Тест қазақ әдебиетінен (9 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып

Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

1 нұсқа

1. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.

A) Шернияз

B) Есет батыр

C) Жәңгір

D) Әбілқайыр

E) Исатай

2. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.

A) Ы.Алтынсарин.

B) А.Байтұрсынов.

C) Ә.Бөкейханов.

D) Ш.Уәлиханов.

E) М.Дулатов.

3. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз.

A) «Қайырымды түлкі».

B) «Залым төреге».

C) «Жаз».

D) «Әй, жігіттер».

E) «Өзен».

4. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз.

A) «Мен - қазақ»

B) «Әсемпаз болма әрнеге»

C) «Ғылым таппай мақтанба»

D) «Шәкірт ойы»

E) «Жастарға»

5. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.

A) «Аққу, шортан һәм шаян».

B) «Сағындым».

C) «Пайғамбар».

D) «Жұртыма».

E) «Жетісу суреттері».

6. Ас бергенге бас берсін,

Өмірі ұзақ жас берсін.

Кетпес дәулет, кең пейіл,

Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.

A) Жол батасы.

B) Теріс бата.

C) Наурыз батасы.

D) Ас қайыру батасы.

E) Рамазан батасы.

7. Баласын мақтар бас жаман,

Қатынын мақтар қас жаман

Алыстағы дұшпаннан,

Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз.

A) Қазыбек.

B) Төле.

C) Үмбетей.

D) Сырым.

E) Абай.

8. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.

A) Бұрынғыны аңсау.

B) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау.

C) Ғашықтықты жырлау.

D) Адамзат туралы ой-толғау.

E) Өзін-өзі мадақтау.

9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Еділ бол да, Жайық бол»

B) «Артықша туған азамат»

C) «Анаңнан асыл бар ма?!»

D) «Аягөз, қайда барасың?!»

E) «Абайдың суретіне»

10. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

A) ''Өнер-білім бар жұрттар''.

B) ''Арғымаққа оқ тиді''.

C) ''Әкеме''.

D) ''Өзен''.

E) ''Жазғытұры''.

11. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.

A) "Қирағат".

B) "Есеп құралы".

C) "Азамат".

D) "Оян, қазақ".

E) "Терме".

12. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.

A) Ақұштап Бақтыгереева.

B) Мұқағали Мақатаев.

C) Фариза Оңғарсынова.

D) Жұмекен Нәжімеденов.

E) Қадыр Мырзалиев.

13. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.

A) ²Орда².

B) ²Тіршілік².

C) ²Кедей сөзі².

D) ²Еңбекші қазақ².

E) ²Әдебиет майданы².

14. М.Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өтетінін табыңыз.

A) Отырар.

B) Мысыр.

C) Бағдат.

D) Баласағұн.

E) Иассы.

15. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.

A) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".

B) "Ұшқыш кілем".

C) "Керқұла атты Кендебай".

D) "Аяз би".

E) "Ер Төстік".

16. ''Алпамыс батыр'' жырындағы қалмақ батырын табыңыз.

A) Тайшық.

B) Қараман.

C) Ұлтан.

D) Кейқуат.

E) Қартқожақ.

17. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.

A) Баллада.

B) Бейне өлең.

C) Эпиграмма, арнау жырлары.

D) Ән өлең.

E) Қара өлең.

18. ''Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген'', - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.

A) Шернияз.

B) Жанкісі.

C) Шортанбай.

D) Мұрат.

E) Махамбет.

19. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.

A) Ақтөбе.

B) Өскемен.

C) Атырау.

D) Көкшетау.

E) Павлодар.

20. С.Сейфуллиннің зерттеу еңбектері қай салада жазылғанын анықтаңыз.

A) Әдебиет теориясы.

B) Педагогика.

C) Қазақ фольклоры.

D) Қазақ тілі.

E) Психология.

21. С.Мұқановтың поэмасын табыңыз.

A) ''Сырдария''.

B) ''Теміртас''.

C) ''Мөлдір махаббат''.

D) ''Сұлушаш''.

E) ''Ботакөз''.

22. Ғ.Мүсіреповтің 1950-70 жылдары аралығында жазған шығармасын белгілеңіз.

A) «Ақан сері-Ақтоқты».

B) «Ақлима».

C) «Өмір жорығы».

D) «Алғашқы адымдар».

E) «Амангелді».

23. Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезін көрсетіңіз.

A) XІX ғ.екінші жартысы.

B) XX ғ.

C) XІX ғ.бірінші жартысы.

D) XVІІІ ғ.екінші жартысы.

E) Әлі әлемдік деңгейге жеткен жоқ.

24. "…Егер тілім ертең болса құрымақ,

Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ," - деген қай ақын екенін атаңыз.

A) Шыңғыс Айтматов.

B) Александр Блок.

C) Расул Ғамзатов.

D) Әбділда Тәжібаев.

E) Мұса Жәлел.

25. VІ-VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз.

A) «Күлтегін», «Тоныкөк».

B) «Қисса-сул әнбия».

C) «Қорқыт ата» кітабы.

D) «Мұхаббат-наме».

E) «Жамиғат тауарих».

26. ''Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр'' қай кітаптағы әңгіме екенін табыңыз.

A) ''Диуани лұғат ат-түрік''.

B) ''Жамиғат тауарих''.

C) ''Хисса-сұл-әнбия''.

D) ''Мұхаббат- наме''.

E) ''Қорқыт ата'' кітабы.

27. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.

A) Қарабай тобы.

B) Базарбай тобы.

C) Қалмақтар тобы.

D) Қодар тобы.

E) Сарыбай тобы.

28. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.

A) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

B) Шортанбай Қанайұлы.

C) Әбубәкір Шоқанұлы.

D) Мұрат Мөңкеұлы.

E) Мағауия Абайұлы.

29. Бенжамен Матиптің ²Қазақ - неткен ғажайып халық² деген пікірі қай шығарманы оқығаннан кейін туындағанын көрсетіңіз.

A) Ғ.Мұстафин ²Миллионер².

B) С.Мұқанов ²Ботагөз².

C) М.Әуезов ²Абай жолы².

D) Ғ.Мүсірепов ²Қазақ солдаты².

E) М.Әуезов ²Қилы заман².

30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.

A) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.

B) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.

C) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.

D) Балалары жоқ адам.

E) Балалары туған жерге кетіп қалған.



© 2010-2022