«Уланбасын өмірің» тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Уланбасын өмірің!»   Сабақгың мақсаты:  1.Білімділік: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру. «Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден: ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.       2.Тәрбиелік : Оқушыларды достық, ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, зиянды әдеттермен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.       3.Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау, тапқырлық, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту. Сабақтың түрі: пікір-талас Көрнекілік: интерактивтік тақта, тақырыпқа байланысты оқушылар салған суреттер, плакаттар, маркер, т.б. Сабақтың құрылымы: 1 Ұйымдастыру бөлімі. 2 Ой қозғау. 3 Мағынаны тану. 4 Керек дерек. 5 Ой толғау.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
«Уланбасын өмірің» тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Уланбасын өмірің!»

Сабақгың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру. «Бірінші байлық - денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден: ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

2.Тәрбиелік : Оқушыларды достық, ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, зиянды әдеттермен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау, тапқырлық, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: пікір-талас

Көрнекілік: интерактивтік тақта, тақырыпқа байланысты оқушылар салған суреттер, плакаттар, маркер, т.б.

Сабақтың құрылымы:

1 Ұйымдастыру бөлімі.

2 Ой қозғау.

3 Мағынаны тану.

4 Керек дерек.

5 Ой толғау.

  1. Ұйымдастыру бөлімі: «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ш», «І», «Е» карточкаларын таңдау арқылы топтарға бөлу.

  2. Ой қозғау :

Слайд «Адам денсаулығына зиян келтіретін заттар» (оқушылар ойларын айту керек)

  1. Мағынаны тану: «Ш» , «І», «Е» топтарына шылым, ішімдік, есірткі туралы керек деректер беріледі.(қосымша1) Тапсырма: темекі шегетін, ішімдік ішетін, нашақор адамның бейнесін салып, оның қоғамға қандай зиян әкелетінін айту (постерлерін қорғау)

Қарсы топтар сұрақ дайындап отырады.

  1. Керек дерек: Слайд арқылы зиянды әдеттер туралы қосымша мәлімет беру.(Қосымша 2)

Сұрақтар:

1-топ шылымқорлық.

Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?

2-топ Ішімдік

Ішімдікті қоғамнан аластату үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

3-топ Нашақорлық

Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе? Күресу үшін күш жігерді қайдан

алады?

  1. Ой толғау: РАФТ стратегиясы арқылы оқушылар жолдау дайындайды. (зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауды насихаттау)

Мысалы: Роль - темекі

Аудитория - жастар

Форма - жолдау

Тақырып - «Уланбасын өмірің!»

Тренинг «Екі жұлдыз, бір тілек» (топтар бір біріне екі тілек, бір ұсыныс айтады)

Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта жат қылықтың аяғы неге апарып соғатынына көздерің жетті деп ойлаймын. Жақсы әдетті айтып, салауатты өмірдің өз қолымызда екенін түсіндіңдер, біздің көшпенді тіршілік кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрпағының аман сау, азып тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылуымыз керек.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты өмір» деген нақыл сөзбен тәрбие сағатымызды қорытындылағым келіп отыр.

Барлық оқушылар бірге: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.

САУ БОЛЫҢЫЗДАР!











Аңқаты ЖОББ мектебі





Тәрбие сағаты

Тақырыбы:



6-сынып









Өткізген: сынып жетекші Туреалиева Қ.У.













2013-2014 оқу жылы

ҚОСЫМША 1

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.

Шылым шегу - зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы - оның тәуелділік тудыру қасиетінде.

Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;

Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен

1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.

Темекі - ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.

АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі - темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы.

Бүкіл-әлемдің Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, сатылымдағы темекінің 25 пайызы көшірме.

Әрбір тартылған шылым өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда - 2,5 млн адам қайтыс болады. Жыл сайын 12 миллион папирос пен темекі тартылады екен. Тұқылдардың (окурки) салмағы - 2 520 000 тонна болады екен.

Темекі құрамы: аммиак, көміртегі оксиді, концерогенді көмірсутектер(рак), радиоактивті элемент полоний 20, темекі қарамайы, мышьяк, калий. Фильтр осы заттардың 20 пайызын ғана ұстап тұрады.

Анлияда темекі тартуға кеткен уақыт үшін жалақыдан ақша ұстап қалады екен. Дания қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салған. Сингапурде темекі тартқан адамға 500 доллар штраф, әрі темекі өнімдеріне жарнама жоқ. Финляндияның дәрігерлері бір күн - 17 қараша, темекішілер жұмысқа темекісіз келуін белгілеген. Жапонияның Ваки қаласынның шешімімен, айына 3 күн темекісіз деп жарияланған. Франциядағы антитемекі бағдарламасынан кейін темекі тартушылар саны 2 млн адамға азайған.

Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең.

20 қараша - Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні.



Ішімдік
Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау Ү-ҮІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь - ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер. пайда болады. Адам неше түрлі оға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі бір мөлшерде болмайды.

Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.
Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.
Алкоголь - ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақым-дайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттің у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды
Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдсрдің (Вь РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді.
Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады.
Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді.Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады.



Есірткілер- нашақорлыққа душар ететін табиғи немесе синтетикалық заттар. Медицина саласында наркозға арналған заттарды да кейде есірткі дейді. Есірткі пайдаланған, өсірген, таратқан адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады.Есірткі- адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, нашақорлыққа шалдықтыратын табиғи және жасанды заттар. Табиғи есірткілерге есірткі дақылдары мен олардан алынатын препараттар (апиын, анаша, марихуана, гашиш, т.б.) жатады. Ал жасанды есірткі заттары химиялық жолмен алынады. есірткілердің 120-дай түрі белгілі. Есірткіге жүйке жүйесіне әсер ететін: ауырсынуды басатын, ұйықтатын, тыныштандыратын, т.б. (нейтропты) заттар да жатады. Есірткі заттарын тек қана медициналық қажеттілік бойынша (мысалы, операциялық наркоз үшін, қатерлі ісік ауруларында, т.б.) және қатаң дәрігерлік бақылаумен белгіленген мөлшерде ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ол мөлшерден асып кеткен жағдайда адам өміріне қауіп туады. Егер адам есірткіні жиі қолданса, оның организмі соған үйреніп кетеді. Сөйтіп, ол адам есірткісіз өмір сүре алмайтындай жағдайға - нашақорлыққа душар болады. Есірткіге құмарлық - ұзақ емдеуді қажет ететін ауру. Есірткіге құмарлықтан арылу үшін адам неғұрлым дәрігерге ертерек қаралса, соғұрлым тез жазылады. Есірткімен заңсыз әрекет жасағандар (мысалы, медициналық қажеттен тыс қолдану, заңсыз дайындау, сатып алу не сату, сақтау, тасымалдау, т.б.) ҚР заңы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылад








І

Е

Ш

Ш

І

Е

Ш

І

Е

І

Е

Ш

І

Е

Ш















1-топ шылымқорлық.

Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?

2-топ Ішімдік

Ішімдікті қоғамнан аластату үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

3-топ Нашақорлық

Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе? Күресу үшін күш жігерді қайдан алады?



© 2010-2022