- Преподавателю
- Классному руководителю
- Тәрбие жұмысының 8-бағыты (7-сынып)
Тәрбие жұмысының 8-бағыты (7-сынып)
Раздел | Классному руководителю |
Класс | 7 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Оразчаева М.О. |
Дата | 25.12.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Тәрбие жұмысының 8 бағыты
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жкмқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтары-мен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
3.Ұлттық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностармен этикалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психология-лық педагоги-калық құзіретті-ліктерін және жауапкерші-ліктерін арттыру.
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
6.Көпмәде-ниетті және көркем эстетикалық тәрбие
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік құру.
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестен-діруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлілігін дамыту.
8. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психоло-гиялық денсаулық сақтау дағдылары, оған зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату