Абайлап өт, асықпа! Тәрбие сағаты

      Оқушыларды көше қозғалысымен таныстырып, оны жүйелі меңгерту. Жол ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатындығын ұғындыру.Жолдан өткенде абай болуға, жан-жағына мұқият қарау керектігін үйрету. Байқампаздыққа,тәртіпті болуға тәрбиелеу.     Бағдаршам-өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам-жол элементтерінің ішіндегі ең ерте пайдаланыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден әлдеқайда асып...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Абайлап өт,асықпа!

Мақсаты: Оқушыларды көше қозғалысымен таныстырып, оны жүйелі меңгерту. Жол ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатындығын ұғындыру.Жолдан өткенде абай болуға, жан-жағына мұқият қарау керектігін үйрету. Байқампаздыққа,тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам,жол белгілері,нақыл сөздер.

Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық жаттығу.

ІІ.Кіріспе сөз:

-Әрбір адам кұніне жолды ең кем дегенде екі рет кесіп өтеді.Қоғамдық транспорттарды немесе велосипед тебеді. Олар біздің жол қозғалысына қатысуымызға себепкер болады. Ал жол бойында кездейсоқ қатерге ұшырамау үшін жолда жүру ережесін жақсы білу қажет. Жол жүру белгілерін түстеп айырып, бағдаршамның нұсқауына бағыну керек.

Жүргізуші: Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Басталсын жолда жүру ертеңгілік.

Дана: Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.

Мейірбек: Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

Данияр: Тар тротуармен келе жатқаныңда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!

Гүлнұр: Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

Жүргізуші: Балалар,жаяу қай жермен жүруге болмайды?

Оқушылар: Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.

Жүргізуші: Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

Жүргізуші: Бағдаршам-өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам-жол элементтерінің ішіндегі ең ерте пайдаланыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден әлдеқайда асып кетті.Әрі оның кескін-келбеті де,құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

Гүлжанар: Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар

Бағдаршам дегеннің

Сырын жақсы біліп ал.

Жанұяр: Қызыл көз жанарда

Тоқтай қал әманда.

Сары түс-ескерту

Дайын бол табанда.

Дана: Жасыл көз жарасты

Алдыңнан жол ашты.

Өте бер асықпа

Жолыңмен қарасты.

Ән:

Жұмбақтар шешу.

1.Көзін ашып-жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

2. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Милиция қызметкері)

3.Үш көзді батыр

Жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам)

4.Екі аяқты бір ізді

Үстіне адам мінгізді. (Велосипед).

Көрнекілікпен жұмыс.

Жол белгілері туралы түсіндру.

Абайлап өт,асықпа! Тәрбие сағатыАбайлап өт,асықпа! Тәрбие сағатыАбайлап өт,асықпа! Тәрбие сағатыАбайлап өт,асықпа! Тәрбие сағаты


Тіке қозғалыс Оң жақ бағытқа қозғалыс

Абайлап өт,асықпа! Тәрбие сағаты

Абайлап өт,асықпа! Тәрбие сағатыАбайлап өт,асықпа! Тәрбие сағаты

Абайлап өт,асықпа! Тәрбие сағаты


Айналма жол Ең төменгі жылдамдық

Жүргізуші: Балалар, велосипедпен көшеде жүруге бола ма?

Оқушылар: Тек 14 жастан кейін ғана көшеде велосипедпен жүруге рұқсат етіледі.

Жүргізуші: Трамвай,автобус,машина артына жабысуға болмайды. Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

Көшеден қалай өту керектігін көрініс арқылы көрсету.

Би:

Ойын.

Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе,тыныш тұра қалады,сары көзін көрсетсе,оң аяқтарын көтереді,ал жасылда-бір орында жүреді.

ІІІ. Қорытынды бөлім.



© 2010-2022