Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алғы сөз

Бұл жинақты мұғалімдерге көмек ретінде пайдалануға болады.Мұнда оқулыққа қосымша ретінде әртүрлі деңгейдегі қызықты ойындар мен тапсырмалар жинақталған.Олар балалардың дербес ерекшеліктеріне қарай,күрделілігі әртүрлі тапсырма беруіне,оқушылармен саралау және даралау әдістерімен жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызатындай етіп іріктелген.Мұндай ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамиды.Оқушылар бұл ойындар мен тапсырмаларды жаңа материалды бекіту,жаттықтыру,өткен материалдарды еске түсіру,қайталау,пысықтау және қорытындылау үшін,ең бастысы,өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдалана алады.

Балалардың логикалық,танымдық қабілетін дамытып,пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы-ойындар.Ойынды мұғалім баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады.Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттық ойындардың желісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын-есептер ұйымдастыру,сол арқылы олардың бойына ибалық,байсалдылық,тапқырлық,шыншылдық және т.б қасиеттерді сіңіру,қалыптастыру-басты нысана.

Жинақта әрбір ойынның мазмұны,шарты,мақсаты,керекті құралдары берілген.Ойнау ережелері қарапайым,тапсырмаларды оқушылар өздері орындауға шамасы жететіндей етіп сұрыпталған.Мұнда тапсырманың өзегі оның математикалық мазмұны болып табылады.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта ойындармен қатар,математикалық ребустарды,сөзжұмбақтарды шешу,қызықты әзіл есептерді шығару,логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын,қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірден-бір тәсілі.



«Мақсатыңа жет» ойыны.

Мақсаты: жылдам есептеу дағдысын машықтандыру болып табылады.Ойынды өткізу қарқынын мұғалім реттеп,біртіңдеп жеделдетіп отырады.Мұғалім балаларға теріс қарап,орташа қарқынды мысалдар тізбегін атайды.Балалар сандар жазылған карточкаларды көрсетеді.Мұғалім шатасып қалған оқушыны ұстап алады.Тізбек әртүрлі болуы мүмкін(сабақтың тақырыбына қарай).Мысалы:5+4-3+2;9+1-8-1+7;5+0-2+7-10.

Ойын соңында мұғалім есепті жақсы шығарған оқушыларды атайды.

«Гол соқ! »ойыны.

Мақсаты: жылдам есептеу дағдысын машықтандыру болып табылады.Ойынды өткізу үшін футбол қақпасы,қақпашы,сандар жазылған доптар және сұрақ нұсқалары берілген «табло»бейнелену керек.Ойынның мазмұны:алдымен бос торкөзі бар өрнек құрастырылады,мысалы,2+=10.Одан кейін балалар дұрыс теңдік шығару үшін қажетті сан жазылған допты таңдайды.Қосындының мәні өзгертіліп,ойын жалғастырылады.

«Санды тап» ойыны.

Мұғалім(немесе алдын ала дайындаған оқушы)тапсырманы оқиды:

-Мен бір сан ойладым,егер одан 4-ті азайтсаң,нәтижесі екі болады.Мен қандай сан ойладым?

-Мен бір сан ойладым,егер одан 10-ды азайтсаң,нәтижесі 2 болады.Мен қандай сан ойладым?

-Мен бір сан ойладым,егер одан 10-ды азайтсаң,нәтижесі 30 болады.Мен қандай сан ойладым?

«Шынжыр» ойыны.

Мұғалім 1-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған карточкаларды балаларға таратып береді.Ойынның тәртібімен таныстырады.Бір балаға карточканы береді де,тақтаға шақырады..Бала қолындағы санды атайды.Мұғалім балаларға қарап,сол санды 9-ға дейін толықтыр дейді.Содан соң оны14-ке,содан соң 20-ға дейін толықтыр деп тапсырма береді.Балалар қолдарындағы сандарды алып шығып толықтыра береді.Қалған оқушылар бақылаушылар рөлінде болады.

