Баяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөлі

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөліБаяндама Бастауыш мектептің білім беру процесіндегі ата-аналардың субъект ретіндегі рөлі

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы

Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі
























Бастауыш сынып мұғалімі:

Қасенова Толқын Амангелдіқызы

2015-2016 оқу жылы

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы-жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру,ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік,шеберлікпен қолдана білу.Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.

Ата-ана үшін өз балаларынан артық ештеңе жоқ.Әсіресе «Ананың көңілі-балада,баланың көңілі -далада»демекші,әрбір ана сәбиі үшін қандай қиыншылыққа да бас тігеді.

Тәрбиеленуші өзіне керекті руханн дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар тәрбиесі - басты мақсат. Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық, иесі. Оның парасатты жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі - бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып, белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек. "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім - ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі" деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталалы. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата-аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсендеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата-аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз. Бала - біздін болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. "Баланы бастан" дейді халық. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата-ана, мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. "Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазір жас балғын бала -ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз" дейді. Ендеше бала тәрбиесіне отбасы, мектеп, оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан түспейтін ең манызды да өзекті мәселе. Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан-ақ ата-ана, мектеп тыйым салып, дұрыс жолға бағыттау, олардын бойына адамгершілік, кішілік, әдептілік, ізгілік қасиеттерін дарыту қажет. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмелерге қатысқан болса,қалған 16 сағаты үйінде, болмаса ата-ананың тәрбиесінде деген сөз. Сол 16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағыналы әңгіме, сабағына қарап, оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан, көше тазалау, тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап үйіне тарату да сол мұғалімнің мойнында. Неге? Өйткені ол балаға мұғалім не сынып жетекшісі жауап беру керек. Ал сол баланы дүниеге әкеліп, қанаттыға қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің "Абай" журналына жариялаған "Тәрбие"атты мақаласында былай деген: "Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастын азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқаншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сондай бол мақ".

ҚР-ның Білім туралы заңынын 49-бабында ата-аналардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Оның бір бөлігінде "Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға міндетті" делінген. Сол себепті ата-аналарымыз мектеппен байланыстарын үзбесе екен, баланың болашағы үшін барлық күш-жігерін аямаса деймін.Тәрбиелік үрдістің күнделігі оның төтенше және дер кезінде түзету ендіруді қажетсінетінін көшедегі теріс ықпалдардың етек алуы, нашақорлық, темекіге, ішімдікке, саудаға үйірлік, оқушы жастардың әдепсіздік, дөрекелік іс-әрекеттерімен жиі айналысуына, бұзықтық жолға түсуіне мүмкіндік туғызып отырғанын да жасыруға болмайды. Олай болса мектеп қоғамдық заң орындарымен, әкімшілік, ата-аналармен пәрменді тәрбие жұмысын ұйымдастыруды бірігіп шешкені дұрыс деп ойлаймын.

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, "Аулалық клубтар" т.б. іс-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез-келген үйірме, секиияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып, өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді үйренуге мүмкіндік алады.

Мектептегі тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі. Өкінішке орай осындай ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі, ата-аналар комитеті, әйелдер кеңесі т.б. клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып отырса, тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғарғы, ең керек ақылшы ұйым ретінде бағаланары сөзсіз.

Жаңадан қабылданған ҚР-ның "Білім туралы" заңын, ҚР-да білім берулі дамытудың 2005-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып, КР-ның әлемлік білім беру кеңістігіне енуі үшін педаготар қауымы өз бойындағы күш-жігерін оқушыларға сапалы білім, үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала, баланың болашағы деп шырылдайтын ата-ана, қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ардагерлер кеңесі, әйеллер кеңесі т.б. жұмысы жандана берсін.

Бастауыш сынып мұғалімінің, ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда бастауыш сынып мұгалімі негізгі рөл атқарады. Мұғалімнің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын,ұстанатын бағыттарын түсінеді, әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп, мұғалімнің 5 түрлі қызметін анықталды. Олар:

1-қызметі -ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесі туралы таныстыру.

