анасы: Ботам-ау аман жүр! Құдай өзі жар болсын! - Әкесі-ау баламыз неткен тәрбиелі еді! Құдай тіл-көзден сақтасын. Осының бәрі отағасы сенің арқаң.

Әкесі: Әй, қайдам, анасы-ау! Балаларымның алдында абыройымды асқақтатып, ел-жұртқа беделімді көтеріп, алаңсыз еңбек етуіме жағдай жасаған сен емессің бе? Мен бұл шаттықтың бәрі сенің көрегендігің, сенің парасаттылығың деп білемін. Осы қасиеттерің балаларымызға дарысын. Ер азаматтың беделін асқақтатар әйел ғой, әйел.

Қорытындылау:

Бір айналым сөйлем әдісі



© 2010-2022