Сценарии классного часа Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Талшық орта мектебі







Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі »







Өткізген: Шакирова М. Т.











2012ж.



Тәрбие сағаты

Тақырыбы «Экология - өмірдіңсоғыптұрғанжүрегі!»

Мақсаты:

1. Оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемелар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, экологиялық тәрбие беру

2. Табиғатты сүйе білуге, білдірмеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу

3. Оқушыларды ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көзқарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Керекті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: Тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері.

Өткізу әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап , жарысу.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз:

Ей адамзат сен алдымен досынды ұқ,

Сенің досың таза ауа өсімдік

Табиғаттан ала беріп барлығын

Ал, оны қорлау деген не сұмдық - деп әсем табиғаттың ажары мен тепе-теңдігін сақтау байыптау біздің өз қолымызда! Сондықтан бүгінгі тәрбие сағаты:«Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі!»

Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу.

І-ші топ «Каспий» тобы, ұраны: «Толқынындай Каспийдің тербелеміз, биіктерге білімменен кенелеміз!»

ІІ - ші топ «Арал» тобы ұраны: «Арал деп аталатын тобынан біз, аманатын бабалардың орындаймыз!»

«Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті.

ЭкологияЕнді балалар экранға назар аударып, экология туралы ұғымдарға тоқталайық:

Топырақ экологиясы Жануарлар мен өсімдік

экологиясы

Су экологиясы

Мұғалім:Айналадағы қоршаған ортаның әсері адам денсаулығын нығайтып, еңбекке деген ынтасын арттырады, организмнің үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызып, бос уақытты жан-жақты тиімді пайдалануға ықпал жасайды. Адам табиғат пен Жер-ананың төл перзенті. Табиғат тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек.

Осы тақырыпта Қадыр Мырза Әлінің мынадай өлең шумақтары бар:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алаған секілді. (Қ.Мырза Әлі.)

1 .Енді «Киностудио» аялдамасына тоқталайық. «Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі» бейнефильмін көру. (2-3 мин)

2. «Сұрақ-жауап» аялдамасы.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.

1.Қоршаған орта дегеніміз не?

2.Экология дегеніміз не?

3.Қорық дегеніміз не?

4.Сіз табиғат қорғау үшін не істедіңіз?

4. «Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры»мини слайд көрсетіледі. Енді балалар осы аталған экологиялық аймақтардың ішіндегі Арал саяхатпен жалғастырамыз.

«Арал тағдыры» мини слайд қандай ой түйдіңдер?

5.«Ой шақыру»аялдамасы.

"Табиғатта тепе-теңдік бұзылса, табиғат заңы бұзылады" -дей келе

"Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте"- деген ұғымды негізге ала отырып, "Тіл өнер" ойыны ойналады.Оқушыларға тапсырма беріледі, мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

  1. Таулы жер бұлақсыз болмас

Сұлу жер құлақсыз болмас

  1. Су-ырыстың көзі

Еңбек кірістің көзі

  1. Тау мен тасты су бұзар

Ел арасын қу бұзар

4. Судың да сұрауы бар

6. "Жер - Ана мен саған табынамын"

І топқа "Табиғатты қорғау, аялау"

ІІ топқа "Табиғатты не істесек біз бүлдіреміз" деген тақырыпта сурет салу.

Қорытындылау:Берілген сөз тіркестерін таңдап, өз ой- пікірімен аяқтау.

1. Ең қызықты болғаны...

2. Маған ой салғаны...

3. Мен мынадай сезімде болдым...

4. Маған ұнағаны...

5. Мені мазалағаны...

«Тәрбие-бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендіше, табиғатты аялай білетін, адамгершіліг мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.







© 2010-2022