Есірткі тәрбие сағаты-10 кл

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЕСІРТКІ- ЖАС ӨМІРІҢДІ УЛАУШЫ.


Есірткі тәрбие сағаты-10 кл













МАҚСАТЫ: Есірткі улы зат ,өміріңді өшіретін,қадыр-қасиетіңнен айыратын,ата-анаңа,қоғамға зардап шектіретін жағдайға жеткізетін дерт екенін ұғындыру, одан қорғануға баулу.

КӨРНЕКІЛІГІ: Есірткі-жас өмірді улаушы. Суреттер көрмесі.

БАРЫСЫ: Қойылым. Қатысушылар: 1. Жүргізуші.

2.Жігіт.

3.Наша.

4.Ақыл.

Есірткі тәрбие сағаты-10 кл






1.Кім мұндайды есітті,

Есірткі жұртты есіртті

Иіскеген жастардың

Жан-тәнін түгел кесіпті

Сақ болайық ,ағайын

Қатерлі жау-есірткі.

Сахнаға басы салбырап жігіт шығады.

1.Ей жас жігіт

Жан едің сен ,гүл едің

Солып қалыпсың

Тыныштығыңды кім бұзды.

2.Өмір қатал

Көңіліңе қарай ма,

Душар болдым қайғыға

Енді арылу оңай ма.

  1. Не деп кеттің

Қандай қайғы айтқаның

Қане отыр да

Түсіндіріп айт бәрін.

2.Ізгілікті зұлымдыққа талаттым

Денсаулықтың барлық асыл-алтынын

Пенделіктің орманына тонаттым

Жастайымнан құлы болдым қайтейін

Наша менен арақтың.

1.Жоқ ,сабыр ет

Әттең өзің жанбай жатып

Жақын тұрсың сөнуге

Сен жігітсің

Көтер басты

Ілес менің ізіме

3.Мына мен бар

Уа,халайық қараңдар

Көз көрмейтін сиқырым бар

Еліктірер адамды

Осы өнермен әп сәтте-ақ

Жаулап алам ғаламды

Ия жігіт бір күннен соң бір күннен

Есігіңді жиі қағып тұрдым мен

Жиі қақтым келмейді оны жасырғым

Кей күндері бірге жүрген досыңның

Баянсызын сезінгенде жолықтым.

2.Мен сол кезде әзер-әзер құтылдым ғой сендерден

Дәрігердің көмегімен ұзақ уақыт емделгем

Ал,бүгін ше,бүгін неге келдің сен

Мұнда тегін жүрген жоқсың мен білсем.

4.Ей,ақымақ,ақымақ

Жақын болма жаманға

Жалыныңды сөндіріп

Жастығыңды күйдіріп

Сезіміңді қорлатасың оларға

Ақыл нашаны қуып шығады.

1.Айналаға асыл нұры шашылып

Жетіп келді денсаулық та асығып

Барлық жігіттер сахнаға шығады.

2.Денсаулықтың басшысы

Жан тәнімді өз қолыңа беремін

Бір өзіңсің азаматтың сақшысы

Айтқаныңа көнемін -деп жігіт тұрғандарға қосылады.

4.Осы айтқан ақылым

Ойға салар сені де

Тек жүзіңді төмен салма

Нашақорға жақын болма

Тек көзіңді жасауратпа

Сенің көзің заман үшін бағалы

Сенің әнің асқақ шықса

Қоғам даңқы жоғары.

  1. Денің сауда жетерсің арманыңа

Жоспалап алға қойған мақсатыңа

Денің сауда көрерсің бұл дүниенің

Бар қызық, рахатын, жарығын да.

1.Кімде-кім өзіне өмір беріп әлпештеп-өсірген ата-анама қарыздармын деп, адал ұл болам десе -арақ ішпесін, наша шекпесін

Кімде-кім сұлу қызға жар боламын десе -арақ ішпесін, наша шекпесін.

Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе -арақ ішпесін, наша шекпесін

Кімде-кім өз ортасына қадірлі адам боламын десе -арақ ішпесін, наша шекпесін

Ғасыр дерті

Жыланша келеді қайғысын төндіріп

СПИД дерті әлемнің жарығын сөндіріп

Уын жайып барады бар әлемге

Өмірі жазылмайтын бұл дертке көндіріп

Адамның өмірімен жағаласып

Тіпті одан ол қазір барады асып

СПИД-тің уын ішкен бұл күндерде

Қиналады, құтыла алмай, жаны сасып

Жаны күйіп, дерт ішкен-қалтырады,

СПИД дерті қашан бір сарқылады

Абай боп, бұл дертпенен күресейік,

Сонда ғана дерт көлі тартылады.

СПИД-ғасыр індеті

Бұны білу әр адамның міндеті

Тек айтарым сақ болыңыз бәріңіз

Ауырмаңыз, СПИД- ғасыр індеті

Сабаққа пікір:

Сайыс түрінде өтілген бұл тәрбие сағаты көрнекіліктермен, оқушылардың түгел қатысуымен қойылым түрінде лас қылықтардан аулақ болуға үйретуге жақсы дәрежеде өткен сабақтардың бірі. Басқа оқушылар қойылымды көре отырып өздеріне сабақ алып бұдан аулақ болуға үйренді. Сабақ мақсатына жетті.

Пікір жазған:

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: А.С.Бектасова.

© 2010-2022