6+3+5+6=20

2+8+7+3=20

4+2+3+6+5=20.

«Жұбын тап» ойыны.

Тақтаға мысалдар жазылған жұлдызшалар ілінеді.Олардың ішінде жауаптары бірдей өрнектер бар,балалар оларды тауып,сәйкес жұптарды атауы керек.


Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс


«Математикалық эстафета» ойыны.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.Әр топқа арнап,мұғалім тақтаға қатарлап мысалдар жазады:

7+4 9+3 8+4

12-3 11-2 13-4

8+3 9+4 9+2

Мұғалім әрбір қатардың оқушыларына бірінші қосылғышты білдіретін сандар жазылған карточкалар,әр мысалда екінші қосылғыштың сандар құрамын білдіретін карточкалар және амалдар таңбаларымен карточкалар үлестіріледі.Мұғалім әр нұсқадағы мысалдарды кезекпен көрсетеді.Мысалы:ол есептеу үшін бірінші топқа 7+4 мысалын береді.Егер мысал дұрыс орындалса,мұғалім тақтадағы бірінші бағанға жұлдызша салады.Егер қате жіберілсе,оларды сол топтың оқушылары түзетеді.Бүкіл оқушылар жауаптың дұрыстығын көрсету үшін жасыл немесе қызыл дөңгелектерді пайдаланады.Содан кейін мұғалім екінші және үшінші топтардың мысалдарын кезекпен көрсетеді.Ойын осылайша жалғаса береді.Соңынан жеңімпаз топ анықталады.

«Лото» ойыны.

Бұл ойын жұппен немесе топпен өткізіледі.Бұл үшін 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған бір түсті карточкалар және толық ондықтарды(10,20,30....90)білдіретін сандар бар басқа түсті карточкалар қажет.Карточкалар екі жерге теріс қаратып орналастырылады.Балалар сандарды көрмейді.Балалардың бірі ондықтардан тұратын карточкалардың бірін алып көрсетеді,өзге оқушылар санды атайды.Балаларды санға бірден талдау жасауға үйреткен жөн.Мысалы, 23 санында екі ондық,үш бірлік бар.

«Ақсүйек» ойыны. (Белгісіз санды табу)

Ойынға сыныптың барлығы қатысады.Кестедегі белгісіз сандардың орнында «ақсүйек»тығылып жатыр.Кім дұрыс шығарса,сол табады.Дұрыс шығармаса,көрмей аттап кетеді.Кім «Ақсүйекті» көп жинаса,сол ұтады.


а

8

7

9

6

а+4


12

7

9

3

4

5

8


«Қандай сан жоқ» ойыны.

Мақсаты:сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту;оқушылардың зейінін дамыту.

Тақтаға түсі,көлемі әртүрлі,әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 20-дан 40-қа дейінгі сандары бар кесте ілінеді.

40

30

35

33

23

36

28

22

27

29

32

21

37

39

31

24

38

25

34

20

«Тапқыштар» ойыны.

Мақсаты: 100 көлемінде ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.Сабақтың тақырыбын табу.

Е 48+9 с 80-47

Ң 164-8 з 162-95

Д 100-5 т 160+40

К 58+10 і 53+35

У 70+67

200

57

156

33

88

67

95

88

68



200

57

156

95

57

137


«Компьютер» ойыны.

Мақсаты: есептеу дағдыларын жетілдіру.

3·5

+45

-36

:3

=

3·4

+38

-29

:3

=

3·9

+63

-75

:3

=

3·10

+57

-60

:3

=

«Математикалық доп» ойыны.

Мақсаты: көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары туралы білімдерін дамыту.

Мұғалім балаларға допты лақтырады да,көбейту және бөлу мысалдар келтіреді.Оқушы допты қағып алып,жауабын айтады,содан кейін допты келесі балаға лақтырады және өз мысалын айтады және т.б

«Математикалық эстафета» ойыны.

Мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары туралы білімдерін жетілдіру.

