Сыныптан тыс жұмыс

0қушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту, өз халқын, тілін, туған жерін сүюге бағалап, мақтан етуге баулу: ұлтымыздың тарихынан және ұлтымыздың мақтанышына айналған тарландарын құрметтеу: отанды сүюге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.   Сахналық көрініс: әдеби музыкалық монтаж, тарихи дәйектемелер, ән, слайд «желтоқсан ызғары» арқылы өтеді.  Мұғалім: құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен ерлеріміздің ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкендірген желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын тәуелсіздік егемендік күні мерекесіне арналған.  «Тәуелсіздік-ел тұғыры» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызғ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сыныптан тыс жұмыс
Тақырып : «Тәуелсіздік-ел тұғыры»
Мақсаты: 0қушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту, өз халқын, тілін, туған жерін сүюге бағалап, мақтан етуге баулу: ұлтымыздың тарихынан және ұлтымыздың мақтанышына айналған тарландарын құрметтеу: отанды сүюге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.


Сахналық көрініс: әдеби музыкалық монтаж, тарихи дәйектемелер, ән, слайд «желтоқсан ызғары» арқылы өтеді.
Мұғалім: құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен ерлеріміздің ерен ісімен кешегі дүниені дүр сілкендірген желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын тәуелсіздік егемендік күні мерекесіне арналған.
«Тәуелсіздік-ел тұғыры» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
«Түбін білмеген - тексіз» дейтұғын қазақтың
Ғажап сөзі осындайда шықса керек.
Себебі, төуелсіздіктің түп тамыры
Сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

Асхат -Қазақ халқы ежелден еркіндікті аңсаған.кең жазирада тәуелсіз өмір сүрген.Батырларымыз жауларға бас немеуді. Ұрпаққатан ұрпаққа жалғастырып отырған.

Тақтада: «Қарабура» әні - бейнеклип

Жылдар өтіп барады (дыбыс)
(Көрініс қыздар биі)

1) Қазақ халқының намысын жоғары көтерген
- Кенесары хан бейнеклип
Сахнада :
Жұлдызай - Алашта талай-талай ерлер өткен.
Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен?
Алина - Кенесары - Тәуелсіздіктің үлкен тарихи насаны.
Егер ол сол кезде үлкен өжеттік көрсетпесе,
қазақтың басындағы даурен біржола өтіп кетуі мүмкін еді.

Сәуле - Кенесарының денесі мен басы қосылмай, қазақтың күні оңбайды.

Оксана - Кенесары өз жасағының мәртебелі әміршісі бола біледі. Оның рухына бөленген жасаққа еуропалық әскердің қандай да болсын қолбасшысы таңданар еді..

Айгүл - Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз,
Наурызбай төре кеткен соң
Бастан тайды баіғымыз.
Бұлбұлдай сайрап жүр едік,
Байланды тіл мен жығымыз.
Света - Халқы үшін қан жұтып, қару алып,
Ту көтеріп, далада дабыл қағып
Он жыл бойы бір түспей ат үстінен,
Он жыл бойы көрмеді дамыл алып.

Жылдар өтіп барады (дыбыс)
(көрініс қыздар биі)

2) Қазақ халқының намысын жоғары көтерген батырларымыздың бірі - Әлия Молдағұлова

Айя- Әлия - талай батырларды, билерді, күллі қазақ халқына ортақ ұлы тұлғаларды тудырған киелі, аруақты өлкенің өркені

Сапура- Әлияның есімі де тәуелсіз отанының тамаша болашағына беттеген жас ұрпақтың және бір жарқын құбыланамасы, аяулы өнегесі ретінде халықпен бірге жасай береді.

Сахнада көрініс : Әлия - Жолдас полковник,
...Отан үшін , ел үшін алға!!!

Солдаттар жерге жатып қалады. Командир қайтыс болады. Әлия Отан үшін қаза табады

Жылдар өтіп барады (қыздар биі)

3) Қазақ елінің намысын жоғары көтерген
Халық - қаһарманы - Қайрат Рысқұлбеков.

1 слайд желтоқсанның батырлары

Ануар - Бұл дүниедегі ең зор бақыт - еркіндік екен ғой, кім білген?!

Аманат- Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты - «құрбандық»
Атам десең, атыңдар!
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар.

Жылдар өтіп барады

4) Сахнада: Қатты желдің дауысы. Боран.
Жерде жатқан бір бала қасына хан мен батырлар жақындады

Данияр Қабанбай елімнің етек жеңін жинай алмай жатқан кезенінде басын өлімге байламаған ер жоқ еді .Ақырзаман болуға таяды ма? Әлде ұрпақтарымыз ынжық па? Кешегі желтоқсанда аруағымды кәпірлер таптағандай болды. Қазақтың ерлері қайда? «Ер туса-ел ырысым» емес пе еді?

Асхат Бөгенбай батыр Тұлпардан тұйяқ қалса дүбірлетуші еді ғой. Дарабозым! Ұрпағымыз неге қанаты қайырылған қарлығаш секілденді? «қыз атаға жау» деуші еді, шамасы, ұлдарымыз да, немерелеріміз де намысын жатқа таптататын өзімізге жау болғаны ғой

Азамат Кенесары Ей,жігіт! Желтоқсанның аязына шалдыққан тек үш-ақ қарылғаш басқалары қайда?

«Бөріктің намысы бір» деген қазақ даналығы қате ме? Жоқ, қатеге шығарған ұрпақтарымыз шала? Ей, жігіт сөйлеші, сөзіңмен көңіл кірін жушы

Бала жерден тұрып жауап береді

Бауржан Бала-Бабаларым, рақмет сендерге! Азаттық үшін алысып, алты алаштың ардағына айналдыңдар.Сендер салған жолмен жүрмей, жалт- жұлт еткенге қызығып, бөтеннің ізіне түсіппіз. Әттен өкінішті.

Азамат Қабанбай- Біздің мұрагерлеріміз қайда? Дүниеге ғасырларды артқа тастап келе ме әлде....

Сахнада бала «Тәуелсіз 1991ж»

Асхат Бөгенбай-Өнім бе, әлде түсім бе, жүрегі құрғыр қалай-қалай соғады.

Данияр Кенесары-Ал, бабаларым, қолдарыңды жайыңдар, ақ бата тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын|!

Сахнада бала. Тәуелсіздік-20 жыл

Ануар Бабаларымыздың арманың жас сәби екі жарым ғасырдан кейін орындап отыр, аталардың абзал жолына енді ғана түсті,енді даланы жел ызғыны емес, қуанышты үн кернеп тұр.

Карина Егемендік еңселім ерке гүлім
Есейе бер бағында ертегінің
Елдегі мен ерлігін елеп өтем
Егеменді елімнің ертеңімен
Тәуелсіз қазақстан республикасына 20 жыл
София-
Ең бірінші бақытым-халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты десең егер,Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Оқушылар шаңырақ астында жиналып тұрып «Атамекен» әнін орындайды.

Атамекен
Сөзін жазған:Қ.Мырза Әли
Әнін жазған:Е.Хасанғалиев
Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын,көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды-
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы: Қайда жүрсең,атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.


© 2010-2022