Сценарий мероприятия День Независимости

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайырылмай кеткен қарлығаш

Қатысушылар:

Интелегент

Ләззаттың анасы

Ләззаттың аруақ бейнесі

Оқушылар

Әскери адамдар

Автор:

Желтоқсанның жалауын желбіреткен, тәуелсіздік үшін,елінің болашағы үшін,ертеңінің не боларына қарамастан жастық жалынмен мұз үстіндегі отқа оранған Ләззат Ахметқызы Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданындағы Айдарлы ауылында 1970 жылы 27 шілдеде дүниге келген.

1977 жылы Жамбыл орта мектебіне 1-сыныпқа барады.Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,алғырлығымен,зейінділігімен көзге түседі.Бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейін оқу жылын мақтау қағазымен аяқтап отырады.Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене отырып,көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып,өнерлі болып өседі. Ол отбасының тұңғышы болатын.1985жылы 8-сыныпты бітіріп,Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық училищеге түседі.Бірінші курсты аяқтап, екінші курстың ортасында желтоқсан көтерілісінің белді құрбаны болады.Чайковский атыдағы училищенің студенті -Ләззат танкімен тапталып өлтірілген.Оған көптеген ақын -жазушылар жыр арнады.Желтоқсан оқиғасы туралы режисер Қалдыбай Әсенов түсірген «Аллажар» филімінің басты кейіпкері де Ләззат.

Автор: Назарларыңызға «Қайырылмай кеткен қарлығаш» атты әдеби -музыкалық композиция.

«Желтоқсан желі» әуені ойнап тұрады.Өлең микрофон арқылы сахна сыртынан оқылады. Оқиға өлең мазмұнына сай сахнада жүріп жатады.Көшеде ерсілі- қарсылы өтіп жатқан адамдар. Тәртіп сақшылары.

Қар үстінде қызыл қан,қара бұрым,

Халық та көп көшеде қара құрым.

Жас ару қыз келеді ілби басып,

Жатахана тым алыс баратұғын.

Көзінде жас, көңілде дара қайғы,

Бұған ешкім назар сап қарамайды.

Коменданттық сағаттың тілі жақын,

Соған дейін көшені аралайды.

Кешкі шамы қаланың сығырайған,

Мезгіл еді айнала тымырайған.

Кеше ғана бұрымын кескен мұның,

Құтылғаны әлі есте сұмырайдан.

Үміт оты жүректе лапылдаған,

Алай -дүлей күдік те тақымдаған,

Қыз денесін жауратып, жаулап алды,

Желтоқсанның аязы сақылдаған.

Ажал ма, әлде елес пе тақымдаған,

Тырс еткендей болды үн жақын маңнан.

Қыз жүрегі су етіп, именсе де,

Баса берді ілгері батыл қадам.

(Екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжатын сұрап тексере бастайды)

Күзетшілер жол тосқан құтқармады,

«Тексереміз», - деп қызды мықты арбады.

«Бунт жасаған қазақтың қызы ғой бұл», -

деген сөзге арланды ол, бұлтарғанды.

Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды,

Өңіменінен итерді жабысқанды.

Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек,

Өздерінше жөн көрді танысқанды.

(Екі солдат ұрып, жұлқып, сүйретіп Ләззатты алып кетеді.Ләззат бар әлінше қарсыласады.)

Мұнан әрі айтпайын масқараны,

Шындық өзі шығады,тас жарады.

Бір халықтың тағдырын кәлеке еткен,

Зымияның осыдан басталады.

Жалған емес, бұл шындық, дастан- әнім,

Бодандықтың ол бұзды тас қамалын.

Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың,

Қыршынынан кім қиды жас қанатын?

Ақиқаттар әлі көп ашылмады,

Ашу -ыза кеудемде басылмады.

Желтоқсанның сабағы мәңгі алау боп,

Арулардың жалғанар асыл әні.

(Шымылдық жабылады. Қайта ашылғанда сахнада Ләззаттың бейіті.Суретінде туған,қайтқан уақыты жазылған. Жас интелегент келіп, гүл қояды)

Интелегент:

Есіңе ал,есіңе ал, жас достар!

Бұл жерде батыр жоқ қол бастар.

Бұл жерде... жүректе... мұз жатыр,

Бұл жерде өрімдей қыз жатыр.

Бұл жерден мәңгілік аттанған,

Халықтың есінде сақталған.

Бұл жерде Ләззаттың қаны бар -

Танкінің астында тапталған...

(Кетеді. Ілби басып,анасы келеді.Бейітке гүл қойып, құшақтап жоқтау айтады.Сахна сыртынан оқылады, сахнада тек қимыл жүреді)

Анасы:

Оу, көздің жасын бұлайын,

Жүректі жеді -ау уайым.

Саған ғұмыр бермеді -ау.

Жарлықағыш құдайым.

Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман.

Сені өлтірген дұшпанға,

Зауал келсін Алладан.