Алғашқы ата-аналар жиналысында мұғалім өзі ата-аналармен танысады және өзінің

педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мэселелерді бірігіп талқылайды.

Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төменгідей әрекеттер арқылы тартады:

■ балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылық күні;

  • ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;

  • мектеп пен сыныптың материалдык-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;

  • шефтік көмек;

  • ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.

2-қызметі - ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

  • оқу-тәрбие мәселелері бойынша ата-аналарга арналған конференциялар ұйымдастыру;

  • ата-аналар университеттері;

  • қызығушылактары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөлуге болады;

  • сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге.

3-қызметі - ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.
Оның формалары:

  • мұғалімнің ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер)

  • жалпы мектептік, сыныптық дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (түлектер кеші- бастауыш сатыны бітіргенде, ардагерлермен, дәрігермен, психологпен, заң мамандарымен, әлеуметтік педагогпен т.о. кездесулер);

  • республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шыгуды, немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;

  • оқырмандар конференциясы;

  • отбасылық ойын байқаулары

4-қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына болу керек.

5-қызметі.Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдары мен өзара әрекет ету.

Бастауыш сынып мұғалімінің отбасын аралауы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен жұмыстың жағымды формаларының бірі болып келсе,қазіргі кезде кейбір педагог-ғалымдардың пікірінше бұл талас екі жақты мәселе. Өйткені, жұмыстың осы формасы туралы бұл отбасының жеке өміріне қол сұгу болмай ма деген де пікірлер кездеседі. Сондықтан жұмыстың бұл формасын мұғалім нақты жағдайға, сол отбасының ерекшелігін жақсылап біліп, ойланып барып жасаганы жөн.

Келесі мынадай шарттарды сақтаган жөн:

  • отбасына ескертпей келмеу;

  • отбасында 5-10 минуттан артық болмау;

  • отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау, егер ата-аналар қобалжып өздері айтпаса, әдеппен ғана өзіңіз ұсыныңыз.

  • әңгімені әкімшілік-әміршілік сынаумен жүргізуге болмайды;

  • ата-ананы үйретпеңіз,тек кенес беріңіз;

  • негізінде әңгімені баланың көзінше оған да, ата-анаға да өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ.

Сонымен қатар ата-аналарға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен бірге сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді болмақ.

  • Компьютерде жазылып,тақтадан көрсетіледі.бала тәртіпсіздік жасай қалса , «төмен» баға алып келсе ата-ана не істейді:

Ештеңе сатып алмайсың! Неге оқымайсың?

Ата-ана

Қолыңнан ештеңе келмейді! Ақылсызсың!

Енді ешқайда бармайсың! Ұятқа қалдырасың!

Бала білмегеніне,түсінбегеніне кінәлі ме?Оған ата-ана,ұстаздары көмектесуі керек қой.Біз баланың алдындағы жауапкершілігімізді білеміз бе,міндетімізді атқарамыз ба?


Баланы мақтау керек Балаға көмектесу керек

Ең бірінші балаға сену керек Баламен байланыста болу керек

Бірақ,бірақ

Сенбейсіз Уақытымыз жоқ

Мақтамаймыз Ерінеміз

-Мінеки,көріп отырғандарыңыздай,біз осы «бірақты» жойсақ,бала екісін де жояды,

тәртібін де түзейді.Бала,ата-ана және мектеп-осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарағанда ғана нәтижеге қол жеткізеді.Меніңше,әрбір баланың іс-әрекеті,мінезі,тәрбиесі отбасындағы ата-ананың жағымды,өнегелі істерінен қалыптасады.Баланың бас ұстазы-ата-анасы.

Жалпы сұрақ: баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?Қатаң тәрбиелеген дұрыс па?Қайтсек ұлымыз-ұлағатты,қызымыз-инабатты болады? (Ұстаздардың пікірін тыңдау).

Қорытынды сөз. Әр бала-дара тұлға.Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден,бала көзінше дөрекі сөйлеу,жат қылықтар көрсетуден аулақ болып,балаға үлгі бола алса-жан-жақты дамыған,шығармашылық

© 2010-2022