Үш бет қағазға көбейту және бөлудің өтілген жағдайларына әр қатардағы оқушылар саны бойынша мысалдар жазылады.Балалар парақты бір-біріне бере отырып,әрқайсысы бір мысалдың жауабын жазады.Барлық мысалды жылдам,әрі қатесіз шешкен қатар жеңіске жетеді.

«Көбейту және бөлу» ойыны.

Мақсаты: 6 санымен көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту.

Мұғалім қатырмақағаздан қиып алынған дөңгелектің бір жағын жасыл, екіншіжағын сарыға бояйды.Екі жағында да 6 саны жазылған.Мұғалім ойын шартын түсіндіреді.Мұғалім дөңгелекті сары жағын көрсетіп,мысалы 4 санын атайды,балалар бұл санды 6-ға көбейтеді,ал егер мұғалім жасыл жағын көрсетсе,аталған санды 6-ға бөлу керек.Дөңгелектің екі жағы кезек жылдам көрсетіледі,кейде бір жағы қатарынан екі-үш рет көрсетіледі.Балалар жауаптарды дәптерге жазады.Соңынан тексеріліп,балалардың кестені меңгеру және мұқияттылық деңгейі анықталады.

«Кестені білем» ойыны.

Мақсаты: көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту.

Балалар екі қатарға бөлінеді.Әр топтан 9 адамнан шығады.Олар екі қатар болып сап түзейді.Әр қатарда балалар рет санын дауыстап атайды да,кеуделеріне тиісті нөмір жазылған қағазды қыстырады. Жүргізуші көбейту кестесінен кез-келген көбейтіндіні атайды. Мысалы:48. 48 саны 6 мен 8 сандарының көбейтіндісі,сондықтан әр қатардан осы нөмірлі балалар ортаға жүгіріп шығады.Ойыншылар жылдам қимылдаған топ жеңіске жетеді.

«Есіктің кілтін тап» ойыны.

Мақсаты: есептеу дағдыларын бекіту.

Тақтада 7 есіктің суреті салынған.Олардың әрқайсысына мынадай өрнектер жазылған:400·2, 300:3, 600:2, 100·2, 400:2, 900:9, 600:9. Оның қасында жауаптары бар кілттердің суреттері бар: 6, 100, 200, 500, 300, 100, 800. Балалар қажетті кілтті табады.

«Математикалық домино» ойыны.

Мақсаты: есептеу дағдыларын бекіту.

Оқушыларға сол жағында жауап,оң жағында мысал жазылған карточкалар таратылады.Оқушы бір өрнекті оқиды,жауабы кімнің карточкасында болса,жауабын айтып,келесі өрнекті оқиды,т.с.с. Балалар үшін мынадай карточкалар дайындалады:


16:2

36 9·7

64 5·6

30 5·5

54 8·7

8 25:5

25 18:3

9 6·6

56 7·6

63 8·8

5 18:2

6 9·6

42 3·3

9 24:6

45 7·7

49 9·9

81 9·7

4 18:9

2 7·4

28 7·3

21 4·4

16 5·7

35 32:4

8 8·5

40 21:3

7 7·9

63 13·10

130 9·0

Карточкасында 16:2 мысалы жазылған оқушы ойынды бастайды.

«Артық сөзді тап» ойыны.

Қосу Айырма Көбейту

Азайтқыш Бөлу Бөлінді

Айырма Бөлінгіш Бөлгіш

Қосылғыш Азайтқыш Қосынды

Бөлгіш Бөлінгіш Айырма

Көбейткіш Бөлімі Алымы.

«Қандай сан жоқ?» ойыны.

Мақсаты: Сандар қатары туралы білімдерін бекіту;оқушылардың зейінін дамыту.

Тақтаға түсі,көлемі әртүрлі,әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 220-дан 240-қа дейінгі бар кесте ілінеді.

