Мерекелік ашық сабақ Әжелер – көңілдің ажары, немері – өмірдің базары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерекелік ашық сабақ

Тақырыбы: «Әжелер - көңілдің ажары, немері - өмірдің базары»

Мақсаты: Халқымыздың ата - бабадан келе жатқан, бірақ кейінгі кезде елеусіз қалған ұлттың асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс - салтын, жақсы үлгі - өнегесін, ізгілікті сән салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділікті, парасаттылық сияқты тәрбиеге қатысты қағидаларды әжелерден үйрену, қазақ халқының салт- дәстүрін насихаттап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу.

Көрнекілік: Шарлар, нақыл сөздер, гүлдер, әже мен немере суреті, қазақ үй, бәйшешек.

Өту барысы:

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Құрметті ақ жаулықты асыл аналар, әжелер, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан , қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл - аналарымызда бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап жүре беріңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәулесінің шапағатын тілейміз. Алғашқы көктем мерекесі - 8 - наурыз құтты болсын! Қане балалар, енді математикалық оқу іс - әрекеті бойынша «Шаттық» шеңберін тамашалаңыздар.

«Он саусақ» әні.

Мұғалім.

Цифрлар ортаға шығамыз.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 шығады.

Балалар, алғашқы көктем мерекесін айтайықшы. Хормен айтады.

8-наурыз - ана+лар+мерекесі------ сөзі шығады.

1,2,3,4,5,6,7+9,10

«Дыбыстар әлемінде» атты сауат ашу оқу іс - әрекеті бойынша шаттық шеңберін тамашалаңыздар. (музыка ойнап тұрады)

Мұғалім:

Дыбыстар қатарға тұрамыз.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дыбыстар екіге бөлінеді.

  • Қандайболып бөлінеді?

  • Дауысты, дауыссыз.

  • Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

  • Қызыл текшемен.

  • Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

  • Көк текшемен.

  • Сөз неден тұрады?

  • Әріптен.

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Екіге

  • Қандай болып бөлінеді?

  • Жуан, жіңішке.

  • Жуан, жіңішке дауыстылар ортаға шығайықшы.

А - ағаш, О - орамал, Ы - ыдыс, Ұ - ұя,

Ә - әтеш, Ө - өрік, І - ірімшік, Ү - үтік.

Ал балалар, 8- наурыз мерекесіне арнап қандай сайыс өтейік деп отырмыз. Дыбыстардан құрап жіберейікші..

«Әжелер мен немерелер сайысы» - 24 әріптен сөз шығады, әріптерді ұстап тұрады.

«Мерекеңмен » әні орындалады.

Дауысты - дауыссыз әріптер өз үйлеріне барып орналасамыз.

«Әжелер көңілдің ажары, немере - өмірдің базары» мерекелік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыстың тәртібі:

Сайысымыз алты кезеңнен тұрады.

  1. Кезең «Таныстыру».

  2. Кезең «Тапқырлық».

  3. Кезең «Құлақтан кіріп бойды алар».

  4. Кезең «Ою ойғанның ойы ұшқыр».

  5. Кезең «Сән үлгісі».

  6. Кезең «Үй тапсырмасы» ұлттық тағам түрлерін көрсету және қорғау.

Тәрбиеші:

Халқымызда «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.

М. Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бал дагенің балав екен .

Немереңнің бойында

Бар тәттілік бар екен.

Туған бала жай ғана,

Демесеңде жат бөтен.

Нағыз балаң ойласаң

Немере екен тәтті екен, - деп, сайысқа қатысатын әжелер мен немерелерді ортаға шақырайық.

«Немере » әні орындалып тұрады.

Бойыңда мейірім ақ жүрек,

Жақсылыққа толы ақ тілек.

Алтында әже келді міне,

Ботакөз немересіне ақ тілеп. (Әжесі мен немересін ортаға шақырамыз).

Дастаным деп үнемі,

Оған артып бар үміт.

Сыздайтұғын жүрегі,

Құлап қалса сүрініп.

Сара әже келіп отыр,

Қамқор болған балаға. (Әжесі мен немересін ортаға шақырамыз).

Ақындар жанұясының - тірегін,

Тіршіліктерінің жүрегін.

Әжесі бақыт ордасы,

Мәпелеген жыр елін. (Әжесі мен немересін ортаға шақырамыз.).

Күлімдейді Самалжан.

«Құлыншағым, күнім », - деп,

Жақсы көрер ақ әже-

Мейраш әже бүгінде.

Немерелер мақтаны,

Кім сүймейді әжесін.

Бола білсе бақ сәні. (Әжесі мен немересін ортаға шақырамыз).

Еміреніп, « қозым» деп,

Мейіріммен қарайтын.

«Немерем аман болсын», - деп,

Ай мен күнге балайтын. (Әжесі мен немересін ортаға шақырамыз).



  1. кезең «Таныстыру»

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үкіңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Өзін таныстыру сайысымен бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Ата - анаң мен жеті атаға атап шық,

Әжелерді ду ғол соғып қоштайық. (Әже таныстырады, немере жеті атасын айтады.)

2 - кезең «Тапқырлық» сайысы

Немереге - жұмбақ, әжелерге - сұрақ. (Бәйшешек гүлін жинау).

Жұмбақтар:

Айтары мол ғұлама, Әлпештеп өсірген,

Көп жасаған бұл адам. Нағашы әжеңнің баласы.

Әкесі ол әкеңнің Төрінде еркелеп көсілген,

Ол кім? (Ата) Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім? (Ана)

Атаңның баласы

Кей кезде таласып,

Қаласың әжеге

Ол кім? (Әже)

Көмекші шешеге,

Аймалайды күнім деп, Құйттай қыз кешегі.

Мейрімді жүзі күлімдеп. Сіңлісін уатып,

Тәтті дейді немере, Қамқор боп өседі.

Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (Әпке)

Ол кім? (Әже)

3-кезең «Құлақтан кіріп бойды алар»

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекте әжелер мен немерелер өнерін тамашалайық.

Думандатып, әндетпей,

Тойдан текке қайтпаған.

Өнерлерін қонақтардың,

Тамашалып көрейік.

Қол соғып бір желпіндіріп,

Әді баға берейік. (Өнерлерін тамашалау).

Сұрақтар:

Балаға малдың басын ұстатпайды. Неге?

Оныңнан да солын да оқысаң өзгерісі жоқ ұлттың атауы. (қазақ).



  1. Ұлт тағамдарын атаңыз.

Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың. Ол не? (Көлеңке)

  1. Түйе сүтін қалай атайды? (Шұбат)

  2. Бағалы аң терісінен тігілетін сырт киім. (Ішік)

  3. Түрлі - түсті жүннен жасалатын төсеніш. (Төсеніш)

  4. Теңізде қандай тастар табылмайды? (Құрғақ)

  5. Сүттен жасалатын тағамды атаңыз.

  6. Қазақша ай аттарын атаңыз.

4 - кезең «Ой ойғаның ойы ұшқыр»

Әже ою ояды , немере жапсырады.

Түрлі қағаз, ақ парақ нөмірленген, қайшы, желім, қалам тарату.

5 - кезең «Сән үлгісі»

Немере сән үлгісін көрсетеді. (Музыка ойнап тұрады).

6 - кезең «Үй тапсырмасы».

Әжелер үйден дайындап әкелген ұлттық тамақ түрлерін көрсетіп, оның жасалу жолдарын түсіндіреді.

Марапаттау рәсімі

Құрметті ақ жаулықты әжелер, сіздерге көп рахмет айтамыз. Дендеріңіз сау, аман - есен болыңыздар!





© 2010-2022