Менің атым - Қожа 6 сынып

МЕІҢ АТЫМ - ҚОЖА   Мақсаты: оқушыларды сахнада өзін емін-еркін ұстауға үйрету, сондай-ақ осы койылым аркылы жат кылықтан жирендіріп, жақсылықты бойына жиюға тәрбиелеу . Түрі: сахналық қойылым. Iбөлім Дүкен. Кезекте тұрған адамдар. Сұр кепкалы бала да кезекке келді. Сығылысып, итеріп, есікке беттей бастады. Майқанова: Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр. Қожа: Мен оқулық емес, қант аламын. (Кіргізіп жібереді. Азық-түлік жаққақцарай өтіп барып, кітап жаққа қайта бұрылады. Кітапқа ұмтыла бергенде) ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МЕІҢ АТЫМ - ҚОЖА

Мақсаты: оқушыларды сахнада өзін емін-еркін ұстауға үйрету, сондай-ақ осы койылым аркылы жат кылықтан жирендіріп, жақсылықты бойына жиюға тәрбиелеу .

Түрі: сахналық қойылым.

I бөлім

Дүкен. Кезекте тұрған адамдар. Сұр кепкалы бала да кезекке келді. Сығылысып, итеріп, есікке беттей бастады.

Майқанова: Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр.

Қожа: Мен оқулық емес, қант аламын.

(Кіргізіп жібереді. Азық-түлік жаққақцарай өтіп барып, кітап жаққа қайта бұрылады. Кітапқа ұмтыла бергенде)

Майқанова (Қожаның желкесінен бүре ұстап): Сен адасып барасың. Қант ана жақта сатылады.

Қожа: Сіздің не шаруаңыз бар. Жіберіңіз.

Майқанова (айқайлап): Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті. (Қожа кепкасын қойнына тыгып алып кітаптарын алып келе жатады)

Майқанова (Қожанын иыгынан тартып): Ой, ұятсыз! Қай сыныпта оқисың? (Қожа жұлқынып өтіп кетеді.)

II бөлім

Сынып бөлмесі. Партада окушылар. Өкшесін тыкылдатып сыныпка мұғалім кіріп келеді. Қожа сасады.

Майқанова: Сәлеметсіңдер ме, құрметті окушылар! Сендерді жаңа оку жылының басталуымен кұттыктаймын! Аты-жөнім - Сәбира Майканова. Бүгіннен бастап мен сендерге казақ тілінен сабақ беремін және сынып жетекшілерің боламын.

Журналды ашып түгендеп таныса бастайды.

- Балабекова.

- Оспанов.

- Тұрсынбеков.

- Қадыров.

Қожа: Мен.

Майканова (тесірейе қарап): Біз екеуміз таныс шығармыз.

Қожа (жымиып): Мүмкін.

Майканова (зілді дауыспен): Отыр.

III бөлім

Үй іші. Қожа ойланып отырады. (Монолог сырттан оқылады)

Автор: Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып калғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бакыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бакыт деген аттарды алып караңдаршы. Айтуға да ыкшам, естір кұлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, казақ тілінен сабак беретін Майқанова тәтейше айтқанда, "Бұлар - жоғары идеялы есімдер". Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса калса, мәнерлеп көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең қолдан келсе табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірак амал нешік, сен қызылшака болып жөргекте жатканда, сондағы акымактығыңды пайдаланып әке-шешең немесе шілдеханаға келіп дуылдап отырған баска біреу солай атап жіберген. Өскенбайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойғаны секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап, "Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жаксы атты дүниені шырқ айналсақ таппаймыз" дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайына шапталған да калған. Енді одан көзің тіріде кашып кұтыла алмайсың. Ұнатпасаң да мойныңа іліп жүре бересің.

Жарайды, "Өткенге өкініш жок" дегендей, істің турасына көшелік. Менің атым - Қожа. Көріп отырсыңдар, пэлендей әйдік ат емес. Шынын айтсам, ол о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куэлігімнің өзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып күбылыстар бола беретін тәрізді, бертін келе "Қожабергеннің" құйрығы үзіліп түсіп калыпты. Бүл құбылыстың дэл кай жылы, кай айда, кай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.

Сонымен мен өзім ес білгелі - Қожамын. Ауыл-аймактың бәрі солай деп атайды.

IV бөлім

Мектеп алаңы. Қолтығында добы бар Қожа келе жатады. Алдынан Жантас шығады. Қолында қағаз.

Жантас (Қағазды шертіп-шертіп қойып): Қара көже, мынаның не екенің білесің бе?

Қожа: Ол не?

Жантас: Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қаласың.

Қожа (Ойланып тұрып): Оны саған кім берді?

Жантас: Кім беруші еді? Майқанова тэтей берді. Бірақ сен жоксың тізімде.

Қожа: Неге жокпын? Тэтей қайда?

Жантас: Мектепте.

(Ыза болған Кожа жүгіре жөнеледі. Сол жүгірген күйі мұғалімдер бөлмесіне кіріп келеді. Майқанова кағаз жазып отыр. Таңыркай басын көтереді. Қожаға карай ды.)

Майқанова: Не болды? Иә, не болды, Қадыров?