240

230

235

233

223

236

228

222

227

229

232

221

237

239

231

224

238

225

234

220






Қызықты әзіл-есептер

Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

Қосарлап жегілген ат-арбамен Жандос 25 километр жол жүрді.Оның әр аты неше километр жүрді?

4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?

Бақтиярдың төрт ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақтиярдың неше баласы бар?

Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?

8-наурызда екі шешей мен екі қызына,әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды.Бұл қалай?

Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды.Бұл қалай?

Болат сенбі күні кешкі 9-да ұйықтауға жатты.Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды.Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?

Айдың,аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?

Алдында 1,артында 2,артында 1,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз болды?

Түрі,түсі,өлшемдері бірдей 3 білезіктің біреуі қалған екеуінен жеңілірек.Таразыға бір рет өлшеп,жеңілірегін қалай табуға болады?

7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?

12 таяқшаны 5 шаршы шығатындай етіп орналастыр.

Екі бірдей шаршы қалатындай етіп 4 таяқшаны алып таста.

Тігулі тұрған қызыл,жасыл,көк асықтың қызылын ұстамай,қалған екеуінің ортасына орналастыр.

Бірінің саны ондығынан алты бірлікке артық болатын барлық екі таңбалы сандарды ата.

Бірлігі мен ондығының санының қосындысы 2-ге тең болатын екі таңбалы сандарды ата.

4 және 5 сандарының көмегімен жазылатын барлық екі таңбалы сандарды ата.

Үш төрттік санмен бір амалды қолданып 40 санын қалай жазуға болады?

Бес екілік цифрымен үш амалды қолданып 20 санын жаз.

5,4,3,2,1 цифрларын қатар жазып,оларды 85 саны шығатындай етіп қосу және азайту амалдарын жаз.

Математикалық фокустар:

А)туған айдың реттік нөмірін 21-ге арттыр,шыққан санды 16-ға кеміт.Нәтижесі бойынша туған айды атауға болады.Мысалы,туған ай қыркүйек болса,онда оның реті 9-ды 21-ге арттыру (9+21=30) оны 16-ға кеміту (30-16=14) керек.Алынған нәтижені 5-ке кемітіп,14-5=9,яғни қыркүйек екенін айтып беру.

Б) Туған күнге 20-ны қосып,шыққан саннан 17-ні азайту керек.Алынған нәтижені 3-ке кемітсе,туған күн шығады.

В)Бір таңбалы бір сан ойла. Оған 15-ті қосып,шыққан санды 13-ке кеміт.Нәтижесін айтқызып,оны 2-ге кеміт. Шыққан сан-ойлаған сан болады.

Наурыз дастарханына 263 дана алма даярланды. Егер наурыз тойына 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?

Оспан көшеден көп ақша тауып алды да, күніне 20 теңгеден жаратты. Бір айдан соң, одан 60 теңге қалды. Дәл бір ай алдында оның шешесі 860 теңге жоғалтқан еді. Оспанның тауып алған ақшасы анасыныкі ма, жоқ па?

Дәптердің бетінің ұзындығы 20см, ені 15см. Самат сабақта отырып, зеріккеннен дәптердің бетінің 30см2-не сурет салып қойды. Егер ол дәптердің бетін түгел дәл осындай суретпен толтыратын болса, дәптердің бетіне неше сурет сияды?

Оқушы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады. 40 мин оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды?

Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады. Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға, 5 қадам оңға, қайтадан 4 қадам солға, 11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды?

10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойнады. Егер менің шашым айына 1см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді?

Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жинағанша қыз неше жасқа толады?

Қайрат пен Талғат бірдей бөлінгішті екі түрлі бөліндігі бөлді. Қайрат 153-ке бөліп еді, бөліндіде 612 шықты. Талғат сол санды 6-ға бөлгенде қандай сан шығаы?

Квадрат тәрізді егінжайдың периметрі - 228 м. Осы егінжайдың ауданы қанда?