Басшыларға ұнамай,

Ел көзінше жыламай,

Анашыңның жасырын,

Боздағанын білдің бе?

Тар құрсақты кеңіткен,

Тай -құлындай тебіскен.

Бауырыңның сені іздеп

Егілгенін білдің бе?

Құлыным менің қор болды -ау,

Заманың сенің зор болды -ау.

Желтоқсанның қайғысы,

Сан анаға сор болды -ау!

Желтоқсанның анаға,

Ызғары көп ,құлыным.

Намыстан өлген қазақтың,

Қыздары көп, құлыным.

Сен де соның бірісің,

Өлген жоқсың , тірісің.

Тірі жүрген қыздардың,

Сыйынар жалғыз пірісің.

Қысқа күндей қызарып,

Баттың -ау сен Ләззатым.

Елің үшін азапты,

Тарттың -ау сен,Ләззатым.

Заманына қайқайып,

Қарсы тұрған,боташым.

Алтын сақа асықтай,

Алшы тұрған ,боташым

Дәл өзіңдей қыз тапқан,

Менде арман бар ма екен?

Қайтейін, құдай ,қайтейін?

(Бейітті сипап, гүлін қойып,қимай қоштасып кетеді.Бейіттің ар жағынан аруақ бейнесіндегі Ләззат шығады.Қимылы өте баяу,әуелі төмен қараған күймен тұрады да, содан соң жаймен басын көтереді. «Желтоқсан желі» әнінің әуені үзілмейді.Ләззаттың сөзі де сахна сыртында оқылады.Нәзік дауысты қыз бала созып, асықпай оқығаны жөн.)

Ләззат:

20 жыл бойы мен жатырмын,

Ақжазықтың түбінде.

Мені өлтірген танкист жігіт,

Тірімісің бүгінде?

Тірі жүрсең, өткен күнді,

Еске алғанның несі бар?

Желтоқсанда құрбан болған,

Ләззат қызды есіңе ал.

Хор:

Желтоқсанда құрбан болған

Ләззат қызды есіңе ал.

Ләззат:

Бұйрық берді саған бастық,

«Сенімді ақта» -деп,

«16 -ға толған қызды

Танкіменен тапта», -деп.

... Жас өмірдің қыршын гүлін,

Қиып түскен қанішер,

Сақ болмасақ,қазақ қанын,

Желтоқсанда тағы ішер.

Хор:

Сақ болмасақ,қазақ қанын,

Желтоқсанда тағы ішер.

Ләззат :

Он алтыда қиылдым мен,

Табанында танкінің.

Ләззат атты құрбанымын,

Қазақ деген халқымның.

Шағаладай қалықтаған,

Көк теңізді жағала.

Ләззат дейтін мен болам,

Аспандағы шағала.

Туған халқым -қазағым,

Сенің үшін жанамын.

Енді қайтып көрмейік

Желтоқсанның азабын.

Хор:

Енді қайтып көрмейік,

Желтоқсанның азабын.

(Шағала ұшып кетеді.Бейіт басына оқушылар келіп гүл шоқтарын қойып, сап түзеп тұрады.)

1-оқушы:

Ұяңнан ұшып шығып оралмадың,

Ауылың Ақжазыққа қона алмадың

Шілде айы туған күнің екен сенің,

Ол күннің қонағы боп келе алмадың.

2-оқушы:

Қайырылмай кеткен қарлығаш,

Желбіреген қолаң шаш.

17 -ге жете алмай,

Қиылып кеткен қыршын жас.

3-оқушы:

Небәрі 16 -дан асып едің,

Балалық бал дәуренмен тасып едің.

Қазақтың салт -дәстүрін, жолын қуып,

Өмірге енді қадам басып едің.

4-оқушы:

Анаңның арманы едің естен кетпес,

Ортаңа қадірлі едің баға жетпес.

Арнадым осы әнімді өр рухыңа,

Тарихта қалатындай мәңгі өшпес

Ән: «Қаһарман қыз-Ләззат қыз »

Тапталмасын деп қазақтың кек ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға небәрі.

Қ -сы:

«Қаһарман қыз - ғажап қыз» -

Ұрандары Ләззат қыз.

Ләззат қыз.

Біз - қазақпыз, қазақпыз,

Өмір керек азапсыз,

Ел боламыз егемен

Сонда ғана азатпыз!

Азаптанды қарақшылар жанқұйлы,

Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.

Арпалысып теңдігі үшін халқымның,,

Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

Қ -сы:

Елі үшін ерлігімен елене,

Абырой мен атағына бөлене.

Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман

Ұрпағына болар мәңгі өнеге.

(Сап екіге бөлініп, ортасынанан Ләззаттың бейіті, оның алдынан мәңгі алау көрінеді. «Желтоқсан желі » әуені ойнап тұрғанда «Желтоқсан тағлымы» өлеңі оқылады.Әуен күшейеді, сахна жабылады.)

© 2010-2022