Қожа: Лагерьге жолдама беріңізші маған.

Майқанова: Саған бүл жолы жолдама берілмейді. Келесі жолы барасың.

Қожа (ашуланып): Неге?

Майқанова: Барлық окушыға бірден жетіспейді. Ал, екіншіден, біз лагерьге үлгілі, тәртіпті окушыларды жібереміз.

Қожа: Жантас немене... менен артық болғаны ма?

Майқанова (Ашуланып орнынан атып тұрады): Сен не, мені тергегелі тұрсың ба?

Қожа: Бермесеңіз койыңыз! (Шаға жөнеледі).

Майқанова (Атып шыгып): Қадыров, бері кел! Қадыров!

V бөлім

Мектеп алаңы. Турникке сүйеніп Жантас тұр.

Жантас (Қожаның жолын кес-кестеп): Немене, жолдама алдың ба?

Қожа: Алдым.

Жантас: Қане, көрсетші?

Қожа (Жантастыц мандайынан сарт еткізіп іиертеді): Міне.


VI бөлім

Үй іші. Төсекте ойға шомып жатқан Қожа.

Қожа: Бағанағы Майканова тэтейге істегенім дұрыс па, бұрыс па? Бірақ Жантаска жолдама беріп маған бермегені әділдік емес кой. Ай, қайткенмен де ол мұғалім, сынып жетекшім ғой. Жә, қазір оқу жылы емес қой. 3 айға дейін кім бар, кім жоқ. Мүмкін, сынып жетекшіміз ауысып кетер. Онда мен Майканова тәтейдің маңына да жолай коймаспын.


VII бөлім

Үй іші. Төсекте Қожа ұйықтап жатыр.

Әжесі: Қожа, Қожатай, әкем-ау,сен бүгін саба-ғыңа бармаушы ма едің?

Қожа: Көзі басын уқалап, кабырға сағатка қарайды. Орнынан атып тұрып, шайын ішер-ішпестен кітаптарын сөмкесіне тыға салып жүгіре жөнеледі.

Әжесі: Қожа, Қожатай, шайыңды ішпедің ғой.

VIII бөлім

Мектеп іші. Сыныпқа Анфиса Михайловна кіріп бара жатады. Қожаны көріп тоқтайды.

Анфиса Михайловна: Қадыров, немене ұйықтап қалғансың ба? Тоқта галстугінді түзе. Қожа галстугін түзеп, сыныпқа зып беріп кіріп кетеді. Оқушылар орнынан атып тұрады. Қожа колын кеудесіне қойып тэжім етті. Балалар күліп жібереді. Қожа мұғалімге жалт карайды, мұғалім басын шайқап жымияды.

Анфиса Михайловна: Ал, балалар, үйге Пушкиннің "Қысқы кешін" жаттауға бердім. Жаттап келдік пе?

Бәрі: Жаттап келдік

- Тәтей, мен айтайыншы!

- Мен айтам!

- Анфиса Михайловна, менен сұраңызшы.

Анфиса Михайловна: Балабекова.

- Жарайсың, Балабекова, отыр.

- Тұрсынбаев.

Жантас (Орнынан түрегелді): Буря мглою...

Анфиса Михайловна: Тақтаға шығып айт.

Жантас: Бәрібір емес пе?

Анфиса Михайловна: Тәртіп жұрттың бәріне бірдей. Тақтаға шығып айт.

Жантас мүрнын уқалап тақтага шыгады).

Анфиса Михайловна: Ал енді айт.

Жантас: Буря мглою..

Анфиса Михайловна: Дальше

Жантас: Мұғалім, мен жаттамай келіп едім.

Анфиса Михайловна (Жантасца қарап тұрып): Бәлкім орнына барып айтарсың. (Оқушылар ду күледі).

Анфиса Михайловна: Отыр, Тұрсынбаев. Осымен міне екінші рет "екілік" алғалы отырсың. Үйге берілген тапсырманы орындамай келегеніңмен қоймай кулыққа басып мені алдамақ болдың. Бұның жаман. Білсең "Білемін деп, білмесең "Білмеймін" деп шынынды айт.

-Жаканов. (Ол зулатып айтып шықты).

- Қадыров. (Қоңырау шыр ете түседі).

Қожа: Уһ (Орнына сылқ ете түседі).

Анфиса Михайловна: Жарайды, отыр Қадыров. Сенен баска жолы сұраймын.


IX бөлім

Сынып іші.

Мұғалім: Келесі сабакта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер?

Қожа: Мен әкелемін.

Мұғалім: Қадыров, сен әкелесің. Үмытып кетпе бірақ.

Қожа: Ағай, неше бақа әкелейін?

Мұғалім: Бір.,.екеу әкелсең жетеді.

X бөлім

Сынып іші. Майканова сыныпқа кіреді де сөмкесін койып шығып кетеді. Қожа сөмкеге бака салып жібереді. Қоңырау соғылып сабак басталады. Мұғалім оқушыларды тізім бойынша тексерді. Сөмкесін ашып қалғанда бақа секіріп шығады. Майканова шыңғырып есеңгіреп калады (сыныптан шығып кетеді...)

Көңілді әуен ойналып, қатысушылар ортаға шығады.

© 2010-2022