Талғат ұзындығы 2м, ені 1м тәтті жеуді армандайды. Қайрат ұзындығы дәл сондай, бірақ ауданы одан 3 есе артық тәтті жеуді армандайды. Қайраттың армандаған тәттісінің ені қандай болмақ?

Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісу керек?

Самат 12 маусымда сағат 11-де шаңғы сатып алды да, қар жауғанша күтті. Қар келесі жылдың қаңтарының 25 жұлдызында сағат 9-да жауды.Самат қардың жаууын шаңғы сатып алғаннан бастап, неше сағат күтті?

Велосипедшінің соңынан 3 адам жүгірді. Егер велосипедші 15 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 45 км жүрген соң, 1 сағ демалуға отырса, жаяу жүгіргендер 12 км/сағ жылдамдықпен оған жете ала ма?

450 кг жүк көтере алатын лифтке 20 кг-дық екі оқушы, 30 кг-дық үш оқушы және барлық оқушының салмағынан 5 есе кем тартатын мұғалима мінсе, лифт жүре ме?

Бір патшаның үш қызы болыпты. Оның жерінің ені 60км, ұзындығы 70 км екен. Ол үлкен қызына барлық жерінің жартысын беріпті. Ортаншы қызына берген жерінің периметрі 148 км. Қалғанын кіші қызына берді. Ол кіші қызына қанша жер берді?

Екі бала 5 м/сек жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 м болса, олар неше секундтан кейін кездеседі?

Қоян қорқынышты түс көрді. Оның түсіне түлкі сағатына 154 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30 км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма, жоқ па?

Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?

Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?

Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

Сағат 12-де Алматыдан Талғарға қарай 80 км-сағ жылдамдықпен жеңіл машина жолға шықты, сол мезгілде Талғардан Алматыға қарай 40 км-сағ жылдамдықпен жүк машинасы шықты. Олар тоқтамастан жүріп отырды. Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған.

Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?

Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

Үш метрлік 60 бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек: Қанша рет аралап кесу керек?

Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?

Екі адам базарға алма сатуға барды. Әрқайсысының 30 алмасы бар еді. Біреуі екі алманы 1 теңгеден, екіншісі үш алманы 1 теңгеден сатпақшы болды. Бірақ сауда жасар алдында біреуін үйіне шақырып алды, сондықтан ол екінші сатушыға өзінің алмасын сатуға тапсырып кетті. Ол адам 5 алманы 2 теңгеден сатты. Егер ол жеке-жеке сатса, табыстары 10 теңге және 15 теңге, яғни 25 теңге болар еді, 5 алманы 2 теңгеден сатқандықтан, олар 24 теңге алды. 1 теңге қайда кетті.

Кітаптың құны 1 теңге және кітаптың құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады?

Екі дәптер және бір қарындаш 94 тиын тұрады. Екі қарындаш және бір дәптер 80 тиын тұрады. Дәптер мен қарындаштың қайсысы қымбат және қанша қымбат?

Бір айда бес жексенбі бола ала ма?

Қандай да бір айдың үш жексенбісі жұп күндерге тура келді. Осы айдың 20 жұлдызы аптаның қай күніне келеді?

Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр - алмұрт па әлде шаптал ма?

Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат - қарындаш па әлде дәптер мен?

Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен мен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдеу. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтардың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.

7 қарындаш 8 дәптерден қымбат тұрады. Қайсысы қымбат - 8 қарындаш па әлде 9 дәптер ме?

6 табан 10 траннан ауыр, бірақ 5 алабұғадан жеңіл; 10 табан 8 алабұғадан ауыр. Қайсысы ауыр - 2 табан балық па әлде 2 тран балық па?

Әділ мен Арман А-дан В-ға қарай бір мезгілде жолға шықты. Әділ велосипедпен, ал Арман одан жылдамдығы 5 есе артық жеңіл машинамен шыққан еді. Орта жолда жеңіл машина сынып, қалған жолды Арман жаяу жүрді, оның жылдамдығы велосипедтің жылдамдығынан екі есе кем. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетті?

