Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақсан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отырғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да білім мен тәрбиені бөліп қарай алмаймыз. Өйткені мектеп үшін «білім мен тәрбие  –егіз» -деп күн тәртібінде қаралып отыратын өзекті мәселенің бірі емес пе?!  Олай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкіртт... Қазақстан Республикасының  « Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру даралықты дамыту үшін  жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» десе, Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім беру Тұжырымдамасында «Білім беру құндылықтары м...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы »

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақсан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отырғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да білім мен тәрбиені бөліп қарай алмаймыз. Өйткені мектеп үшін «білім мен тәрбие -егіз» -деп күн тәртібінде қаралып отыратын өзекті мәселенің бірі емес пе?! Олай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздар қауымына қарасты, мақсатымен міндетіне ұстаз жауапты екенін біз ешуақытта қатерімізден шығармақ емеспіз...

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» десе, Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім беру Тұжырымдамасында «Білім беру құндылықтары мен мақсаттары, бір жағынан, жалпықазақстандық тілді ұлттық -тарихи және этикалық дәстүрлерді, екінші жағынан, өскелең ұрпақтың ой-өрісінің дамуына қарай бағдарланған сындық және этикалық өлшемдерге енетін жалпы мәдениетті ескере отырып, анықталады» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана алатын түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынасқа түсе білетін білімді ұрпақты тәрбиелеу- басты мәселесі болып отыр. Бәсекелестілікке қабілетті, мықты қарсыласына төтеп бере алатын, құзыретті, танымдылығы жоғары, саналы, сапалы білім алған оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Олай болса, «Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы» деген даналыққа өз тәжірбиемнен алып, ұстаз үшін үзілмейтін қағиданы қолдар едім.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев біздің болашағымызды тереңнен толғай отырып «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы » дегені баршаға мәлім еді. Ол бір күнде біте қалатын жұмыс емес екені де белгілі. Өйткені бала-өмірдің жалғасы.Біздің атқарып жүрген жұ-мысымыз сол болашақ үшін,солар үшін тер төгіп келеміз.Соны болашақта жарқын ететін жас жеткіншектеріміз. Соларға үміт артып, мол сеніммен қараймыз. Болашағы үшін күресе алатын, өзіне -өзі сенімді, жігерлі, Отансүйгіш патриот тұлға -жас ұрпақ деп білемін. Сондықтан да жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз- баға жетпес биік тұлға деп өрбітіп келеміз. Осындай абыройға болашақта кір келтірмей, «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деп, шәкірт бойындағы ұстамдылықпен тәрбиелік шоқты жоғарыдан көрейік демекпін!

Қорыта келгенде, тәуелсіз елімізге білімді, саналы, парасатты адамды тәрбиелеу үшін ұшқыр ойлы, жаны таза, денсаулығы мықты, адал да терең білімді, жоғары талғамды шәкірт тәрбиелеу басты мақсаты болғандықтан ұстаздар қауымына тағы да шығармашылық табыспен қажырлы қайрат, денсаулық тілеймін.



© 2010-2022