Разработка классного час на тему Шылым шегу адам өміріне зиянды

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сынып сағаты



«Шылым шегу адам ағзасына зиянды»



5 « Ә » сыныбы














Сынып жетекшісі:Кабдулова А.С






Алматы 2015

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Шылым шегу адам ағзасына зиянды»

МРазработка классного час на тему Шылым шегу адам өміріне зияндыақсаты - Оқу мен тәрбие жұмысын дамыту және еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға нақты білім беру болып табылады.

Біліктілік: Оқушыларға шылым шегудің адам ағзасына қаншалықты зиянды екенінен толық мағлұмат беру

Дамытушылық: Оқушылардың ойларын оята отырып, денсаулық аясында білімдерін дамыту
Сабақтың түрі - пікір талас сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Жазуы бар 2 плакат ілінеді.

1-ші «Темекі шегуге әрқашан барлық жерде бәріне тыйым салынады!»
2-ші «Темекі шегуге әрқашан кез келген жерде барлық адамға рұқсат!»


Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.
Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

1-ші топ «Темекі шегуге әрқашан барлық жерде бәріне тыйым салынады!»
2-ші топ «Темекі шегуге әрқашан кез келген жерде барлық адамға рұқсат!


Әр оқушы өзі қалаған плакаттың жанына барып орналасады, яғни өз позицияларын ұстанады.

б) Мұғалім пікір- талас шартын түсіндіреді.
II.Қызығушылықты ояту.
Қазақстанда қанша пайыз адамдар темекі шегеді?

Неге әйел адамдар саны ер адамнан көбірек, қалай ойлайсындар?

Ал әйелдер неге темекі шегеді?

Қазақстанда ер адамның 50-55% і. Әйел адамның 10-15% і шылым шегеді екен.

Темекінің түтіні денеге қандай улы заттар таратады?

Ал кейбір адамдар темекінің зиянды екенін біле тура темекі тартады. Әр адам темекі шегуге немесе шекпеуге құқылы. Егер бөлмеде темекі шегіп отырған адамның қасында темекі түтіне шыдамайтын адам болса ше? Кімдікі дұрыс, бұл жерде кімнің құқығын қорғау керек?

1) Темекінің түтіні арқылы денеге көміртегі тотығы, кадмий, қорғасын тарайды.
2) Әсер күші жағынан бір сигарет түтінінің денеге әсері автомобиль жолынын бойында 16 сағат тұрғанымен бірдей екен.
III.Мағынаны тану: Бұл стратегияларда барлық оқушылар өздерін еркін ұстап, өз пікірін, өз көз қарасын еркін айту мүмкіндігіне ие болады. Барлық оқушылар белсенді жұмыс жасайды. Әр топ өз пікірлерін ортаға салады.


I - топ Денсаулық мәселесі қашанда қоғамның ең зәру мәселесінің бірі болып келеді.
Қ.Р Конституциядағы адамның денсаулығына байланысты 1, 29, 31, 55, баптарды мысалға келтіреді.


II-топ. Егерде мемлекет халық денсаулығын ойласа неге дене тәрбиесімен спортты дамытуға көңіл аз бөледі, спорт сарайлары салынбайды, мектептердегі спорт залдары қазіргі талаптарға сай емес, бассейндер жоқ.

Дүкендерге кірсең спиртті ішімдіктер мен темекінің түр - түрін көресің, тіпті күнделікті теледидардан спирттік ішімдіктер туралы жарнама береді әуелі әйел адамдарға арналған темекі шығаруда. Қазіргі сүзгілі сигарет темекі уын тұтып қалады деп жарнаманың түр-түрін шығарады. Оған не дейсіңдер?
Осындай және тағы басқа көптеген қарсы пікір айту арқылы әр топтағы бала өзінің білім деңгейін, ой-өрісін, қиялын ұштауға мүмкіндік алады.


IV. Ой толғаныс
Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою
1.Салауатты өмір салты деген не?
2.Денсаулық сақтау азаматтардың құқығы ма әлде міндеті ме?
3.Балалардың денсаулық сақтау жөніндегі айрықша құқықтары қандай?
4.Өздерің алдын ала денсаулық сақтауға қатысты қандай шаралар қолданасыңдар?
Бұл стратегияда жауап бергісі, сұрақ бергісі келетін оқушылар көп болады.

V.Сабақты қорытындылау
а) Сұрақ - жауап
1.Бүгінгі сабақта қандай жаңа білім алдық?
2.Қандай мағлұматтарды осы уақытқа дейін теріс түсініп келдің?


VI. Үйге тапсырма: Өздерінді толғантып жүрген мәселелер болса, оны шешуге бағыт беретін ойларыңды, өзіндік көзқарастарыңды шығарма жазып келіңдер.


© 2010-2022