Бөлменің төбесінен тік төмен қарай қабырғаны бойлай екі шыбын жорғалап төмен түсті. Еденге түскен соң олар қайтадан жоғары қарай жорғалады. Бірінші шыбын екі жағдайда тұрақты жылдамдықпен жорғалады, ал екіншісі жоғары қарай біріншіге қарағанда екі есе баяу көтерілгенмен, төмен түскенде еке есе жылдам жорғалады. Олардың қайсысы төбеге бұрын жетеді?

Үйден мектепке дейін Буратино жаяу барды, қайтқанда сол жолмен жүрді, бірақ жолдың бірінші жартысын ол итке, екінші жартысын тасбақаға мініп келді. Буратиноның мектепке жаяу барғандағы жылдамдығынан иттің жылдамдығы төрт есе артық, ал тасбақаның жылдамдығы одан екі есе кем. Буратино қай жолы уақытты көп жұмсады - үйден мектепке дейін бе әлде мектептен үйге дейін бе?

Екі жолаушы бір мезгілде А-дан В-ге қарай жолға шықты. Бірінші жолаушы жолға жұмсалған уақыттың алғашқы жартысын 5 км-сағ, содан кейін 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ал екіншісі жолдың бірінші жартысын 4 км/сағ, қалғанын 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетеді?

4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді - қара ма әлде сары ма?

Ініне жету үшін тышқан жолмен 20 адым жасауы, ал мысық сол жолмен тышқанға дейін 5 рет секіру керек. Мысық бір секіргенде тышқан 3 адым жасап үлгереді, мысықтың 1 секіргендегі ұзындығы тышқанның 10 адымына тең. Егер тышқан түзу бойымен мысық пен іннің арасында тұрса, мысық тышқанды қуып жете ала ма?

Бірдей үщ сақинаның біреуі басқаларынан біршама жеңілдеу. Табақшалы таразымен бір рет қана өлшеу арқылы ол жеңіл сақинаны қалай табуға болады?

27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшалы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?

Бірдей 75 сақинаның біреуі салмағы жағынан қалғандарынан сәл өзгешелеу көрінеді. Ол сақинаның басқаларынан жеңіл немесе ауыр екенін табақшалы таразымен екі рет тарту арқылы қалай анықтауға болады?

Қанша тәсілмен 50 санын он екі бүтін санның қосындысы түрінде келтіріп жазуға болады?

10 санның төрт тақ цифрдің қосындысы түрінде келтіруді неше тәсілмен орындауға болады?

6 санын тақ сан қосылғыштардың қосындысы түрінде неше тәсілмен келтіріп жазуға болады? (1,2,3 есептерде қосылғыштардың орындарымен ғана өзгешеленетін келтіруді беттескен, яғни бірдей деп есептейік)

Жеті теңгеден артық кез келген бүтін ақшаның 3 және 5 теңгемен төлеуге бола ма?

Ұзындығы 102 см сымды ұзындықтары 15 см және 12см болатындай бөліктерге бөлу керек, сонда қиындылар қалмайтын болсын. Осыны қалай орындауға болады? Есептің неше шешімі бар?

Үш таңбалы сан ойланған. Оның 543, 142 және 562 сандарының кез келгенімен разрядтарының бірі дәл келеді, ал қалған екеуі дәл келмейді. Қандай сан алынған?

а) 133; ә) 343; б) 13132 сандарының цифрларының орындарын алмастыру арқылы қанша әртүрлі сан алуға болады?

Шахмат турниріне 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнаған. Неше партия ойналған?

Шахмат турниріне қатысқан үш шахматшы барлығы 6 партия ойнаған. Әрқайсысы бірдей сан партия ойнаған. Қанша?
























Қызықты шаршылар

Суреттегі шаршылардың бос торкөздеріне сандарды таңдап қою керек.Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.

  1. 15 саны

1

6

5

4



  1. 4

    9

    5

    6

    39 саны

1

16

13

10


  1. 10

    25

    13


    18 саны

7

3

4

8

9

6


4. 60 саны

7

3

4





Логикалық жаттығулар

1.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата.Айжан мен Маржан-Асқар мен Мұраттың қыздары.Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса,бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

2.Үш ағайынды.

