Аяласаң, табиғатты аяла - тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла

Тақырыбы: Аяласаң, табиғатты аяла
Мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
ІІІ.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)
1.Тіршілік атаулының бар арманы -ауа
2.Тіршілік көзі -су
3. Табиғат байлығы - өсімдіктер
4.Орман сәні -құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні -жануарлар
Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!» -«Мейірімді жүрек» ойыны
ІІ бөлім
IV. Ой-толғау (Үй тапсырмасы)
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»
V. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту
VI.Сабақты қорыту.Ән шашу «Жас дәуірдің түлегіміз»
Мұғалім: - Армысыздар құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер - Ананың перзенті. Жер - Ананы сүйе білу оны аялау - адамның азаматтық борышы.
Сахнада ауру баланы тербетіп, зарлап ана отыр және бүк түсіп, мұңға батып әке жатыр.
І. Ұйымдастыру:
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Табиғатты аяла» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
І слайд
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Кіріспе:
Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Табиғат -бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар...

Олай болса,оқушылардың өлең -шумақтарына кезек берейік.
1.Армат: Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
2.Айзат: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
3.Досымжан:Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
4.Рүстем:Қадір тұтіп табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
"Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын" деп
Бабам айтқан орынды өсиетін.
5.Айшат: Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның
6.Махамбет:Туған жерім өзіңе не жетеді,
Далам мені мәпелеп тербетеді.
Құшағыңда ең алғаш перзенттерің
Балғын жырын бұлақтай селдетеді.
слайд
ІІІ.Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы -ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1-оқушы.Дильяра: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі -ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар -жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
ІІІ слайд
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі -су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?
2-оқушы:Айкөркем: Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі -су.
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай -Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!
Мұғалім:Сонымен су -табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол -өсімдіктер.
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы -өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы -жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
3-оқушы: Айжан:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)
V слайд
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
4-оқушы. Исатай:Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар -біздің қанатты достарымыз. Олар -табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса -күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады.
5-оқушы:Нұржол:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті -жануарлар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.
Ана: Айжан:
Мана, күндіз тәуіп шал не деп кетті?
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққумен баланы аластаңдар -
Деді - дағы, жәйімен жөнеп кетті.
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі.
Ұмытылып кетті ме санатыңнан.
Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтейін, ол да адамға бола туған
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып.
Әке:Рүстем: Апыр-ай, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Оқ атам қасиетке қалай ғана?
Бармаймын, бара алмаймын,
Қалай барам?!
Ана: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі,
Балам өлсе бақыттың керегі не?
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Құрысын онсыз сенің жалған бағың!
Мылтықты әкел! Атты ертте!
Жалған бәрі.
(Мылтықты алып, белін түйіп шығып кетеді.)
. Көл бетінде екі оқушы аққу биін билейді.
Бір кезде тарс еткен мылтық үні естіліп, бір аққу құлап түсіп, біреуі айналып ұшып кетеді. Қанатымен жер сабалаған аққуды көріп, дел-сал болған ана сахнаға шығады. Шашы жайылған, үстінде қара киім.
Алдынан қарт шығады.
Қарт:Армат: Әй, балам!
Болмады ғой, болмайды ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой...
Әйел мылтықты лақтырады. Ауыл.Әкесі қайтыс болған баланы алып шығады да, ақ төсекке салады.Ана қолын соза аққуды көрсетеді.
Ана: Мына жатқан жетім көл, мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ, мен емес... Мен атпадым.
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным!
Екі қолын аспанға соза тізерлеп отырады.Балаға жақындайды.
Ана: Қазір ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір ботам аққумен ұшықтаймын.
Жазыласың, құлыным... балапаным!
(қолын соза):
Мұғалім:
Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын, биесін ал,
Тиме аққауға, аққудың киесі бар.
Би (Аққу) Дильяра
Табиғат - әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын - дегендей кезекті биге береміз.
Мұғалім: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы - табиғат-ана, екіншісі - адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
Мұғалім:
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады.
Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!.
Бұлақтай мөлдір таза бол! Жұлдызың жарық болсын! Айың оңыңнан тусын!
Көңілің көлдей шалқысын! Гүлдей жайнай бер! Таудай талап бер!
Қызғалдақтай құлпыра бер! .т.б.
слайд
А)«Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын, мына беріліп отырған шағын шығармалар солардың ішінен таңдап алынғаны)
Диляра: «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім.
Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.
Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!»
Мұғалім:Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң: балалар, сендер табиғаттың әдемілігін осылай жырласаңдар,Яна оны өлеңмен былайша өрнектепті. Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші.
Яна: (тақтамен әзірленген табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады)
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік -биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.
Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
слайд
Сабақты қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді. Ән «Жас дәуірдің түлегіміз»
Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы
Ашық тәрбие сағаты:
Өткізген: А.Н.Заева



© 2010-2022