Эссе. Менің педагогикалық тұжырымдамам

Мен,   ХамзинаГульдарай    Советовна, 10 желтоқсан  1975 жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Өндіріс ауылында  дүниеге келдім. Балалық шағым Өндіріс ауылында өтті. Әке-шешем қарапайым адамдар. Әкем Совет  дүниеден өтті, анам  Сара  зейнеткерлік жастағы адам.     Мен 1982 жылы  Өндіріс орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, жалпы орта білімнің толық курсын алып шықтым. Білім нәрімен сусындаған мектептен 1993 жылы қарлығаш болып ұшып, барлық талапкерлер секілді мен де Шортанды қаласындағы педагоги...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Анықтама

Мен, Хамзина Гульдарай Советовна, 10 желтоқсан 1975 жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келдім. Балалық шағым Өндіріс ауылында өтті. Әке-шешем қарапайым адамдар. Әкем Совет дүниеден өтті, анам Сара зейнеткерлік жастағы адам.

Мен 1982 жылы Өндіріс орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, жалпы орта білімнің толық курсын алып шықтым. Білім нәрімен сусындаған мектептен 1993 жылы қарлығаш болып ұшып, барлық талапкерлер секілді мен де Шортанды қаласындағы педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, «бастауыш сынып мұғалімі» факультетінің студенті болдым. Осы аталған, Шортанды қаласындағы педагогикалық колледжін 1996 жылы «бастауыш сынып мұғалімі» деген дәрежемен, жақсы бағамен аяқтап шықтым.

Алғашқы ұстаздық жолымды өзімнің туып-өскен жерімде, білім нәрімен сусындаған Өндіріс орта мектебінде 1996 жылы бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастадым. Жұмыс істей жүріп, 2001 жылы Көкшетау Университетіне сырттай оқуға түстім. 2003 жылы осы аталған оқу орнын «жақсы» деген бағамен аяқтап шықтым.

Білімім-жоғары. Қазіргі уақытта ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімімін. Осы мұғалімдік салада он сегіз жылға жуық қызмет атқарып қалыппын. Осы жылдар аралығында мектепішілік марапаттаулармен бірге аудандық марапаттауға ие болдым. 2009 жылы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталдым.

Осы он сегіз жылдың ішінде неше түрлі қызықты оқиғалармен бірге әр алуан қылығымен тәнті еткен оқушылар саны қаншама десеңші-ай. Оқушыларым «Кенгуру», «Ақбота» интелектуалды марафондарға қатысып, жақсы белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды. Мектепте өткізілетін қоғамдық және мектептегі мерекелік іс-шараларға, апталықтарға өте жақсы белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Менің жас бүлдіршіндерім өзінің тақпақтарын мәнерлеп оқып, сахналық көріністерге де қатысады. Бастауыш сыныпта 1-4 сыныптарға дейін оқытамын оқытып, бастауышпен қоштастырып, 4 жыл өткеннен кейін тағы да бірінші сыныпқа қабылданған бүлдіршіндерден бастап, жаңа бастауыш сатыға білім береміз.

Әр жыл сайын бастауыш сыныптарда да жоғары сыныптар сияқты пәндік олимпиада өткізіліп тұрады. Осы биылғы 2014 - 2015 оқу жылында да сыныбымның 3 оқушысы І орынды иеленсе, 2 оқушым ІІ орынға ие болды.

Менің түйіндес мәселем: Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғаның ойлау қабілеттерін арттыру. Сабақтарымда оқытудың жаңаша әдістерінің бірі - электронды оқыту жүйесіндегі ақпараттарды өңдеп сабақтарда кеңінен қолданамын. Сабақты көбінесе топтық, ұжымдық жұмыс түрлерінде ұйымдастырамын. Жұмыстың бұл түрлері оқушыларды бірлесіп жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, ынтымақ - бірлікке тәрбиелейді. Сабақ барысында оқушыға берілген білімді жинақтау, тиянақтау мақсатымен сабақ соңында шолу әдістерін енгізу - оқушының сол сабақтан алған білім деңгейін байқаумен қатар, олардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын арттыруда тиімді әдіс екендігі анықталды. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері сабақ түсіндіру, жаңа сабақты бекіту, оқушының ойлау қабілетін дамыту және уақытты тиімді пайдалану кездерінде жақсы нәтиже береді. Дүниетану сабақтарында оқушылар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіне отыра, өзіндік ой қорытындысын шығаруға жұмыс істетіп, тәжірибе жасап, адамзаттың да қолынан бәрі келетінін ұғындыруға өте пайдалы әдіс - тәсілдерді қолданамын. Ал математика сабақтарында оқушылармен кері есеп, құрама есептерді шығаруда сұрақ - жауап әдісін қолданған өте тиімді деп ойлаймын. Оқушыларға сұрақ қоя отыра өздерінің ой - болжамдарын жасауға көп көмек көрсететіні хақ. Ән - күй пәні сабағында оқушылардың дауыс ырғағы түзеледі және де ұлтжанды азамат болуға тәрбие береді.

Білім меңгертумен қатар оқушыларды, ғылыми тақырыптарға, ақын - жазушылардың өмірлері бойынша рефераттар жазып, баяндамалар жасауға үйрету - оларды шығармашылыққа, ғылыми әдебиеттермен, оқулықпен жұмыс істей білуге және пәнге деген қызығушылықтарын арттырамын. Сонымен қатар, түйінді мәселелерді шеше білуге, зерттеушілік жұмыстарымен, ғылыми жұмыстармен айналысуға тәрбиелеймін.



© 2010-2022