Арман,Аян,Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі сыныпта оқиды.Абзал Арманнан,ал Аян Абзалдан кіші емес.Бұл үйдің үлкені,ортаншысы,кішісі кім?

3. Қай сан жасырынып тұр?

2Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс

1Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс

1

-= - =

- =

4.Қай ауылдың балалары?

Әділет,Еркін,Ерлік үшеуі лагерьде кездесті.Бұлардың біреуі-Қосқұдықтан,екіншісі-Үштөбеден,үшіншісі-Көктөбеден келген.Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты,бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса,қай бала қай ауылдан келген?

5.Екі санды салыстыр.

Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс

Екі санның ұқсас белгілерін ата.

Екі санның бір-бірінен айырмашылығын ата.

6.Әкелерінің атын тап.

Мұрат,Жандос,Асхат бір сыныпта оқиды.Олар:Ораз,Ахмет, және Үсен деген кісілердің балалары.Егер Мұрат Ораздың,Жандос Ахметтің,Асхат Үсеннің баласы еместігі,Асхат пен Ахметтің бір үйде тұратыны белгілі болса,баланың әкесі кім?

7Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс.Таба білесің бе?

Мұнда 10 үшбұрыш,3 төртбұрыш бар.Оларды көрсет.

8.Айырмашылығы неде?

Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмысБалалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс


9.Олар қандай баға алды?

Әсем,Ардақ,Анар,үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда,мұғалім:

-Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар,бірақ әрқайсысыңның бағаң әр түрлі.Әсемнің бағасы «3» емес,ал Анардың бағасы «3» те «5» те емес деді.Сонда әркім қандай баға алған?

10.Қай баланың әкесінің мамандығы қандай?

Айша,Әсем,Жамал үшеуінің әкелері-дәрігер,мұғалім,ұшқыш.Айша мен Әсемнің ұшқыштың қызы еместігі және Әсем мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса,қыздардың әкелері кім?

11.Тақияның түсі қандай?

Ойын жүргізу үшін қызыл,көк,қара түсті үш тақия дайындалған.Ержан,Ермек,Самат үшеуі ойынға қатынасарда тақияларды таңдап киді. Ержан: «көк пен қараны кимейтіндігін», ал Ермек: «өзіне көк тақия жарасатынын», Самат таңдамай-ақ кие беретінін айтты.Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киді?

12.Кезекшілік.

Мұғалім тірі табиғат мүйісінде дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі күндері кезекшілік жасауға Ерлан,Нұрлан,Асхатты бөлді.

Ерлан: «Мен сәрсенбіде музыкамен айналысамын,сондықтан ол күні кезекші бола алмаймын»-деді.

Нұрлан: «Мен сейсенбіде қазақша күреспен айналысамын,сондықтан ол күні кезекші бола алмаймын»-деді.

Асхат: «Мен сейсенбіде кезекші болайын!»-деді.

Мұғалім балалардың тілегін орындады.Қай бала,қай күні кезекші болды?









Математикалық өлең есептер

«Барлығы қанша қарға?»

Келеді ұшып екі қарға,

Топ достарын ертіп талға

Болды елу әлгі жиын

Санағанда демей қиын

Болмаңыздар әбігер

Табылар ебі бәрі бір

Айтар есеп шартын кім,

Теңдеу құру тәртібін? (Жауабы: 2+х=50, х=48)

«Кетті бірге нешеуі?»

Кездесіп бір топ аңменен,

Болды отыз бас,малменен

Олар кетті достасып,

Үш түлкімен қоштасып.

Әуре болып құмар басқа

Күлкі болма зерек досқа.

Теңдеуді ойлап құрыңыз,

Сан қанша,айта тұрыңыз? (Жауабы: х+3=30, х=27)

Математикалық санамақ

«Бәрі қанша құс болды?»

