Жақсылық жасауға асығайық! 5 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

Мақсаты:Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жақсылық пен жамандық туралы пікір қалыптастыру   Күтілетін нәтиже: Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы біледі; Жақсылық пен жамандықты салыстырып, ажырата алады; Өз өмірлеріндегі кездескен сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасаған іс-әрекеттеріне мысал келтіреді. Әдіс тәсіл:Жеке,  диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Бағдаршам» стратегиясы  арқылы топтық өзара бағалау, «Жақсылық ағашы» арқылы кері байланыс  
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін :

Сыныбы:

5 уақыты: 19.11.2014

Сабақтың тақырыбы:

Жақсылық жасауға асығайық!

Мақсаты :

Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жақсылық пен жамандық туралы пікір қалыптастыру

Күтілетін нәтижелер:

  • Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы біледі;

  • Жақсылық пен жамандықты салыстырып, ажырата алады;

  • Өз өмірлеріндегі кездескен сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасаған іс-әрекеттеріне мысал келтіреді.

Керекті жабдықтар:

интерактивті тақта, жүрекшелер, нақыл сөздер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтық өзара бағалау, «Жақсылық ағашы» арқылы кері байланыс

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

7мин

1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.

3. Шаттық шеңбері.


- Балалар, шеңберге тұрып бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу

Тұсаукесер

5 мин

«Миға шабуыл»

  • Ендеше, мына бір аңызды тыңдап көрейік.

  • Ерте-ерте, ертеде, жер бетінде Махаббат есімді бір қыз өмір сүріпті. Оған жер бетінде доссыз қызықсыз болыпты. Сөйтіп, ол, қарт сиқыршыға жолығуға шешім қабылдайды:

  • Ата, өмір бойы менімен дос болатын қыз тауып беруге көмектесіңізші,- дейді.

Сиқыршы ойланып тұрып былай дейді:

  • Ертемен алғаш құстар сайрағанда және шық әлі құрғамай тұрған кезде маған кел.

Ертемен Күннің алқызыл шапағы жерге түсе тастаған кезде Махаббат уәделескен жерге келеді.

Келіп қарасы, бірінен-бірі өткен әдемі бес қыз тұр екен.

  • Міне, таңда,- деді сиқыршы, - біреуінің аты Шаттық, бірінікі Бақыт, үшіншісі - Сұлулық, енді бірінікі - Қайғы, бесіншісі - Жақсылық.

  • Олардың бәрі әдемі, бәрі сұлу, қайсысын таңдарымды білмей тұрмын, - деді Махаббат.

  • Рас айтасың, олардың бәрі жақсы, және сен олармен өмірде кездесесің, мүмкін дос болып қаларсың, бірақ қазір олардың біреуін таңда. Ол саған өмір бойы дос болады.

Махаббат қыздарға қарай жақындап және олардың әрқайсысының көздеріне қарады. Махаббат ойланып қалды.

- Балалар, егер сіздер сол қыздың орнында болғанда қайсысын таңдар едіңіз?

Махаббат Жақсылық атты қызға жақындап, оған қолын созды.

  • Қайлай ойлайсыздар, неге Махаббат Жақсылықты таңдады?

  • Ендеше, біздер не жайында әңгімелесетінімізді аңғарған боларсыздар?

(жақсылық жайында)

Негізгі бөлім

23мин

І-топ: «Ертегідегіден жақсылықтың кешені » жақсылық пен жамандықты жан-жақты сипаттайтын көрініс көрсету

ІІ-топ: «Өмірдегі жақсылықты көрсету» арқылы постер қорғау

Сергіту сәті. «Ертегі кейіпкерлері - жақсы ма әлде жаман ба?»

Барлығыңызда ертегіні, аңыз, әңгімені жақсы көресіздер. Көптеген ертегілерде қайырымды және зұлым кейіпкерлер кездеседі. Қазір мен ертегі кейіпкерін атаймын, ал сіздер қайырымды ма әлде зұлым ба соған жауап бересіздер. Егер қайырымды болса, шапалақтайсыздар, егер зұлым болса, алақандарыңызбен беттеріңізді жабасыздар. ( Ертөстік, Кендебай, Мыстан кемпір, Шығайбай, Алдаркөсе, Бекторы, Күнекей қыз)


  • Сіз қай кейіпкерге ұқсар едіңіз? Неліктен? (Оқушылардың жауабы тыңдалады)

«Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері :

Егер жеткізуі нақты, анық, түсінікті болса

Жасыл түс

Егер жеткізуі орташа болса

Сары түс

Егер мүлдем түсініксіз болса

Қызыл түс

Қорытынды

10мин

«Серпілген сауал » әдісі арқылы сабақты бекіту.

Жақсылық туралы мақал -мәтел, нақыл сөздер айту

Кері байланыс:

Бүгін біз өз қолымызбен жақсы сөздермен жақсы тілектер жазып, «Жақсылық ағашын» отырғызатын боламыз.

Жарайсыңдар, балалар, сіздер жақсылық туралы көптеген сөздер білесіздер. Сіздердің алдарыңызда өмірдің ұзын жолы бар. Сіздердің өмір жолдырыңызда жүрегі жақсылыққа, сыйластыққа, адал ниетке толы достар кезессін. Ол үшін өзеріңіз де батыл, қайырымды, адал, еңбекқор болуларыңыз қажет. Ендеше, шеңберге тұрайық. Бүгінгі әңгімемізден естелік ретінде сіздерге кішкене «жақсылық жүрекшелерін» сыйға тартамын.

Оқушыларға допты лақтырамын ,сол оқушы жақсылық туралы мақал- мәтел, нақыл сөз айтады

Әрбір оқушы қағаздан қиылған қолдың бейнесіне тілектерін жазып жабыстырады.

Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.













Жақсылық жасауға асығайық! 5 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

Жақсылық жасауға асығайық! 5 сыныпқа арналған тәрбие сағатыЖақсылық жасауға асығайық! 5 сыныпқа арналған тәрбие сағатыЖақсылық жасауға асығайық! 5 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

© 2010-2022