Мынау да бір санамақ

Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктері

Аңдыпты қос кептерді

Шыңқылдаса көп қарға,

Үн қоспапты көп қарға

Секем ап,бір дауыстан

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым-тырақай қашыпты

Үш үкі үркіп ұшыпты

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ-топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап,

Бүйтіп,қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды? (Жауабы: 31 құс.)

Математикалық жұмбақтар

«Бұл не?»

Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар:

Ақ,қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар

Ханы үшін де,жаны үшін де

Бермейді олар намысын. (Шахмат.)

Бір көлден он екіден қаз ойнайды,

Алсам деп бірін-бірі наз ойлайды.

Келгенде жақындасып,қожаңдасып,

Бір-бірін алмасына еш қоймайды. (Дойбы.)

Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара. (Жыл, ай, тәулік, күн мен түн.)

Онсыз есеп болмайды,

Көбейтіп, бөле алмайсың.

Жатқа білсең ондайды.

Қатарыңнан қалмайсың. (Көбейту кестесі.)

Жүз төрт түйме,

Он төр ине. (Есеп шот.)

Бір нәрсе өзі елеусіз,өзі керек,

Басы жоқ,аяғы жоқ дөп-дөңгелек.

Жерінде басып кеткен із қалады,

Осыны тапшы,құрбым,болсаң зерек. (Дөңгелек.)

Дүниеде бір кісі бар қалмақ бетті,

Болса да қалмақ бетті әділетті.

Алдыңа тапқыш болсаң сала айтайын,

Көріпті қатын алмай қырық перзентті. (Таразы.)





Мақал-мәтелдер

Бесік баласы

Бес түлейді.

Алты жасар бала атқа мінсе,

Алпыстағы шал

Алдынан шығып атын ұстар.

Жақсы әке жаман балаға

Қырық жылдық ризық.

Білегі күшті бірді жығар,

Білімі күшті мыңды жығар.

Ер жігітке жетпіс өнер де аз.

Жеті рет піш,

Бір рет кес.

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

Елу жылда ел жаңа,

Жүз жылда қазан.

Тоқсан ауыз сөздің

Тобықтай түйіні бар.

Жүз теңге ақшаң болғанша,

Жүз жолдасың болсын.

Екі аяқтыда бөле тату,

Төрт аяқтыда бота тату.

Атты күнде мінсең-тулақ,

Аптада мінсең-қунақ,

Айында мінсең-ат,

Жылында мінсең-тұлпар.

Бір адам-самал,

Екі адам-амал,

Үш адам-жамал,

Төрт адам-қамал.

Жүзден біреу-шешен,

Мыңнан біреу-көсем.

Мыңның түсін танығанша,

Бірдің атын біл.

Беліңнің мықтысы бір басыңа,

Еліңнің мықтысы бір ғасырға.

Ел құлағы - елу.

Жерінен ауғанға,жеті жыл қоныс жоқ.

Ер қаруы бес қару.

Екі кеменің құйрығын,

Ұста,жетсе бұйрығың.

Бір еңбектің бір рахаты бар.

Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

Ақыл-мың оқудың басы.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ілім біл.

Ағайын - алтау,

Ана-біреу.

Бесік баласы бес түлейді.

Көз көрсе жүз ұялады.

Мақтанған тілге-мың бәле.

Көп күлген бір жылар.

Елу-ердің жасы,

Алпыс-ел ағасы.

Бас екеу болмай,

Мал екеу болмайды.

Жаңылтпаштар

Қырық қызыл құйрық,

Қырық қыл құйрық.

Қырық қыл құйрық ішінде

Ылғи қызыл қыл құйрық.

Қырық құрықтық

Сырық қырықтық.









Зеленобор мектеп-гиназиясы



Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс



Балалардың ой - өрісін ойын арқылы дамыту шығармашылық жұмыс









Зеленобор мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі:

А.Е.Султанова









Зеленый Бор

2013 жыл

© 2010-2022